26
февраль
2022
«Жігіт сұлтаны» байқауы өткізілді.
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында «Жас Ұлан» ұйымы мен «Өзін-өзі басқару» ұйымының ұйымдастыруымен 26 ақпан күні «Жігіт сұлтаны» байқауы өткізілді. Мақсаты: Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.Әр баланың бойындағы қабілеттерін : ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту. Байқау бес кезеңнен құралды.
І бөлім «Таныстырсам өзімді» таныстыру – 3 минут (қосымша слайд)
ІІ бөлім «Жігітке жеті өнерде аз...» өз өнері- 3 минут
ІІІ бөлім «Күш атасын танымас» кір тасын көтеру.
IV бөлім «Күшіңді көрсет ер жігіт» қол күрес
V бөлім «Көркіне ақылы сай» сұрақ-жауап (салт-дәстүрге байланысты) бойынша тапсырмалар берілді.
Жігіттер өз өнерлері мен күштерін шебер көрсете білді. Байқауға қатысып, ең үздік, оза шапқан, сері жігіт анықталды. Бас жүлдені - 9 «а» сынып оқушысы Серікбай Ислам, 1 орынды 9 «г» сынып оқушысы Торалы Дастан, 2 орынды Жабайұлы Жамбыл иеленді. Болашақта жігіттеріміз биік белестерді бағындыра берулеріне шын жүректен тілектеспіз.