09
март
2022
"Математикалық білім беруді дамыту: бүгіні мен болашағы"
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыруымен "Математикалық білім беруді дамыту: бүгіні мен болашағы" тақырыбында математика пәнінің мұғалімдеріне облыстық дөңгелек үстел өткізілді. Кәсіби біліктілігі жоғары педагогтердің әлеуетін "Математика" пәнін оқытудың өзекті мәселелерін шешуге және білім сапасын арттырудың ұтымды жолдарын айқындауға жұмылдыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға Темірбек Қожакеев атындағы №39жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясының математика пәні мұғалімі Айнаева Фаузия Имангабасовна қатысты.