01
октябрь
2025
«Қамқор» жобасы аясында «Қартқа бізден құрмет бар!» акциясы өтті
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы білім беретін мектеп – гимназиясында «Қарттар күніне» орай «Қамқор» жобасы аясында «Өзін-өзі басқару» ұйымы мен «Жас Ұлан» ұйымының белсенділері «Қартқа бізден құрмет бар!» акциямен Жылысбаева №107 тұрғыны 85 жастағы Тогаева Тойбала апамызды қарттар күнімен құттықтап қайтты. Ата-бабадан жалғасып келе жатқан қазақ халқының өнегелі қасиетінің бірі – қариясын құрметтеу. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деп бекер айтылмаса керек. Қазақ халқы қашанда қариясына ізет пен құрмет көрсеткен. Апамыз оқушыларымызға батасын беріп, ақ тілегін тіледі.
https://www.instagram.com/p/DPRAuTZDPBy/
https://www.instagram.com/p/DPRAuTZDPBy/
