2022 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу туралы (наурыз) » СШГ №39 имени Темирбека Кожакеева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Темірбек қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-55-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2022 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу туралы (наурыз)
01
март
2022

2022 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу туралы (наурыз)

2022 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу туралы (наурыз)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы (бұдан әрі - Орталық) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және «Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына сәйкес:

- қалауы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына (бұдан әрі - ЖЖОКБҰ) ақылы негізде оқуға қабылдану үшін орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушыларына;

- ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілеріне;

- ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін мен шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдарға;

- ЖЖОКБҰ-ға күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылдау үшін ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған, ҰБТ нәтижелері жойылған, бейінді пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар тұлғаларды күнтізбелік жылы ақылы негізде одан әрі қабылдау үшін өткізіледі.

ҰБТ-ға қатысуға өтініштерді қабылдау 2022 жылғы 25 ақпан мен 10 наурыз аралығында онлайн-режимде Орталықтың сайты арқылы https://app.testcenter.kz/ сілтемесі бойынша жүргізіледі.

Тестілеушілер ҰБТ-ға тіркелу кезінде емтихан өтетін орынды, күнді және уақытты өз еркілері бойынша таңдайды.

Тестілеудің өтетін уақыты 2022 жылдың 1 - 31 наурыз аралығы.

Онлайн өтініш беруші тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатынан «жеке куәлігі» немесе «паспорты» болуы тиіс. Жасы 16-ға толмаған және жеке басын куәландыратын құжаты жоқ түсуші туу туралы куәлік пен өзі білім алатын орта білім беру ұйымының фотосуреті бар анықтамасын алуы тиіс.

Онлайн режимде өтініш беру рәсімі:
https://app.testcenter.kz/ сайтына кіреді;

өзінің электрондық поштасын көрсете отырып тіркеледі (пароль электрондық поштаға жіберіледі);

жүйе ішінде тестілеуге өтініш нысанын толтырады;

тестілеуге қатысу үшін ақы төлейді. Тестілеу құны – 4230 тенге.

Тестілеуге қатысу үшін төлемді келесі тәсілдермен жүзеге асыруға болады:

1) банк картасымен төлеу арқылы онлайн (банк картасымен төлеуді таңдаған кезде бағдарламада автоматты түрде төлем сайты ашылады);

2) Kaspi.kz-пен төлеу арқылы онлайн (Kaspi.kz-пен төлеуді таңдаған кезде тапсырыс нөмірін қалыптастырып, қосымша немесе Kaspi.kz сайты арқылы төлеу қажет);

Ескерту: Төлемді тапсырысты қалыптастырғаннан кейін 1 сағат (60 минут) ішінде жасамаған жағдайда, өтініш жойылады.

Похожие публикации:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив