Тлеубердиева Гульжан Ержановна
Тлеубердиева Гульжан Ержановна – Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының директоры
Тлеубердиева Гульжан Ержановна – 1968 жылы 31 қазанда Жамбыл облысы, Қордай ауданында дүниеге келді. Еңбек жолын 1988 жылдан Жамбыл облысы Меркі ауданындағы №28 орта мектептен бастап, 1991-1999 жылдар арасында Жамбыл облысы Меркі ауданының Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында математика пәні мұғалімі болып қызметін атқарды. 1999 жылы аталған мектеп-гимназиясында директордың оқу ісі-жөніндегі орынбасары қызметін, 2002 жыл мен 2010 жыл аралығында Меркі ауданында №48 орта мектебінде директор, 2010-2022 жылдар аралығында Меркі ауданындағы Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында директор, 2022 жылдың тамыз айынан бастап Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының директоры қызметін атқаруда. Тлеубердиева Гульжан Ержановна - ұзақ жылдар бойы ұстаздық етуден жалықпай, бойындағы қажыр-қайратын шәкірттерге білім мен тәрбие беру жолына арнап келе жатқан ұлағатты ұстаз, жоғары білімді маман, білікті басшы. Соңғы бес жыл аралығында Гульжан Ержановна басқарған мектеп ұжымы үлкен жетістіктерге жетті. 1 оқушы халықаралық, 13 оқушы республикалық, 34 оқушы облыстық олимпиадалар мен ғылыми жобаларында жеңімпаз атанды. Атап айтқанда, мектеп 2011 жылы өткен облыстық «Жылдың үздік мектебі» байқауында І орынды иеленіп, жеңімпаз атанды, «Газель» автокөлігіне ие болды.
2013 жылы орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бектіғұлова Н.М республикалық «Үздік педагог» байқауының жеңімпазы атанып, 1.731.000 теңгенің сертификатын иеленді, 2016 жылы 10-сынып оқушысы Маликұлы Нұртілеу республикалық «Ақберен» байқауында көркемсөз оқудан ІІ орынды, 2018 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Иманбекова Л.Ж республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауында І орынды, 2017 жылы 10-сынып оқушысы Қ.Мырзакир Оңтүстік Кореяда өткен халықаралық ғылыми жоба байқауында ІІІ орынды, 2018 жылы 10-сынып оқушысы Жетпіс Мадина республикалық Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі олимпиадасында ІІІ орынды, 2018 жылы 10-сынып оқушысы Жексенбі Ринат республикалық «Әбіш оқулары» байқауында көркемсөз оқудан ІІІ орынды, 2018 жылы 11-сынып оқушысы Каримова Саера республикалық пәндер олимпиадасында орыс тілі пәнінен ІІ орынды, 2019 жылы 11-сынып оқушысы Тапалов Димаш республикалық пәндер олимпиадасында орыс тілі пәнінен ІІ орынды, 2018 жылы 11-сынып оқушысы Қадірқұлова Жанель республикалық «Ғылыми жоба» байқауында І орынды, 2019 жылы орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қаймалақова Н.У республикалық «Педагогикалық идеялар» байқауында І орынды,
2019 жылы 11-сынып оқушысы Жексенбі Ринат республикалық «Ақберен» байқауында көркемсөз оқудан ІІ орынды, 2020 жылы орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қаймалақова Н.У республикалық «Үздік педагог» байқауының жеңімпазы атанып, 2.778.000 теңгенің сертификатын, 2021 жылы 10-сынып оқушысы К.Ярных республикалық пәндер олимпиадасында орыс тілі пәнінен І орынды иеленді. Мектеп республикалық «100 үздік олимпиадалық мектеп» атанды. 2021 жылы мектеп облыстық «Үздік инновациялық мектеп» атағына ие болып, 1 миллион теңгенің сертификатына ие болды. Мектеп директоры ретінде мұғалімдердің іс-тәжірибесіне оқытудың жаңа технологияларын енгізуді талап етеді. Тәжірибелі басшы аудандық, облыстық семинарларда мазмұнды баяндамалар жасап, әріптестерімен өзінің көп жылдық іс-тәжірибесімен ой бөлісіп отырады. Гүлжан Ержанқызы алдына маңызды мақсат қойып, сол мақсатқа жетудің тиімді жолдарын іздейді. Осындай тынымсыз еңбегінің арқасында педагогикалық қызметінде үлкен жетістіктерге қол жеткізіп жүр. №17 И.И.Трубицын атындағы орта мектеп-гимназиясы - «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының тәжірибесін тарататын базалық мектептің жұмысын жалғастыру бойынша эксперименттік, электронды оқыту мектебі. 2019 жылы мектептің іс-тәжірибесі облыс көлемінде «Басқару жүйесін нәтижеге бағыттауда мектеп басшысының моделі мен тәжірибесі» тақырыбында таратылды.
