"Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды т » СШГ №39 имени Темирбека Кожакеева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Темірбек қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-55-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды т
26
август
2021

"Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды т

"Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 235 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 8 маусымда № 20837 болып тіркелді

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17948 болып тіркелген,"Әділет" Қазақстан Республикасы ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2018 жылғы 25 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
 Білім және ғылым министрі

А. Аймагамбетов



Қазақстан Республикасы
 Білім және ғылым министрінің
 2020 жылғы 8 маусымдағы
 № 235 бұйрығына
 қосымша













Қазақстан Республикасы
 Білім және ғылым министрінің
 2018 жылғы 31 қазандағы
 № 598 бұйрығымен
 бекітілген

Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу тәртібін белгілейді.

      2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) әлеуетті өнім беруші - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкер, заңды тұлға (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда);

      2) бірыңғай ұйымдастырушы - Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдігі немесе аудан, қала, қаладағы аудан әкімдігі айқындаған, орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауды жүзеге асыратын заңды тұлға;

      3) конкурстық құжаттама - конкурсқа қатысуға өтінімді дайындау үшін конкурсты ұйымдастырушы, конкурсты бірыңғай ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге ұсынатын және конкурсты өткізу шарттары мен тәртібін қамтитын құжаттар;

      4) конкурсты ұйымдастырушы (тапсырыс беруші):

      орта білім беру ұйымдарында - орта білім беру ұйымы, орта білім беру ұйымы бухгалтерлік есепті өз бетінше жүргізбеген жағдайда білім беруді басқару органы немесе орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың тамақтануын ұйымдастыру"Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заң) сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу арқылы жүзеге асырылған жағдайда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы не облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша басқа орган;

      мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында - мектепке дейінгі білім беру ұйымы, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымы бухгалтерлік есепті өз бетінше жүргізбеген жағдайда, мектепке дейінгі білім беру ұйымы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымы немесе білім беруді басқару органы;

      5) Қазақстан Республикасының резиденттері - шет мемлекетте тұрақты тұру құқығына осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген құжаты бар азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде шетелде уақытша жүрген немесе одан тыс жерлерде мемлекеттік қызметте жүрген азаматтары;

      Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына құжаты бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, оның аумағында орналасқан заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде орналасқан олардың филиалдары мен өкілдіктері;

      Қазақстан республикасының одан тыс жерлердегі дипломатиялық, сауда және өзге де ресми өкілдіктері;

      6) қаржы жылы - ағымдағы жылғы 1 қаңтарда басталып, 31 желтоқсанда аяқталатын уақыт аралығы;

      7) көрсетілетін қызметті берушіні таңдау өлшемшарттары - әлеуетті өнім берушінің қызмет көрсетуі бойынша мүмкіндіктері мен жағдайларын бағалау негізінде жасалатын белгілер;

      8) құжаттың электронды көшірмесі - түпнұсқа құжаттың түрі мен ақпаратын (деректерін) электрондық-цифрлық нысанда толық күйге келтіретін,өтініш берушінің немесе осы құжатты куәландыруға өкілеттігі бар тұлғаның не мемлекеттік қызметті алушы жеке өзі қатысқан кезде берген жазбаша келісімінің негізінде халыққа қызмет көрсету орталығының уәкілетті қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған құжат;

      9) мемлекеттік-жекешелік әріптестік - мемлекеттік әріптес және жекешелік әріптес арасындағы "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" заңда (бұдан әрі - Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заң) айқындалған белгілерге сәйкес келетін ынтымақтастық нысаны;

      10) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты - мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты тараптарының құқықтарын, мiндеттерi мен жауапкершiлiгiн, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының өзге де талаптарын айқындайтын жазбаша келiсiм;

      11) мемлекеттік сатып алу веб-порталы (бұдан әрі - веб-портал) - мемлекеттік органның сатып алудың электронды қызметтеріне бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын ақпараттық жүйесі;

      12) орта білім беру ұйымы - бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;

      13) отандық қызмет көрсетушілерді, тауар өндірушілерді қолдау - 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 17-бабының 1-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметтердің, тауарлардың отандық өндірісін дамытуды ынталандыру үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі шаралар;

      14) өнім беруші - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, қызмет көрсету немесе тауарларды жеткізу туралы шарт жасасқан заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда);

      15) сатып алудың сәйкестендіру коды - сатып алудың барлық кезеңдері туралы ақпарат қамтылған әрбір сатып алуға (лотқа) берілетін сәйкестендіру нөмірі.

2-тарау. Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру тәртібі

      3. Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру:

      1) конкурстық негізде білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды сатып алу арқылы жүзеге асырылады;

      2) мектеп асханасының жабдығы болмаған және/немесе тозған жағдайда жаңа жабдыққа ауыстыру мақсатында орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңға және осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады;

      3) орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету жолымен жүзеге асырылады.

1-параграф. Конкурстық негізде білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды сатып алу

      4. Конкурстық негізде білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды сатып алу мынадай дәйекті іс-қимылдарды орындауды көздейді:

      1) қызметті немесе тауарларды сатып алу жоспарын әзірлеу және бекіту, конкурсты конкурсты ұйымдастырушы, конкурсты бірыңғай ұйымдастырушы өткізген жағдайда, Тапсырыс берушінің веб-портал арқылы конкурсты ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау үшін қызметтерді, тауарларды сатып алудың жылдық жоспарының (қызметтерді, тауарларды сатып алудың алдын ала жылдық жоспарының) тармақтарын жіберуі;

      2) конкурстық комиссияның құрамын, байқаушыларды қалыптастыру және бекіту, конкурсты ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы өткізген жағдайда, конкурстық комиссияның құрамына тапсырыс берушінің қызметкерлерін енгізу міндетті емес;

      3) конкурстық құжаттаманы бекіту;

      4) өнім берушіні таңдау рәсімін жүзеге асыру туралы хабарландыруды, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың мәтінін веб-порталда орналастыру;

      5) әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерді электрондық құжат нысанында ұсынуы және оларды веб-порталда автоматты түрде тіркеуі;

      6) өтінімдерді автоматты түрде ашу және тиісті ашу хаттамасын веб-порталда орналастыру;

      7) конкурстық комиссияның веб-портал арқылы әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін олардың біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарауы;

      8) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтау және оларды конкурсқа қатысушылар деп тану;

      9) конкурс жеңімпазын, сондай-ақ екінші орын алған әлеуетті өнім берушіні анықтау және сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы веб-порталда орналастыру;

      10) конкурс қорытындылары туралы хаттама негізінде тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының жеңімпазбен шарт жасасуы.

      5. Қызметті немесе тауарларды сатып алуды ұйымдастырушының немесе тапсырыс берушінің қызметті немесе тауарларды сатып алудың бекітілген жоспары негізінде конкурсты ұйымдастырушы не бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асырады.

      6. Тиісті бюджет негізінде тапсырыс беруші немесе, егер тапсырыс беруші мен конкурсты ұйымдастырушы бір тұлға болған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы тиісті бюджет бекітілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметтерге немесе тауарларға қажеттілік негізінде қаржы жылына арналған көрсетілетін қызметтерді немесе тауарларды сатып алу жоспарын әзірлейді және бекітеді.

      Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен тамақпен қамтамасыз етілетін білім алушылар болмаған жағдайда тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді немесе тауарларды сатып алу жоспарында бюджет қаражаты көрсетілмейді және әлеуетті өнім берушінің және (немесе) өнім берушінің өтінімді қамтамасыз етуі, шартты орындауы енгізілмейді.

      7. Тапсырыс беруші немесе, егер Тапсырыс беруші мен конкурсты ұйымдастырушы бір тұлға болған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы қызметті немесе тауарларды сатып алу жоспары бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны веб-порталда орналастырады.

      Тапсырыс беруші ұйымдастырушыға, бірыңғай ұйымдастырушыға конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін ақпарат пен құжаттарды ұсынады.

      8. Қызметтерді немесе тауарларды сатып алу жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу тапсырыс берушінің немесе, егер тапсырыс беруші мен конкурсты ұйымдастырушы бір тұлға болған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушының бюджетіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда жүзеге асырылады.

      Тапсырыс беруші немесе, егер тапсырыс беруші мен конкурсты ұйымдастырушы бір тұлға болған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы қызметтерді немесе тауарларды сатып алу жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды веб-порталда орналастырады.

      9. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау үшін ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы конкурстық комиссияны бекітеді және конкурстық комиссияның хатшысын айқындайды.

      10. Конкурстық комиссия құру және конкурстық комиссияның хатшысын айқындау туралы шешімді ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға қабылдайды.

