Мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары » СШГ №39 имени Темирбека Кожакеева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Темірбек қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-55-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары
01
октябрь
2020

Мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары

"Экстернат нысанында оқыту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 61 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 225 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 мамырда № 20777 болып тіркелді
       "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
       1. "Экстернат нысанында оқыту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 61 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13110 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 24 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
       бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Экстернат нысанында оқыту және "Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы";
       1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қоса берілген Экстернат нысанында оқыту және "Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары бекітілсін.";
       көрсетілген бұйрықпен бекітілген Экстернат нысанында оқыту қағидаларында:
       атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Экстернат нысанында оқыту және "Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары";
       1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
       "1. Осы Экстернат нысанында оқыту және "Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 46-10) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес әзірленді және экстернат нысанында оқыту мен негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібін айқындайды.";
       10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "10. Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға өтініштерді қабылдау және оған рұқсат беру осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес бекітілген "Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес ресімделеді.
       11-тармақ алынып тасталынсын.
      мынадай мазмұндағы 3-тараумен толықтырылсын:
      "3-тарау. Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
      20. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырылады.
      Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы Қағидаларға 1-қосымшаның 8-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде процестің сипаттамасы, нысаны, мазмұны және ұсыну нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де ақпараттар Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілген.
      21. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және оны көрсетілетін қызметті берушіге қарауға жолдайды.
       Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
      22. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші аталған мерзімде көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап жолдайды.
      23. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды толық ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші тиісті білім беру ұйымына сұрату жібереді және көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мәліметтер туралы жауап алады - 6 жұмыс күні ішінде.
      Тиісті білім беру ұйымынан мәліметтерді алғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың мазмұнын қарайды, экстернат нысанында оқуға рұқсат беру туралы бұйрықты дайындайды және басшымен келіседі.
      24. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі порталға жолданады және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электронды цифрлы қолы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында сақталады.
       25. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.".
      мынадай мазмұндағы 4-тараумен толықтырылсын:
      "4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
      26. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
       27. Көрсетілетін қызметті тікелей берушінің мекен жайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабының 2) тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      28. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      29. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.";
       осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес 1, 2, 3 және 4 қосымшалармен толықтырылсын.
       2. Осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 Қазақстан Республикасының
 Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов

Қазақстан Республикасы
 Білім және ғылым министрінің
 2020 жылғы 29 мамырдағы
 № 225 бұйрығына
 қосымша 1

Экстернат нысанында оқыту
 және "Негізгі орта, жалпы орта
 білім беру ұйымдарында
 экстернат нысанында оқуға
 рұқсат беру" мемлекеттік
 көрсетілетін қызмет
 қағидаларына 1-қосымша
"Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1Көрсетілетін қызметті берушінің атауыНұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші)
2Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдеріӨтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
3Мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміҚызмет көрсету мерзімі- 10 жұмыс күні.
4Мемлекеттік қызмет көрсету нысаныэлектрондық (толық автоматтандырылған)
5Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесіҚағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру туралы бұйрықтың көшірмесі болып табылады немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайлар негізінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту болып табылады.
 Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электронды.

6Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдеріТегін
7Жұмыс кестесі1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда дүйсенбіден жұмаға дейін 13.00-ден 14.30-дейінгі түскі үзіліспен белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес;
 2) портал - жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болған техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінде жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
 1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
 2) порталда www.egov.kz.

8Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық сұрату нысанындағы өтініші;
  2) денсаулығына байланысты білім беру ұйымдарына бара алмайтын білім алушылар үшін - "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) 035-1/у нысанында дәрігерлік-консультативтік комиссияның электронды қорытындысы;
 3) барлық білім алу кезеңі аралығында оқытылған пәндер бойынша "4" және "5" деген бағалар алған білім алушыларға - электронды үлгерім табелі;
 4) білім алушы ата-анасымен немесе оларды алмастыратын адамдармен бірге шетелге көшкен жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың уақытша шетелде тұратындығы туралы электронды анықтамасы;
 5) білім алушы шетелге ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың жетегінсіз шығатын болса, көрсетілетін қызметті алушының шетелде оқитындығын растайтын электронды құжаты.

9Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер1) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар пакетін толық ұсынбауы;
 2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарының дұрыс еместігі анықталғанда.

10Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптарКөрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
 Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде көрсетілетін қызметті алушының анықтамалық қызметі, Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
 Анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.edu.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет" бөлімінде, 8-800-080-7777, 1414 бірыңғай байланыс орталығында орналастырылған.


Қазақстан Республикасы
 Білім және ғылым министрінің
 2020 жылғы 29 мамырдағы
 № 225 бұйрығына
 қосымша 2

Экстернат нысанында оқыту
 және "Негізгі орта, жалпы орта
 білім беру ұйымдарында
 экстернат нысанында оқуға
 рұқсат беру" мемлекеттік
 көрсетілетін қызмет
 қағидаларына 2-қосымша

Нысан







 Өтінішті қараудан бас тарту туралы хабарлама Хабарландырылады
      ________________________________________________________________________________
       (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) 
      ________________________________________________________________________________
       экстернат нысанында оқуға рұқсат беру туралы өтінішті қарау кезінде міндеттілігі 
       9-баппен айқындалған мынадай құжаттардың: 
       _______________________________________________________________________________, 
       (негіздемесін көрсету) 
       жоқтығы және/немесе жалғандығы анықталды, осыған байланысты экстернат нысанында 
       оқуға рұқсат беру туралы өтінішті қараудан бас тартылды. 
      ________________________________________________________________________________
       (өтінішті қараудан бас тарту үшін жауапкершілікті өзіне алған ұйымның атауы мен 
       мекенжайы) 
       Экстернат нысанында оқуға рұқсат беру туралы өтінішті қараудан бас тарту 
       туралы шешімнің тіркеу нөмірі және күні: 
       № _____________________ "____" _____________________ 20 __ж. 
       _____________________ _________________________________ 
       (лауазымы)                  (инициалдары, фамилиясы)
      Жауапты тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы

Қазақстан Республикасы
 Білім және ғылым министрінің
 2020 жылғы 29 мамырдағы
 № 225 бұйрығына
 қосымша 3

Экстернат нысанында оқыту
 және "Негізгі орта, жалпы орта
 білім беру ұйымдарында
 экстернат нысанында оқуға
 рұқсат беру" мемлекеттік
 көрсетілетін қызмет
 қағидаларына 3-қосымша

Нысан
 Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру туралы бұйрықтан үзінді
       Дербес нөмір: _______ 
       Алған уақыты мен күні: _____________________ 
      ________________________________________________________________________________
       (жергілікті атқарушы органның атауы)
       Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында 
      оқытуға рұқсат беру туралы бұйрықтан
      ҮЗІНДІ
       Азамат (-ша): ________________________________________________ (көрсетілетін қызметті 
       алушының Т.А.Ә. (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі) 
       Өтініш берген күні: _______________________ 
       _______ жылғы __ _______ бұйрықтың негізінде негізгі орта, жалпы орта білім беру 
       ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру туралы бұйрықтан үзінді. 
      ________________________________________________________________________________
       (жауапты тұлғаның Т.А.Ә.(бар болса), лауазымы)
      Жауапты тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы

Қазақстан Республикасы
 Білім және ғылым министрінің
 2020 жылғы 29 мамырдағы
 № 225 бұйрығына
 қосымша 4

Экстернат нысанында оқыту
 және "Негізгі орта, жалпы орта
 білім беру ұйымдарында
 экстернат нысанында оқуға
 рұқсат беру" мемлекеттік
 көрсетілетін қызмет
 қағидаларына 4-қосымша

Кімге:______________________
 басшысы
 Жергілікті атқарушы органның
 атауы
 Кімнен: _____________________
 ____________________________
 Т.А.Ә. (бар болса) және толық
 жеке сәйкестендіру нөмірі/

Нысан
 Экстернат нысанында оқытуға рұқсат беруге өтініш
       "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 
       2-тармағы 24-4) тармақшасына (6-бап, 3-тармақ, 25-7) тармақшасына немесе 6-бап, 4-тармақ, 
       21-3) тармақшасына), сондай-ақ "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 
       15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағына сәйкес 
      ________________________________________________________________________________
       оқушының Т.А.Ә. (бар болса), туған күні 
      ________________________________________________________________________________
       (білім беру ұйымының атауын, сыныбын көрсету)
       білім беру ұйымында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беруді сұраймын. 
       "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан 
       Республикасының Заңымен қорғалатын ақпараттық жүйелердегі құпия мәліметтерді 
       пайдалануға келісемін. 
       "_____" ____________ 20___ ж. 
      Мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы

Қазақстан Республикасы
 Білім және ғылым министрінің
 2020 жылғы 29 мамырдағы
 № 225 бұйрығына
 қосымша 5
 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
       1) "Орта білім беру саласында жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығының 1-тармағының 2) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11057 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 мамырда Қазақстан Республикасы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
       2) "Орта білім беру саласында жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 658 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12816 болып тіркелген, 2016 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
       3) "Орта білім беру саласында жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 68 бұйрығының 1-тармағының 1) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13346 болып тіркелген, 2016 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
       4) "Орта білім беру саласында жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 25 қаңтардағы № 28 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13346 болып тіркелген, 2018 жылғы 20 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) қырқыншы, қырық бірінші, қырық екінші, қырық үшінші, қырық төртінші, қырық бесінші, қырық алтыншы, қырық жетінші, қырық сегізінші, қырық тоғызыншы, елуінші, елу бірінші, елу екінші, елу үшінші, елу төртінші, елу бесінші, елу алтыншы, елу жетінші, елу сегізінші, елу тоғызыншы, алпысыншы, алпыс бірінші абзацтары.

 
 
 
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив