14
март
2022
Әдістемелік көмек берілді.
2022 жылдың 5 қаңтар күні Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясының педагогикалық кеңесінің күн тәртібінде қаралған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 561 бұйрығы бойынша, педагог қызметкерлерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы жаңа ережемен директордың ғылыми – әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Киргизбаева В.А. мектеп ұжымын таныстырды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 561 бұйрығы бойынша, педагогтерді мен білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы 2016 жылғы 27 қаңтарда шыққан № 83 бұйрыққа өзгерістер енгізілді. Соның ішінде көпшіліктің назарын аударған жаңашылдықтың бірі – педагогтердің аттестаттау кезінде эссе жазуы.
Енді педагог Ұлттық біліктілік тестін тапсырғаннан кейін эссе жазуға тиіс. Ол үшін 30 минут беріледі. Эсседе 250-300 сөз қолданылуы керек. Жыл сайын эссе тақырыбын білім беру саласындағы уәкілетті орган анықтайды. Жазылған эссе педагогтің testcenter.kz-тегі жеке кабинетіне жолданады.
Сонымен қатар тестке қойылатын талаптар күшейтіліп, шекті балдар өсті. Мысалы, биылдан бастап педагог-модератор (орта білім) педагогика бойынша 30-дан 12, пән бойынша 70-тен 42; педагог-сарапшы – 30-дан 15, 70-тен 49; педагог-зерттеуші – 30-дан 18, 70-тен 56; педагог-шебер – 30-дан 21, пән бойынша 70-тен 63 бал жинауы тиіс.
Шекті бал жинай алмаған қалған жағдайда, тестті қайта тапсыруға жылына бір ғана мүмкіндік беріледі.