19
ноябрь
2021
«Ата-ананың балаға көз қарасы» тақырыбында сауалнама жүргізілді.
16-19.11.2021 оқу жылы Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гиназиясының психологтары: Талпакова А.С, Асубаева Г.А, Ахметова Э.А. 1-4, 5-11 сынып оқушыларының ата-аналарынан «Ата-ананың балаға көз қарасы» тақырыбында сауалнама алды.
Мақсаты: ата-ананың балаға деген көзқарасын анықтау. Сауалнама қорытындысы бойынша ата-аналар толығымен барлық сұрақтарға жауап берді. Баламның жақсы білім алуы үшін мұғалімдермен тығыз қарым-қатынаста болып, сабағын қадағалайтындықтары және сынып жетекшісімен қарым-қатынаста болу керек екендіктері айтылды.