      11. Конкурстық комиссия конкурсты ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының бұйрығымен құрылады және комиссия мүшелерінің тақ санынан, бірақ кемінде бес адамнан тұрады.

      Конкурстық комиссияның мүшелері өтінімдерді қарайды және комиссияның жоқ мүшелерін ауыстырусыз дауыс беруге қатысады..

      12. Конкурсты ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы конкурстық комиссияның құрамына келісім бойынша веб-порталда тіркелген жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің өкілдерін енгізеді.

      13. Конкурстық комиссияның төрағасы болып ұйымдастырушының,бірыңғай ұйымдастырушының бірінші басшысының орынбасарынан, не бірінші басшының немесе оның орынбасарының міндетін атқарушы тұлғадан төмен емес лауазымды адам айқындалады.

      Конкурстық комиссияның төрағасы болмаған жағдайда конкурстық комиссия төрағасының кандидатурасы қайта бекітіледі. Бұл ретте, конкурстық комиссияның төрағасы болып бірінші басшының орынбасарынан төмен емес лауазымды адам, ал ол болмаған жағдайда бірінші басшы айқындалады.

      14. Конкурстық комиссияның төрағасы конкурстық комиссияның қызметіне жетекшілік жасайды және осы Қағидаларда көзделген функцияларды жүзеге асырады.

      15. Конкурстық комиссия оны құру туралы шешім күшіне енген күннен бастап әрекет етеді және шарт жасалған күні өз қызметін тоқтатады.

      16. Конкурстық комиссияның отырысы, егер оған ауыстыру құқығынсыз конкурстық комиссия мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып табылады. Конкурстық комиссия мүшелерінің бірі болмаған жағдайда, конкурстық комиссия отырысының хаттамасында оның болмау себебі көрсетіледі.

      17. Конкурстық комиссияның ұйымдастырушылық қызметін конкурстық комиссияның хатшысы қамтамасыз етеді. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссияның мүшесі болып табылмайды және конкурстық комиссия шешімдер қабылдаған кезде дауыс беруге қатыспайды.

      Конкурстық комиссияның хатшысы конкурсты ұйымдастыруға және өткізуге жауапты конкурсты ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы болып табылатын органның немесе ұйымның лауазымды тұлғаларының қатарынан айқындалады.

      18. Конкурстық комиссияның хатшысы:

      1) конкурстық құжаттаманы қалыптастырады және веб-порталда орналастырады;

      2) веб-порталда конкурс өткізу туралы хабарландыруды, конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу хаттамасын, конкурс қорытындылары туралы хаттаманы, сондай-ақ болған жағдайда басқа да құжаттарды орналастырады;

      3) осы Қағидаларда көзделген функцияларды жүзеге асырады.

      19. Конкурстық комиссияның отырыстарында конкурсты ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы кемінде екі адамды құрайтын байқаушылардың қатысуын қамтамасыз етеді. Байқаушылардың құрамына конкурсты ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы балалардың құқықтарын қорғау саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың (келісім бойынша), саяси партиялардың (келісім бойынша), мектептердің қамқоршылық кеңестерінің (болған жағдайда), ата-аналар қоғамдастығының өкілдерін енгізеді.

      Мынадай:

      1) конкурс нәтижелеріне мүдделі;

      2) конкурсты ұйымдастырушымен, бірыңғай ұйымдастырушымен не әлеуетті өнім берушілермен не конкурсты ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының, әлеуетті өнім берушінің аффилирленген тұлғаларымен еңбек қатынастары бойынша байланысты;

      3) конкурсты ұйымдастырушының жақын туысы, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаты болып табылатын адамдар байқаушы бола алмайды

      20. Байқаушылар конкурстық комиссияның мүшелері болып табылмайды және конкурстық комиссия шешімдер қабылдаған кезде дауыс беруге қатыспайды.

      Байқаушылар конкурстық комиссияның жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасамайды, әлеуетті өнім берушілердің дербес деректеріне, әлеуетті өнім берушілер қатысатын конкурстық рәсімдерге қатысты мәліметтерді жария етпейді, техникалық жазба құралдарын пайдаланбайды.

      21. Байқаушылардың конкурстық комиссияның жұмысы туралы пікірі конкурс қорытындылары бойынша жазбаша нысанда қалыптастырылады, оны хатшы конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қосып веб-порталда орналастырады, сондай-ақ байқаушылар оны конкурсты ұйымдастырушыға, бірыңғай ұйымдастырушыға, сондай-ақ конкурсты ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының жоғары тұрған органына конкурстың кез келген кезеңінде ұсына алады.

      22. Конкурсты ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Өнім берушіні таңдау жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамаға (бұдан әрі - Үлгілік конкурстық құжаттама) сәйкес конкурстық құжаттаманы әзірлейді және бекітеді, ол мыналарды қамтиды:

      1) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушылар санаттарының тізбесі, тауарларды жеткізушіні таңдау кезінде - Үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынатын тауарлардың тізбесі;

      2) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3-қосымшаға сәйкес өнім берушіні таңдау бойынша конкурстық құжаттамаға техникалық тапсырма.

      Қызметті жеткізушіні таңдау кезінде өнім берушіні таңдау бойынша конкурстық құжаттаманың техникалық тапсырмасына тағамдарды, сондай-ақ білім алушылардың жасына байланысты "Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысымен бекітілген нормаларға сәйкес келетін граммен есептелетін тағам порциясының массасын көрсете отырып, білім беру органы бекіткен перспективалық мәзір қоса беріледі.

      3) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 45-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер үшін конкурсқа қатысуға өтінім;

      4) мына есеппен:

      - 150-ге дейін білім алушысы бар білім беру ұйымдарында - кемінде 1 аспаз, 1 ас үй жұмысшысы;

      - 151-ден 350-ге дейін білім алушысы бар білім беру ұйымдарында - кемінде 1 аспаз, 2 ас үй жұмысшысы;

      - 351-дан 650-ге дейін білім алушысы бар білім беру ұйымдарында - кемінде 1 аспаз, 3 ас үй жұмысшысы;

      - 651-ден 1500-ге дейін білім алушысы бар білім беру ұйымдарында - кемінде 3 аспаз, 4 ас үй жұмысшысы;

      - 1501-ден 2500-ге дейін білім алушысы бар білім беру ұйымдарында - кемінде 3 аспаз, 5 ас үй жұмысшысы;

      - 2501 және одан да көп білім алушысы бар білім беру ұйымдарында-кемінде 3 аспаз, 7 ас үй жұмысшысының болуы туралы растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса отырып, Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтер;

      5) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 78-қосымшаларға сәйкес қызметтерді немесе тауарларды жеткізушіні таңдау өлшемшарттары;

      6) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 9-қосымшаға сәйкес Қызмет көрсету туралы үлгілік шарт және 10-қосымшаға сәйкес Тауарларды жеткізу туралы үлгілік шарт.

      23. Конкурс орта білім беру ұйымы конкурсты ұйымдастырушы болып табылмайтын жағдайда білім беру ұйымдары бойынша лоттарға бөле отырып (1 лот - 1 білім беру ұйымы) өткізіледі.

      Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау, сондай-ақ конкурс жеңімпазын айқындау конкурстық құжаттамада көзделген әрбір лот бойынша жүзеге асырылады.

      24. Конкурсқа конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қарау қорытындылары бойынша айқындалған, біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілер қатысады.

      25.Конкурсқа қатысу үшін әлеуетті өнім беруші келесі біліктілік талаптарына сәйкес келеді:

      1) конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырған күннен кейін мемлекеттік кіріс органдарының мәліметтері негізінде веб-портал автоматты түрде айқындайтын тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы;

      2) банкроттық не таратылу рәсіміне жатқызылмауы;

      3) материалдық және еңбек ресурстарының болуы;

      4) мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес өткен жылдың алдындағы үш жыл ішінде төленген салықтардың көрсеткіші әлеуетті өнім беруші табыстарының кемінде үш пайызын құрайды.

      26. 25-тармақтың 4) тармақшасының нормалары Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында өткізілетін құны тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен асатын, облыстық маңызы бар қалаларда өткізілетін құны тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он мың еселенген мөлшерінен асатын конкурстарға (лоттарға) қатысатын әлеуетті өнім берушілерге қойылады.

      Төленген салықтар көрсеткішінің есебі мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес мынадай формула бойынша айқындалады:

      ТСК = ТС / КС х 100%,

      мұнда:

      ТСК - төленген салықтардың көрсеткіші;

      ТС - төленген салық сомасы;

      КС - есептелетін үш жылдық кезең үшін әлеуетті өнім берушінің кіріс сомасы;

      27. Отандық қызмет көрсетушілерді, тауар өндірушілерді қолдау үшін конкурсты ұйымдастырушы (тапсырыс беруші) тамақтандыруды ұйымдастыру шеңберінде техникалық тапсырмада, шартта әлеуетті өнім берушілерге отандық өндірістің тамақ өнімдерінен кемінде 60% (алпыс пайыз) сатып алу туралы талаптарды қарастырады.

      28. Конкурстық құжаттама бекітілгеннен кейін конкурсты ұйымдастырушы веб-порталда қазақ және орыс тілдерінде конкурстық құжаттаманы қалыптастырады.

      29. Конкурсты ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей веб-порталда осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес конкурс өткізу туралы хабарландырудың мәтінін, сондай-ақ конкурстық құжаттаманы орналастырады.

      Әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынуының соңғы күнінің мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландырудың мәтінін және бекітілген конкурстық құжаттаманың мәтінін орналастырған күннен бастап кемінде күнтізбелік он бес күнді құрайды.

      30. Конкурстық құжаттамаға өзгерістерді конкурсты ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы конкурс өткізу туралы хабарландырудың мәтінін орналастырған күннен бастап күнтізбелік 10күн ішінде енгізеді.

      Ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтінін веб-портал арқылы веб-порталда конкурстық құжаттаманы алған өнім берушілерге жібереді.

      Конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі күнтізбелік бес күннен он күнге дейінгі мерзімге ұзартылады.

      31. Қайта конкурсты жүзеге асырған жағдайда конкурсты ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік он күн бұрын қайтадан конкурсты өткізуге байланысты шартты орындау мерзімін қоспағанда, өтпеген конкурстың конкурстық құжаттамасының өзгермеуі шартымен қайтадан конкурсты жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін веб-порталда орналастырады.

      32. Конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап барлық ниет білдірушілерге веб-порталда конкурстық құжаттаманы алу мүмкіндігі беріледі.

      33. Конкурстық құжаттаманы веб-порталда конкурс өткізу туралы хабарланған сәтке дейін беруге жол берілмейді.

      34. Құқықтық қабілеті бар, төлем қабілеті бар және материалдық және еңбек ресурстары бар әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға үміткер болады.

      35. Конкурсқа қатысуға өтінім конкурстық құжаттамада көрсетілген оны ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін веб-портал арқылы электрондық құжат нысанында беріледі және әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада белгіленген шарттарға келісім беру, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің осы Қағидаларда көзделген өнім берушіні таңдау жөніндегі біліктілік және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін растайтын мәліметтерді алуға келісім білдіру нысаны болып табылады.

      36. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші ұйымдастырушыға ұсынатын конкурсқа қатысуға өтінім конкурстық құжаттамада санамаланған құжаттарды қамтуы тиіс.

      37. Әлеуетті өнім берушілер ұсынған конкурсқа қатысуға өтінімдер автоматты түрде веб-порталда тіркеледі.

      38. Веб-портал конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушіге тиісті хабарламаны автоматты түрде жіберген кезде конкурсқа қатысуға өтінім қабылданған болып есептеледі.

      39. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа, лоттар бойынша бөлінген жағдайда6 лотқа қатысуға бір ғана өтінім береді.

      40. Мынадай жағдайларда әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға құқығы жоқ және әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімін веб-портал автоматты түрде қабылдамайды:

      1) әлеуетті өнім беруші бұрын осы конкурсқа қатысуға өтінім берген болса;

      2) конкурсқа қатысуға өтінім веб-порталға осы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін келіп түссе;

      3) осы әлеуетті өнім берушінің бірінші басшыларының және (немесе) осы әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдауға қатысса не өткізілетін конкурстарда тапсырыс берушінің немесе конкурсты ұйымдастырушының өкілі болып табылса;

      4) конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің басшысы "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалыптастырылатын мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде (бұдан әрі - мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі) тұрған заңды тұлғаларды басқаруға, құруға, жарғылық капиталына қатысуға байланысты болса;

      5) конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің басшысы мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылса;

      6) конкурсқа қатысуға үміткер кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылатын әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушінің басшысы болып табылса;

      7) әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрса;

      8) әлеуетті өнім берушінің атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері болса және оны атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізсе;

      9) тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселеген мөлшерінен асатын салық берешегі және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегі болса;

      10) әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса;

      11) әлеуетті өнім берушінің баланстық құны тиісті негізгі қаражат құнының он пайызынан асатын мүлкіне тыйым салынса;

      12) әлеуетті өнім беруші және (немесе) олардың басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен терроризм мен экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілсе;

      13) банкроттық не тарату рәсіміне жатса;

      14) мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес өткен жылдың алдындағы үш жыл ішінде төленген салықтардың көрсеткіші әлеуетті өнім беруші табыстарының үш пайызынан кемді құраса.

      41. 40-тармақтың 14) тармақшасының нормалары Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында өткізілетін құны тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен асатын, облыстық маңызы бар қалаларда өткізілетін құны тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он мың еселенген мөлшерінен асатын конкурстарға (лоттарға) қатысатын әлеуетті өнім берушілерге қойылады.

      Төленген салықтар көрсеткішінің есебі мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес мынадай формула бойынша айқындалады:

      ТСК = ТС / КС х 100%,

      мұнда:

      ТСК - төленген салықтардың көрсеткіші;

      ТС - төленген салықтарының сомасы;

      КС - есептелетін үш жылдық кезең үшін әлеуетті өнім берушінің кіріс сомасы.

      42. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысу үшін ұсынатын конкурсқа қатысуға өтінімнің қолданылу мерзімі конкурсқа қатысуға өтінімдер ашылған күннен бастап кемінде күнтізбелік алпыс күнді құрайды және конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімге сәйкес келуі тиіс.

      43. Әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімді өзгертуі немесе кері қайтарып алуы конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімі өткенге дейін кез келген уақытта жүзеге асырылады .

      Конкурсқа қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі өткеннен кейін оны қайтарып алуға жол берілмейді.

      44. Әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамаға сәйкес талап етілетін жекелеген құжаттарды ұсынуы мемлекеттік ақпараттық жүйелерге және (немесе) мемлекеттік деректер базаларына жүгіну арқылы не веб-порталды пайдалана отырып, электрондық нысанды толтыру арқылы құжаттарды алу жолымен жүзеге асырылады.

      45. Әлеуетті өнім беруші оларды ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін веб-порталда мынадай құжаттарды қамтитын конкурстық өтінімді орналастырады:

      1) қолданыс мерзімін көрсете отырып, Үлгілік конкурстық құжаттамаға 4, 5-қосымшаларға сәйкес әлеуетті өнім берушінің қазақ және орыс тілдерінде жасалған конкурсқа қатысуға арналған өтінімі;

      2) конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырған күннен кейін мемлекеттік кіріс органдарының мәліметтері негізінде веб-портал автоматты түрде айқындайтын тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген алты еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшерде салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;

      3) қызметтерді немесе тауарларды сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде электрондық банктік кепілдік немесе кепілдік берілген ақшалай жарна түрінде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету;

      4) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3-қосымшаға сәйкес жеткізушіні таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға техникалық тапсырма;

      Өнім берушіні таңдау кезінде жеткізушіні таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға техникалық тапсырмаға тағамдарды, сондай-ақ білім алушылардың жасына байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген нормаларға сәйкес келетін граммен есептелетін тағам порциясының массасын көрсете отырып, білім беру органы бекіткен перспективалық мәзір қоса беріледі.

      5) мынадай есеппен:

      - 150-ге дейін білім алушысы бар білім беру ұйымдарында - кемінде 1 аспаз, 1 ас үй жұмысшысы;

      - 151-ден 350-ге дейін білім алушысы бар білім беру ұйымдарында - кемінде 1 аспаз, 2 ас үй жұмысшысы;

      - 351-дан 650-ге дейін білім алушысы бар білім беру ұйымдарында - кемінде 1 аспаз, 3 ас үй жұмысшысы;

      - 651-ден 1500-ге дейін білім алушысы бар білім беру ұйымдарында - кемінде 3 аспаз, 4 ас үй жұмысшысы;

      - 1501-ден 2500-ге дейін білім алушысы бар білім беру ұйымдарында - кемінде 3 аспаз, 5 ас үй жұмысшысы;

      - 2501 және одан да көп білім алушысы бар білім беру ұйымдарында - кемінде 3 аспаз, 7 ас үй жұмысшысының болуы туралы растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса отырып, Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтер;

      46. Тиынмен есептелген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомасы дөңгелектенеді. Бұл ретте елу тиыннан кем сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал елу тиынға тең және одан жоғары сома бір теңгеге дейін дөңгелектенеді.

      47. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізу әрбір лотқа жеке немесе әлеуетті өнім беруші қатысатын конкурс лоттарының жалпы сомасына жүзеге асырылады.

      Әлеуетті өнім беруші ұйымдастырушының банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдік ақшалай жарна түрінде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізген жағдайда, ол кепілдік ақшалай жарнаны растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесі түрінде ұсынылады. Бұл ретте кепілдік ақшалай жарна конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзіміне дейін конкурстық құжаттамада көрсетілген банктік шотқа енгізіледі.

      48. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашуды веб-портал конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткен сәттен бастап бес минут ішінде автоматты түрде жүргізеді.

      49. Егер конкурсқа (лотқа) қатысуға бір ғана өтінім берілсе, онда мұндай өтінім де осы Қағидаларға сәйкес ашылады және қаралады.

      50. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу хаттамасын веб-портал осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес оларды ашу сәтінде автоматты түрде орналастырады. Бұл ретте веб-портал конкурстық комиссияның мүшелеріне, конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілерге автоматты түрде хабарлама жібереді.

      51. Конкурсты өткізу басталғанға дейін конкурстық комиссияның мүшелері, конкурстық комиссияның хатшысы, байқаушылар бекітілген конкурстық құжаттамамен және оның қосымшаларымен танысады.

      52. Конкурстық комиссия веб-портал арқылы біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтау мақсатында конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қарайды.

      53. Әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі мәніне конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия:

      1) конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, салыстыруды оңайлату үшін әлеуетті өнім берушілерден олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірмелерді жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратады;

      2) конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында қажетті ақпаратты сұратады.

      54. Конкурсқа қатысуға өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге байланысты конкурстық комиссияның сауал жіберуіне және өзге де іс-әрекеттеріне жол берілмейді.

      Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімді, егер онда ұсынылған өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап беретін өтінім ретінде қарайды.

      55. Әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарының банкроттық не тарату рәсіміне қатыстылығы бойынша сәйкестігін нақтылау мақсатында конкурстық комиссия банкроттық не тарату рәсімдерінің жүргізілуін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған ақпаратты қарайды.

      56. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашқан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде:

      1) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды, конкурсқа қатысушылар деп таниды;

      2) өлшемшарттарды қолданады және есептейді;

      3) конкурс қорытындылары туралы хаттаманы ресімдейді.

      57. Конкурстық комиссияның шешімі веб-портал арқылы дауыс берумен қабылданады және егер оған конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санынан конкурстық комиссия мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда конкурстық комиссияның төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      Конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда осы конкурстық комиссияның кез келген мүшесінің өз пікірін айта алады, ол құжаттың электрондық көшірмесі нысанында веб-порталда орналастырылады.

      Конкурстық комиссияның тиісті хаттамаларында конкурстық комиссияның қандай да бір мүшесінің қолы болмаған жағдайда конкурстық комиссияның хатшысы қолдың болмау себебі жазылған құжатты немесе ақпаратты веб-порталда орналастырады.

      58. Конкурс қорытындылары туралы хаттама:

      1) осы Қағидалардың 53-тармағына сәйкес конкурстық комиссияның сауалдары туралы;

      2) бас тарту себептері егжей-тегжейлі сипатталған, оның ішінде олардың біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес еместігін растайтын мәліметтер мен құжаттар көрсетілген конкурсқа қатысуға өтінімдері қабылданбаған әлеуетті өнім берушілер туралы;

      3) конкурстық комиссияның өлшемшарттарды қолдануы туралы ақпаратты қамтиды.

      59. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға енгізілген "өтінімді қамтамасыз етуді":

      1) электронды банктік кепілдік түрінде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі жеткіліксіз болған жағдайда;

      2) конкурстық комиссияның:

      конкурсқа қатысуға "өтінімді қамтамасыз етуді" берген тұлғаны;

      электрондық банктік кепілдік түрінде конкурсқа қатысуға "өтінімді қамтамасыз ету" енгізілетін конкурстың атауы мен нөмірін;

      конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін, электрондық банктік кепілдік түрінде ұсынылған оны беру шарттарын және (немесе) конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомасын;

      конкурсқа қатысуға "өтінімді қамтамасыз ету" берілген тұлғаны;

      пайдасына конкурсқа қатысуға "өтінімді қамтамасыз ету" енгізілетін тұлғаны анықтауына мүмкіндік бермейтін мәліметтердің болмауынан көрінетін конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тиісінше ресімделмеген жағдайда;

      3) конкурсқа (лотқа) бөлінген соманың бір пайызынан кем мөлшерде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету енгізілген жағдайларда конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес емес деп таниды.

      60. Ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі туындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады:

      1) әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін кері қайтарып алған жағдайларда ашу хаттамасын орналастыру;

      2) конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қою. Аталған жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;

      3) әлеуетті өнім берушінің шартқа қол қоюы және оның шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуі.

      61. Конкурсты ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бірі туындаған кезде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді әлеуетті өнім берушіге қайтармайды:

      1) конкурс жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарса;

      2) конкурс жеңімпазы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгіленген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаса не тиісінше орындамаса, оның ішінде уақтылы орындамаса.

      Мұндай жағдайларда конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомасы тиісті бюджеттің кірісіне есептеледі.

      Әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімінің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін үшінші тұлғаларда енгізілген кепілдік ақшалай жарнаға тұтастай не бір бөлігінде талап ету құқығының туындауына әкеп соғатын іс-әрекеттер жасауына жол берілмейді.

      62. Конкурс қорытындылары туралы хаттамаға веб-порталда конкурстық комиссияның барлық мүшелері қол қояды және конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, оны конкурс қорытындылары туралы шешім қабылданған күні веб-порталда орналастырады.

      63. Конкурстық комиссия конкурс қорытындылары хаттамасында енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейді деп тану себебін көрсетеді.

      64. Конкурстық комиссия конкурс қорытындылары туралы хаттаманы қалыптастыру кезінде конкурсқа қатысуға бір өтінім берілген жағдайларды қоспағанда, конкурсқа қатысуға өтінім берген әрбір әлеуетті өнім берушіге қатысты Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7, 8-қосымшалардағы өлшемшарттарға сәйкес балл қояды.

      Барынша көп балл жинаған әлеуетті өнім беруші конкурс жеңімпазы болып танылады.

      Егер конкурсқа конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес өтінімді ұсынған және осы Қағидалардың нормаларына сәйкес келетін бір әлеуетті өнім беруші қатысқан жағдайда, ол конкурс жеңімпазы болып танылады.

      65. Егер екі және одан да көп әлеуетті өнім беруші бірдей балл санын жинаған жағдайда, Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес "соңғы 5 жылда қызмет көрсету нарығындағы жұмыс тәжірибесі" өлшемшарты бойынша ең көп балл жинаған, Үлгілік конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес "соңғы 5 жылда тауарлар нарығындағы жұмыс тәжірибесі" өлшемшарты бойынша ең көп балл жинаған конкурсқа қатысушы жеңімпаз болып танылады.

      Жұмыс тәжірибесі өлшемшарты бойынша балдар саны тең болған кезде мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес өткен жылдың алдындағы төрт жылда төленген салықтардың сомасы бойынша үлкен көрсеткіші бар әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.

      Төленген салықтар сомасы бойынша көрсеткіштер тең болған кезде конкурсқа қатысуға өтінімі басқа әлеуетті өнім берушілердің қатысуға өтінімдерінен бұрын түскен конкурсқа қатысушы жеңімпаз деп танылады.

      66. Конкурсты ұйымдастырушы:

      1) ұсынылған өтінімдер болмаған;

      2) конкурсқа қатысуға бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілмеген;

      3) егер аталған өнім беруші конкурсқа жалғыз қатысып, конкурс жеңімпазы шарт жасасудан жалтарған жағдайларда конкурсты өткізілмеді деп таниды.

      67. Конкурс өткізілмеді деп танылған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы конкурс өткізілмеді деп танылған күнінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей осы Қағидалардың 31-тармағына сәйкес конкурсты қайта өткізу туралы жариялайды.

