03
декабрь
2025
Тарих және Орыс тілі әдебиеті пәндерінің айлығының ашылу салтанаты өтті.
Желтоқсан айының 2-сі күні Темірбек Қожакеев атындағы №39 жоббмг-да Тарих және Орыс тілі әдебиеті пәндерінің айлығының ашылу салтанаты өтті. Мектеп директоры Гүлжан Ержанқызы ашылу салтанатында сөз сөйлеп, айлықты ашық деп жариялады. Ашылу барысында білім алушылар әуезді ән мен мың бұралған биімен көрермендерді тәнті етті. Қызықты қойылымдар мен мәнерлі тақпақтар да айтылды. Айлық жоспары таныстырылып, оқушыларды белсенділікке шақырды. Іс – шара соңында қызықты ойын ұйымдастырылып, оқушылар сыйлықтармен марапатталды.
https://www.instagram.com/reel/DRx-M0ECLFm/?utm_source=ig_web_copy_link
https://www.instagram.com/reel/DRx-M0ECLFm/?utm_source=ig_web_copy_link