10
декабрь
2025
«Менің елім – Қазақстан» атты сурет байқауы өткізілді
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында Тәуелсіздік күніне орай «Менің елім – Қазақстан» атты сурет байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, патриоттық сезімін ояту, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру және тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін өнер арқылы таныту.
Шара барысында оқушылар өз қиялдары мен ел туралы көзқарастарын түрлі-түсті бояулар арқылы бейнелеп, Қазақстанның табиғатын, рәміздерін, тарихи орындарын және ұлттық құндылықтарын шығармашылық тұрғыдан көрсете білді. Ең үздік жұмыстар іріктеліп, аудандық кезеңге жолданды.