Гульжан Ержановна 2014-2015,2015-2016,2016-2017 оқу жылдарының «Үздік жұмыс берушісі». Мектеп облыстық «Үздік мектеп сайты», «АКТ-ны қолданатын ең үздік ауылдық мектеп» байқауларының жүлдегері. Халықаралық ядроға қарсы «Семей-Невада» қозғалысының іс-әрекетіне белсене қатысқаны үшін, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Заманауи мектеп: ізденіс, тәжірибе, болашағы» тақырыбындағы облыстық ғылыми практикалық конференциясында өзінің іс-тәжірибесімен бөліскені үшін құрмет грамоталарымен, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының құрмет грамотасымен, республикалық «Балапан» телеарнасының, «Ғұмырдария» байқауының, облыстық «Зерде» логикалық олимпиадасында мектеп оқушыларының үздік білім көрсеткені үшін алғыс хаттарға ие болды. Бірнеше мәрте аудандық, облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен, Жамбыл облысы Әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Үздік басшы ретінде «Дарынды балалар - Қазақстанның болашағы», «ҚР білім берудің үздік қызметкерлері» атты республикалық жинаққа енді.
Тлеубердиева Гульжан Ержановна- өз мамандығына жауапкершілігі мол, пәнін теориялық және әдістемелік тұрғыдан жақсы меңгерген ұстаз.
Шәкірттері - облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі зияткерлік конкурстар мен олимпиадалардың жүлдегерлері. 2014 жыл А.Амангелді «Зерде» логикалық олимпиадасында ІІІ орынға, 2016 жыл Қ.Есбер халықаралық «Nalanda 2016» олимпиадасында жүлделі орынға
2017 жыл Т.Жұмабек оқушылардың облыстық олимпиадасында ІІІ орынға
2019 жыл Т.Горькийқызы, Д.Серикхан, А.Темиргали, А.Алипбаева «Ақ бота» интеллектуалдық марафонында жүлделі І, ІІ, ІІІ орындарға, А.Мухтархан республикалық «Ғылым көкжиегі-2019» ғылыми жобалар байқауында ІІ орынға, Қ.Құсанбай, А.Демеубаев, Н.Карибай, Р.Тлебалдиева республикалық дәстүрлі интернет олимпиадада І орындарға ие болды.
Гульжан Ержановна -жауапкершілігі мол, жаңашыл, ізденімпаз ұстаз, әріптестерімен, оқушылармен, ата-аналармен тығыз байланыс жасай отырып, жасөспірімдерді білім мазмұнымен сусындатып, отансүйгіштікке, адамгершілдікке тәрбиелеу басты мақсаты.
2010 жылы Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен
2015 жылы 3 желтоқсандағы Жарлық бойынша«Ерен еңбегі үшін» медалімен
2018 жылы «Облысқа еңбек сіңіргені үшін» белгісімен
2018 жылы 10 желтоқсан №261 «10 жыл Астана» медалімен
2011 жылы 10 қараша «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен
2016 жыл 29 қараша «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен
2015 жылы 5 тамыз «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» медалімен «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» медалімен
2011 жыл 29 қыркүйек «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен,
2017 жыл 25 қыркүйек Ы.Алтынсарин төсбелгісімен, ,
Республикалық Білім және ғылым қызметкелерінің кәсіподағының «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен наградталған.
Адамгершілігі мол, тәжірибелі ұстаз, өз әріптестерінің арасында зор беделге ие.