      68. Егер конкурс жеңімпазы шарт жасасудан жалтарған жағдайда конкурсқа екі және одан да көп әлеуетті өнім беруші қатысқан кезде, конкурстық комиссия көрсетілетін қызметтерді немесе тауарларды жеткізушілерді таңдау өлшемшарттарына сәйкес конкурс жеңімпазынан кейін көп балл жинаған әлеуетті өнім берушімен шарт жасасу туралы шешім қабылдайды және екі жұмыс күні ішінде оған шартты жолдайды.

      Әлеуетті өнім беруші шартты алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде қол қояды және қол қойылған қызмет көрсету немесе тауарларды жеткізу туралы шартты конкурсты ұйымдастырушыға қайтарады.

      69. Білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру немесе тауарларды жеткізу бойынша қызмет көрсету үшін, конкурс қорытындылары шығарылғанға дейінгі кезеңдегі қажеттілікке сәйкес, бірақ қаржы жылының үш айынан аспайтын мерзімге тапсырыс беруші, конкурсты ұйымдастырушы тамақтандыруды ұйымдастыру немесе тауарларды жеткізу бойынша қызмет көрсететін өнім берушіні тарту туралы шешім қабылдайды.

      70. Тамақтандыруды ұйымдастыру немесе тауарларды жеткізу жөнінде қызмет көрсететін өнім берушіні тарту туралы шешім қабылдаған кезде тапсырыс беруші, конкурсты ұйымдастырушы орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетуге немесе тауарларды жеткізуге білім беру ұйымдарында кемінде 2 жыл қызмет көрсету, тауарлар ұсыну бойынша тәжірибесі бар өнім берушіге сұрау жібереді.

      71. Тамақтандыруды ұйымдастыру немесе тауарларды жеткізу бойынша қызметтер көрсететін өнім беруші келісім берген жағдайда конкурсты ұйымдастырушыдан хат алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың, жарғының (заңды тұлғалар үшін), жеке басын куәландыратын құжаттың (жеке тұлғалар үшін) көшірмелерін, техникалық тапсырманы, жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтерді және әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді қоса бере отырып жауап жібереді.

      72. Қызметті немесе тауарды жеткізушіден хат алғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде оған қызмет көрсету немесе тауарларды жеткізу туралы қол қойылған шартты жібереді.

      73. Тапсырыс беруші, конкурсты ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы екі жұмыс күні ішінде тапсырыс берушінің, конкурсты ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының интернет-ресурсында қызметті немесе тауарларды жеткізуші туралы ақпаратты орналастырады.

      74. Конкурстық комиссияның шешімі бойынша 66-тармаққа сәйкес қайта конкурс өтпеді деп танылған кезде конкурсты ұйымдастырушы тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсететін, тауарлар жеткізетін өнім берушіні тарту туралы шешім қабылдайды.

      Өнім берушіні тарту осы Қағидалардың 70, 71, 72, 73-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.

      75. Әлеуетті өнім беруші:

      1) егер ол мынадай негіздер бойынша:

      конкурстық құжаттамаға біліктілік туралы мәліметтерді табыс етпесе, сол сияқты толық емес мәліметтерді табыс етсе;

      әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада көрсетілген шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық және еңбек ресурстарына ие болу бөлігінде біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;

      біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат беру фактісі анықталса;

      2) егер оның конкурсқа қатысуға өтінімі мынадай негіздер бойынша конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді деп айқындалса:

      техникалық тапсырманы ұсынбаса;

      әлеуетті өнім беруші конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін техникалық тапсырманы ұсынса, сол сияқты техникалық тапсырмамен талап етілетін құжаттарды ұсынбаса;

      конкурстық құжаттаманың және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ұсынбаса;

      конкурстық өтінімде ұсынылған құжаттар бойынша дұрыс емес мәліметтерді ұсыну фактісі анықталса, конкурсқа қатысуға жіберілмейді, конкурсқа қатысушы, конкурс жеңімпазы ретінде таныла алмайды.

      76. Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасауды, егер олардың іс-әрекеттері (әрекетсіздігі), шешімдері әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзса, өнім беруші жүзеге асырады.

      Конкурс қорытындылары туралы хаттама орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға шағым жасалған кезде шарт жасасу мерзімі шағымды қарау мерзімі аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады. Конкурсқа қатыспаған тұлғаларға шағым жасау шарт жасасу мерзімін тоқтата тұрмайды.

      77. Шағым Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес электрондық мемлекеттік аудит шеңберінде қаралады.

      78. Уәкілетті орган шағым түскен күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырыс берушіге шарт жасасуды тоқтата тұру туралы хабарлама жібереді.

      79. Тапсырыс берушінің, конкурсты ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне жасалған шағымда іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасалып отырған заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері, шағым берген тұлғаның атауы, орналасқан жері, конкурс туралы мәліметтер, тапсырыс берушінің, конкурсты ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың шағым жасалған іс-әрекеттері (әрекетсіздігі), шешімдері қамтылуы тиіс. Шағымға шағым берген адамның дәлелдерін растайтын құжаттар қоса берілуі мүмкін.

      Шағымға оны беруші тұлға немесе оның өкілі қол қояды. Өкіл берген шағымға сенімхат немесе өкілдің өкілеттігін куәландыратын өзге де құжат қоса берілуі тиіс.

      80. Түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде шағым оны берген тұлғаға мынадай жағдайларда қараусыз қайтарылады:

      1) шағым осы Қағидалардың 79-тармағында белгіленген нормаларға сәйкес келмесе;

      2) шағымға қол қойылмаса не оған қол қоюға өкілеттігі жоқ тұлға қол қойса.

      81. Конкурс қорытындылары туралы хаттама қызмет көрсету немесе тауарларды жеткізу туралы шарт жасасуға негіз болып табылады. Қызметтерді, тауарларды сатып алу туралы шарт (бұдан әрі - шарт) тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында жасалады.

      82. Конкурс қорытындылары туралы хаттамаға шағымдану мерзімі өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушіге Үлгілік конкурстық құжаттамаға 9-қосымшаға сәйкес Қызмет көрсету туралы үлгілік шартқа және 10-қосымшаға сәйкес Тауарларды жеткізу туралы үлгілік шартқа сәйкес жасалған қызмет көрсету немесе тауарларды жеткізу туралы қол қойылған шартты жібереді.

      83. Шарт тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша бекітілген жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бөлінген қаражат шегінде жасалады және өнім беруші тарапынан бұзушылықтар болмаған жағдайда шарттың қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде екі рет кейінгі қаржы жылдарына ұзартылады.

      Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен тамақтанумен қамтамасыз етілетін тәрбиеленушілер мен білім алушылардың саны өзгерген жағдайда шартқа өзгерістер енгізіледі.

      84. Өнім беруші шартты алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қол қойылған қызмет көрсету немесе тауарларды жеткізу туралы шартқа қол қояды және конкурсты ұйымдастырушыға қайтарады.

      85. Өнім беруші шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізеді.

      Бұл ретте тапсырыс беруші шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізу мерзімі аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өнім берушіге шартты бұзу ниеті туралы хабарлама жібереді. Егер өнім беруші шартты бұзу ниеті туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбесе, тапсырыс беруші шартты бұзу туралы хабарлама жібереді.

      86. Қызметті берушіні таңдау бойынша конкурста жеңімпаз болып танылған әлеуетті өнім беруші күнтізбелік он бес күн ішінде мемлекеттік мүлік туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мектеп асханасының орын-жайын және жабдықтарын жалға алу жөнінде шарт жасасады.

      87. Қызметті жеткізуші жалға алу шартын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы аумақтық органдарға объектінің қызметіне рұқсат беру құжаттарын алу үшін өтініш жібереді және білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетуге дейін "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 415 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11626 тіркелген) 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алады.

      88. Шарттық міндеттемелерді орындау процесінде туындайтын барлық даулар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шешіледі.

      89. Алдын ала жылдық сатып алу жоспары шеңберінде өткізілген өнім берушіні таңдау рәсімдері тиісті бюджет бекітілгенге дейін аяқталған жағдайда, шарт жеңімпазға тиісті бюджет бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жіберіледі.

      90. Көрсетілген мерзім ішінде шартқа қол қоймаған әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарған болып есептеледі.

      91. Егер жеңімпаз деп танылған әлеуетті өнім беруші және екінші орын алған әлеуетті өнім беруші қол қойылған шартты тапсырыс берушіге Қағидаларда белгіленген мерзімде ұсынбаса, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбесе, онда конкурсты ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 599 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17766 болып тіркелген) бекітілген Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды жосықсыз берушілердің тізбесін қалыптастыру қағидаларына (бұдан әрі - Жосықсыз өнім берушілер тізбесін қалыптастыру қағидалары) сәйкес күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей сотқа өнім берушіні жосықсыз өнім беруші деп тану туралы талап-арызбен жүгінеді.

      92. Жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарған деп танылған жағдайда, ұйымдастырушы ол енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ұстап қалады.

      93. Егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші қол қойылған шартты тапсырыс берушіге ұсынбаса, шартты алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбесе, тапсырыс беруші өнім берушінің шартты бұзу туралы хабарламасын алған күннен бастап үш жұмыс күні өткен соң екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге шартты жібереді. Шартқа екінші орын алған әлеуетті өнім беруші оған шарт берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қол қояды.

      Егер екінші орын алған әлеуетті өнім беруші белгіленген мерзімде тапсырыс беруші қол қойған шартқа қол қоймаса, тапсырыс беруші қайта конкурс өткізуді жүзеге асырады.

      94. Қаржы органдары осы Қағидаларды бұза отырып қабылданған ұйымдастырушының және конкурстық комиссияның шешімдерін жою туралы не шарт жасалғанға дейін, оның ішінде ұйымдастырушының уәкілетті органның осындай шешіміне шағымдануы кезеңінде конкурстың күшін жою туралы шешім шығарған кезде, шарт жасалмайды.

      95. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін конкурсты ұйымдастырушы шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде белгілейді.

      96. Өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін таңдай алады:

      1) тапсырыс берушінің банктік шотына не Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілді ақшалай жарна;

      2) банктік кепілдік.

      Тапсырыс беруші өнім берушіге шарттың орындалуын қамтамасыз етуді өнім беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қайтарады.

2-параграф. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңға сәйкес орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу

      97. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңға сәйкес білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін кызметтерді сатып алу осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес өтінім негізінде жүзеге асырылады.

      Өтінім қабылданбаған жағдайда конкурс осы Қағидалардың 2-тарауының 1-параграфында қарастырылған Тамақтандыруды ұйымдастыру тәртібіне сәйкес өткізіледі.

      98. Жеке әріптесті анықтау Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңмен белгіленген тәсілдермен жүзеге асырылады.

      99. Әлеуетті жеке әріптестің біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңның 34-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      100. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт жасалғанға дейінгі кезеңге қажеттілікке сәйкес білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыруға байланысты қызмет көрсету, тауарларды жеткізу үшін білім беру ұйымы немесе білім беруді басқару органы, білім беру ұйымы бухгалтерлік есепті дербес жүргізбеген жағдайда, осы Қағидалардың 70, 71, 72, 73-тармақтарына сәйкес тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсететін өнім берушіні тарту туралы шешім қабылдайды.

      Осы шешім қабылданған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы балаларды тамақтандыруды ұйымдастыруға байланысты қызметтерді көрсетуші, тауарларды жеткізуші өнім берушіге қызметтерді көрсету, тауарларды жеткізу үшін сұрау жібереді.

      101. Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету осы Қағидалардың 2-тарауының 3-параграфында көзделген орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыруға арналған жағдайларға сәйкес жүзеге асырылады.









3-параграф. Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету

      102. Тамақтануды ұйымдастыру кезінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес тамақтанудың тиісті жағдайлары қамтамасыз етіледі.

     103. Асхананың және (немесе) буфеттің жұмыс уақыты оқу процесі аяқталғанға дейін бір сағат бұрын аяқталады.

      104. Білім беруді басқару органдары және орта білім беру ұйымдары интернет-ресурста "Мектептегі тамақтану" айдарын құрады, "Мектептегі тамақтану" айдарына, сондай-ақ "Күнделік" жүйесіне білім алушылардың тамақтануын ұйымдастыру бойынша ақпаратты (тағамдардың суреті көрсетілген перспективалық, күнделікті ас мәзірі, тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиялардың, ведомствоаралық сараптамалық топтардың жұмыс жоспары, актілері) жүйелі түрде орналастыруды қамтамасыз етеді.

      105. Орта білім беру ұйымының басшысы білім беруді басқару органы бекіткен перспективалық мәзірге сәйкес күн сайын тамақтардың алдағы күнге шығуын көрсете отырып, ас мәзірін бекітеді және оны асханаға және білім алушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдері үшін қолжетімді жерге орналастырады.

      106. Қызметті жеткізуші ай сайын орта білім беру ұйымының басшысына өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттарды қоса бере отырып, білім алушылар үшін пайдаланылатын тамақ өнімдерінің тізбесі туралы мәліметтерді ұсынады.

      107. Орта білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңесі, ата-аналар комитеті, мектеп әкімшілігі өкілдерінің, білім беру ұйымының медициналық пунктінің медицина қызметкерінің қатысуымен тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия құрылады. Комиссияның төрағасы орта білім беру ұйымының басшысы болып табылады.

      108. Комиссияның міндеттеріне келіп түсетін тамақ өнімдерінің сапасына, отандық тауар өндірушілердің тамақ өнімдеріне CT-KZ сертификаттарының болуына, дайындалған тағамдардың сапасына, технологиялық жабдықтардың болуына және жарамдылығына, азық-түліктерді, дайын тағамдарды сақтау, жеткізу мерзімдері мен шарттарының сақталуына, балалардың нақты тамақтану рационының күнделікті, перспективалық ас мәзіріне сәйкестігіне, асхананың санитарлық жағдайына мониторинг жүргізу кіреді.

      109. Комиссия жұмысының қорытындылары ай сайын кейіннен оларды білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінде қарау және орта білім беру ұйымының интернет-ресурсында орналастыру үшін ақпарат түрінде ресімделеді.

      110. Білім беруді басқару органдары жанында жұмыс істейтін тамақтану сапасын бақылау жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық топтар тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиялардың қызметіне жүйелі мониторинг жүргізеді және оқушылардың тамақтануын тиімді ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдайды.

      111. Тамақтану сапасының мониторингі жөніндегі комиссияның функциялары кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларды немесе заңды тұлғаларды тарту арқылы да жүзеге асырылады. Осы шешім қабылданған жағдайда білім беру ұйымы, қызметті жеткізуші жоғарыда көрсетілген функцияларды жүзеге асыру үшін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларға немесе заңды тұлғаларға рұқсат береді.










3-тарау. Мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу тәртібі

1-параграф. Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу тәртібі

      112. Конкурстық негізде мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу мынадай дәйекті іс-қимылдарды орындауды көздейді:

      1) тауарларды сатып алу жоспарын әзірлеу және бекіту, конкурсты конкурсты ұйымдастырушы, конкурсты бірыңғай ұйымдастырушы өткізген жағдайда, Тапсырыс берушінің веб-портал арқылы конкурсты ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау үшін тауарларды сатып алудың жылдық жоспарының (тауарларды сатып алудың алдын ала жылдық жоспарының) тармақтарын жіберуі;

      2) конкурстық комиссияның құрамын, байқаушыларды қалыптастыру және бекіту, конкурсты ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы өткізген жағдайда, конкурстық комиссияның құрамына тапсырыс берушінің қызметкерлерін енгізу міндетті емес;

      3) конкурстық құжаттаманы бекіту;

      4) өнім берушіні таңдау рәсімін жүзеге асыру туралы хабарландыруды, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың мәтінін веб-порталда орналастыру;

      5) әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерді электрондық құжат нысанында ұсынуы және оларды веб-порталда автоматты түрде тіркеуі;

      6) өтінімдерді автоматты түрде ашу және тиісті ашу хаттамасын веб-порталда орналастыру;

      7) конкурстық комиссияның веб-портал арқылы әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін олардың біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарауы;

      8) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтау және оларды конкурсқа қатысушылар деп тану;

      9) конкурс жеңімпазын, сондай-ақ екінші орын алған әлеуетті өнім берушіні анықтау және сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы веб-порталда орналастыру;

      10) конкурс қорытындылары туралы хаттама негізінде тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының жеңімпазбен шарт жасасуы.

      113. Тауарларды сатып алуды ұйымдастырушының немесе тапсырыс берушінің тауарларды сатып алудың бекітілген жоспары негізінде конкурсты ұйымдастырушы не бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асырады.

      114. Тиісті бюджет негізінде тапсырыс беруші немесе, егер тапсырыс беруші мен конкурсты ұйымдастырушы бір тұлға болған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы тиісті бюджет бекітілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларға қажеттілік негізінде қаржы жылына арналған тауарларды сатып алу жоспарын әзірлейді және бекітеді.

      Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен тамақпен қамтамасыз етілетін тәрбиеленушілер және білім алушылар болмаған жағдайда тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша тауарларды сатып алу жоспарында бюджет қаражаты көрсетілмейді және әлеуетті өнім берушінің және (немесе) өнім берушінің өтінімді қамтамасыз етуі, шартты орындауы енгізілмейді.

      Тамақтануға арналған шығындардың 100 пайызы ата-аналардан немесе заңды өкілдерден алынатын мектепке дейінгі ұйымдарда тауарларды сатып алу жоспары қаржы жылының желтоқсан айында бекітіледі. Тауарларды сатып алу жоспарында бюджет қаражаты көрсетілмейді және әлеуетті өнім берушінің және (немесе) өнім берушінің өтінімді қамтамасыз етуі, шартты орындауы енгізілмейді.

      115. Тапсырыс беруші немесе, егер Тапсырыс беруші мен конкурсты ұйымдастырушы бір тұлға болған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы тауарларды сатып алу жоспары бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны веб-порталда орналастырады.

      Тапсырыс беруші ұйымдастырушыға, бірыңғай ұйымдастырушыға конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін ақпарат пен құжаттарды ұсынады.

      116. Тауарларды сатып алу жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу тапсырыс берушінің немесе, егер тапсырыс беруші мен конкурсты ұйымдастырушы бір тұлға болған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушының бюджетіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда жүзеге асырылады.

      Тапсырыс беруші немесе, егер тапсырыс беруші мен конкурсты ұйымдастырушы бір тұлға болған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы тауарларды сатып алу жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды веб-порталда орналастырады.

      117. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау үшін ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы конкурстық комиссияны бекітеді және конкурстық комиссияның хатшысын айқындайды.

      118. Конкурстық комиссия құру және конкурстық комиссияның хатшысын айқындау туралы шешімді ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға қабылдайды.

      119. Конкурстық комиссия конкурсты ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының бұйрығымен құрылады және комиссия мүшелерінің тақ санынан, бірақ кемінде бес адамнан тұрады.

      Конкурстық комиссияның мүшелері өтінімдерді қарайды және комиссияның жоқ мүшелерін ауыстырусыз дауыс беруге қатысады.

      120. Конкурсты ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы конкурстық комиссияның құрамына келісім бойынша веб-порталда тіркелген жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің өкілдерін енгізеді.

      121. Конкурстық комиссияның төрағасы болып ұйымдастырушының,бірыңғай ұйымдастырушының бірінші басшысының орынбасарынан, не бірінші басшының немесе оның орынбасарының міндетін атқарушы тұлғадан төмен емес лауазымды адам айқындалады.

      Конкурстық комиссияның төрағасы болмаған жағдайда конкурстық комиссия төрағасының кандидатурасы қайта бекітіледі. Бұл ретте, конкурстық комиссияның төрағасы болып бірінші басшының орынбасарынан төмен емес лауазымды адам, ал ол болмаған жағдайда бірінші басшы айқындалады.

      122. Конкурстық комиссияның төрағасы конкурстық комиссияның қызметіне жетекшілік жасайды және осы Қағидаларда көзделген функцияларды жүзеге асырады.

      123. Конкурстық комиссия оны құру туралы шешім күшіне енген күннен бастап әрекет етеді және шарт жасалған күні өз қызметін тоқтатады.

      124. Конкурстық комиссияның отырысы, егер оған ауыстыру құқығынсыз конкурстық комиссия мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып табылады. Конкурстық комиссия мүшелерінің бірі болмаған жағдайда, конкурстық комиссия отырысының хаттамасында оның болмау себебі көрсетіледі.

      125. Конкурстық комиссияның ұйымдастырушылық қызметін конкурстық комиссияның хатшысы қамтамасыз етеді. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссияның мүшесі болып табылмайды және конкурстық комиссия шешімдер қабылдаған кезде дауыс беруге қатыспайды.

      Конкурстық комиссияның хатшысы конкурсты ұйымдастыруға және өткізуге жауапты конкурсты ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы болып табылатын органның немесе ұйымның лауазымды тұлғаларының қатарынан айқындалады.

      126. Конкурстық комиссияның хатшысы:

      1) конкурстық құжаттаманы қалыптастырады және веб-порталда орналастырады;

      2) веб-порталда конкурс өткізу туралы хабарландыруды, конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу хаттамасын, конкурс қорытындылары туралы хаттаманы, сондай-ақ болған жағдайда басқа да құжаттарды орналастырады;

      3) осы Қағидаларда көзделген функцияларды жүзеге асырады.

      127. Конкурстық комиссияның отырыстарында конкурсты ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы кемінде екі адамды құрайтын байқаушылардың қатысуын қамтамасыз етеді. Байқаушылардың құрамына конкурсты ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы балалардың құқықтарын қорғау саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың (келісім бойынша), саяси партиялардың (келісім бойынша), мектептердің қамқоршылық кеңестерінің (болған жағдайда), ата-аналар қоғамдастығының өкілдерін енгізеді.

      Мынадай:

      1) конкурс нәтижелеріне мүдделі;

      2) конкурсты ұйымдастырушымен, бірыңғай ұйымдастырушымен не әлеуетті өнім берушілермен не конкурсты ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының, әлеуетті өнім берушінің аффилирленген тұлғаларымен еңбек қатынастары бойынша байланысты;

      3) конкурсты ұйымдастырушының жақын туысы, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаты болып табылатын адамдар байқаушы бола алмайды

      128. Байқаушылар конкурстық комиссияның мүшелері болып табылмайды және конкурстық комиссия шешімдер қабылдаған кезде дауыс беруге қатыспайды.

      Байқаушылар конкурстық комиссияның жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасамайды, әлеуетті өнім берушілердің дербес деректеріне, әлеуетті өнім берушілер қатысатын конкурстық рәсімдерге қатысты мәліметтерді жария етпейді, техникалық жазба құралдарын пайдаланбайды.

      129. Байқаушылардың конкурстық комиссияның жұмысы туралы пікірі конкурс қорытындылары бойынша жазбаша нысанда қалыптастырылады, оны хатшы конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қосып веб-порталда орналастырады, сондай-ақ байқаушылар оны конкурсты ұйымдастырушыға, бірыңғай ұйымдастырушыға, сондай-ақ конкурсты ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының жоғары тұрған органына конкурстың кез келген кезеңінде ұсына алады.

      130. Конкурсты ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Үлгілік конкурстық құжаттамаға сәйкес конкурстық құжаттаманы әзірлейді және бекітеді, ол мыналарды қамтиды:

      1) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынатын тауарлардың тізбесі;

      2) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3-қосымшаға сәйкес өнім берушіні таңдау бойынша конкурстық құжаттамаға техникалық тапсырма.

      3) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 4, 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер үшін конкурсқа қатысуға өтінім;

      4) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтер;

      5) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаларға сәйкес тауарларды жеткізушіні таңдау өлшемшарттары;

      6) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес Тауарларды жеткізу туралы үлгілік шарт.

      131. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау, сондай-ақ лоттарға бөлінген жағдайда конкурс жеңімпазын айқындау конкурстық құжаттамада көзделген әрбір лот бойынша жүзеге асырылады.

      132. Конкурсқа конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қарау қорытындылары бойынша айқындалған, біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілер қатысады.

      133. Конкурсқа қатысу үшін әлеуетті өнім беруші келесі біліктілік талаптарына сәйкес келеді:

      1) конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырған күннен кейін мемлекеттік кіріс органдарының мәліметтері негізінде веб-портал автоматты түрде айқындайтын тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы;

      2) банкроттық не таратылу рәсіміне жатқызылмауы;

      3) материалдық және еңбек ресурстарының болуы;

      4) мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес өткен жылдың алдындағы үш жыл ішінде төленген салықтардың көрсеткіші әлеуетті өнім беруші табыстарының кемінде үш пайызын құрайды.

      134. 133-тармақтың 4) тармақшасының нормалары Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында өткізілетін құны тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен асатын, облыстық маңызы бар қалаларда өткізілетін құны тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он мың еселенген мөлшерінен асатын конкурстарға (лоттарға) қатысатын әлеуетті өнім берушілерге қойылады.

      Төленген салықтар көрсеткішінің есебі мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес мынадай формула бойынша айқындалады:

      ТСК = ТС / КС х 100%,

      мұнда:

      ТСК - төленген салықтардың көрсеткіші;

      ТС - төленген салық сомасы;

      КС - есептелетін үш жылдық кезең үшін әлеуетті өнім берушінің кіріс сомасы;

      135. Отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін конкурсты ұйымдастырушы (тапсырыс беруші) тамақтандыруды ұйымдастыру шеңберінде техникалық тапсырмада, шартта әлеуетті өнім берушілерге отандық өндірістің тамақ өнімдерінен кемінде 60% (алпыс пайыз) сатып алу туралы талаптарды қарастырады.

