11
декабрь
2025
“Тарих пәніндегі цифрлық трансформация: ЖИ мүмкіндіктері» атты айлығының аясында, Қазақстан тарихы пәнінен 6 “В”сынып оқушыларымен “Түріктердің материалдық және рухани мәдениеті” тақырыбында ашық сабақ өтті.
2025 жылдың 11 желтоқсан күні Д.Т.Исакулова “Тарих пәніндегі цифрлық трансформация: ЖИ мүмкіндіктері» атты айлығының аясында, Қазақстан тарихы пәнінен 6 “В”сынып оқушыларымен “Түріктердің материалдық және рухани мәдениеті” тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында мұғалім оқытудың белсенді әдістерін, ЖИ платформаларын тиімді қолдана білді. Сабақта Kahoot және Wordwall платформалары арқылы оқушылардың білімін бекіту жұмыстары интерактивті түрде ұйымдастырылды. ЖИ көмегімен жасалған клондалған аватарлар тарихи тұлғалардың атынан ақпарат беріп, оқушылардың қызығушылығын арттырды. Сабақ барысында топтық және жұптық жұмыстар тиімді қолданылып, оқушылар түркі мәдениетінің ерекшеліктерін талдап, өзара ынтымақпен жұмыс жасады.
https://www.instagram.com/reel/DSKAGYPjOCC/?utm_source=ig_web_copy_link
https://www.instagram.com/reel/DSKAGYPjOCC/?utm_source=ig_web_copy_link