      136. Конкурстық құжаттама бекітілгеннен кейін конкурсты ұйымдастырушы веб-порталда қазақ және орыс тілдерінде конкурстық құжаттаманы қалыптастырады.

      137. Конкурсты ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей веб-порталда осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес конкурс өткізу туралы хабарландырудың мәтінін, сондай-ақ конкурстық құжаттаманы орналастырады.

      Әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынуының соңғы күнінің мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландырудың мәтінін және бекітілген конкурстық құжаттаманың мәтінін орналастырған күннен бастап кемінде күнтізбелік он бес күнді құрайды.

      138. Конкурстық құжаттамаға өзгерістерді конкурсты ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы конкурс өткізу туралы хабарландырудың мәтінін орналастырған күннен бастап күнтізбелік 10күн ішінде енгізеді.

      Ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтінін веб-портал арқылы веб-порталда конкурстық құжаттаманы алған өнім берушілерге жібереді.

      Конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі күнтізбелік бес күннен он күнге дейінгі мерзімге ұзартылады.

      139. Қайта конкурсты жүзеге асырған жағдайда конкурсты ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік он күн бұрын қайтадан конкурсты өткізуге байланысты шартты орындау мерзімін қоспағанда, өтпеген конкурстың конкурстық құжаттамасының өзгермеуі шартымен қайтадан конкурсты жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін веб-порталда орналастырады.

      140. Конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап барлық ниет білдірушілерге веб-порталда конкурстық құжаттаманы алу мүмкіндігі беріледі.

      141. Конкурстық құжаттаманы веб-порталда конкурс өткізу туралы хабарланған сәтке дейін беруге жол берілмейді.

      142. Құқықтық қабілеті бар, төлем қабілеті бар және материалдық және еңбек ресурстары бар әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға үміткер болады.

      143. Конкурсқа қатысуға өтінім конкурстық құжаттамада көрсетілген оны ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін веб-портал арқылы электрондық құжат нысанында беріледі және әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада белгіленген шарттарға келісім беру, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің осы Қағидаларда көзделген өнім берушіні таңдау жөніндегі біліктілік және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін растайтын мәліметтерді алуға келісім білдіру нысаны болып табылады.

      144. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші ұйымдастырушыға ұсынатын конкурсқа қатысуға өтінім конкурстық құжаттамада санамаланған құжаттарды қамтуы тиіс.

      145. Әлеуетті өнім берушілер ұсынған конкурсқа қатысуға өтінімдер автоматты түрде веб-порталда тіркеледі.

      146. Веб-портал конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушіге тиісті хабарламаны автоматты түрде жіберген кезде конкурсқа қатысуға өтінім қабылданған болып есептеледі.

      147. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа, лоттар бойынша бөлінген жағдайда лотқа қатысуға бір ғана өтінім береді.

      148. Мынадай жағдайларда әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға құқығы жоқ және әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімін веб-портал автоматты түрде қабылдамайды:

      1) әлеуетті өнім беруші бұрын осы конкурсқа қатысуға өтінім берген болса;

      2) конкурсқа қатысуға өтінім веб-порталға осы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін келіп түссе;

      3) осы әлеуетті өнім берушінің бірінші басшыларының және (немесе) осы әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдауға қатысса не өткізілетін конкурстарда тапсырыс берушінің немесе конкурсты ұйымдастырушының өкілі болып табылса;

      4) конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің басшысы мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрған заңды тұлғаларды басқаруға, құруға, жарғылық капиталына қатысуға байланысты болса;

      5) конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің басшысы мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылса;

      6) конкурсқа қатысуға үміткер кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылатын әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушінің басшысы болып табылса;

      7) әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрса;

      8) әлеуетті өнім берушінің атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері болса және оны атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізсе;

      9) тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселеген мөлшерінен асатын салық берешегі және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегі болса;

      10) әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса;

      11) әлеуетті өнім берушінің баланстық құны тиісті негізгі қаражат құнының он пайызынан асатын мүлкіне тыйым салынса;

      12) әлеуетті өнім беруші және (немесе) олардың басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен терроризм мен экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілсе;

      13) банкроттық не тарату рәсіміне жатса;

      14) мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес өткен жылдың алдындағы үш жыл ішінде төленген салықтардың көрсеткіші әлеуетті өнім беруші табыстарының үш пайызынан кемді құраса.

      149. 148-тармақтың 14) тармақшасының нормалары Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында өткізілетін құны тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен асатын, облыстық маңызы бар қалаларда өткізілетін құны тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он мың еселенген мөлшерінен асатын конкурстарға (лоттарға) қатысатын әлеуетті өнім берушілерге қойылады.

      Төленген салықтар көрсеткішінің есебі мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес мынадай формула бойынша айқындалады:

      ТСК = ТС / КС х 100%,

      мұнда:

      ТСК - төленген салықтардың көрсеткіші;

      ТС - төленген салықтарының сомасы;

      КС - есептелетін үш жылдық кезең үшін әлеуетті өнім берушінің кіріс сомасы.

      150. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысу үшін ұсынатын конкурсқа қатысуға өтінімнің қолданылу мерзімі конкурсқа қатысуға өтінімдер ашылған күннен бастап кемінде күнтізбелік алпыс күнді құрайды және конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімге сәйкес келуі тиіс.

      151. Әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімді өзгертуі немесе кері қайтарып алуы конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімі өткенге дейін кез келген уақытта жүзеге асырылады .

      Конкурсқа қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі өткеннен кейін оны қайтарып алуға жол берілмейді.

      152. Әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамаға сәйкес талап етілетін жекелеген құжаттарды ұсынуы мемлекеттік ақпараттық жүйелерге және (немесе) мемлекеттік деректер базаларына жүгіну арқылы не веб-порталды пайдалана отырып, электрондық нысанды толтыру арқылы құжаттарды алу жолымен жүзеге асырылады.

      153. Әлеуетті өнім беруші оларды ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін веб-порталда мынадай құжаттарды қамтитын конкурстық өтінімді орналастырады:

      1) қолданыс мерзімін көрсете отырып, Үлгілік конкурстық құжаттамаға 4, 5-қосымшаларға сәйкес әлеуетті өнім берушінің қазақ және орыс тілдерінде жасалған конкурсқа қатысуға арналған өтінімі;

      2) конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырған күннен кейін мемлекеттік кіріс органдарының мәліметтері негізінде веб-портал автоматты түрде айқындайтын тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген алты еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшерде салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;

      3) тауарларды сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде электрондық банктік кепілдік немесе кепілдік берілген ақшалай жарна түрінде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету;

      4) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3-қосымшаға сәйкес жеткізушіні таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға техникалық тапсырма;

      5) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтер.

      154. Тиынмен есептелген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомасы дөңгелектенеді. Бұл ретте елу тиыннан кем сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал елу тиынға тең және одан жоғары сома бір теңгеге дейін дөңгелектенеді.

      155. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізу әрбір лотқа жеке немесе әлеуетті өнім беруші қатысатын конкурс лоттарының жалпы сомасына жүзеге асырылады.

      Әлеуетті өнім беруші ұйымдастырушының банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдік ақшалай жарна түрінде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізген жағдайда, ол кепілдік ақшалай жарнаны растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесі түрінде ұсынылады. Бұл ретте кепілдік ақшалай жарна конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзіміне дейін конкурстық құжаттамада көрсетілген банктік шотқа енгізіледі.

      156. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашуды веб-портал конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткен сәттен бастап бес минут ішінде автоматты түрде жүргізеді.

      157. Егер конкурсқа (лотқа) қатысуға бір ғана өтінім берілсе, онда мұндай өтінім де осы Қағидаларға сәйкес ашылады және қаралады.

      158. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу хаттамасын веб-портал осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес оларды ашу сәтінде автоматты түрде орналастырады. Бұл ретте веб-портал конкурстық комиссияның мүшелеріне, конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілерге автоматты түрде хабарлама жібереді.

      159. Конкурсты өткізу басталғанға дейін конкурстық комиссияның мүшелері, конкурстық комиссияның хатшысы, байқаушылар бекітілген конкурстық құжаттамамен және оның қосымшаларымен танысады.

      160. Конкурстық комиссия веб-портал арқылы біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтау мақсатында конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қарайды.

      161. Әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі мәніне конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия:

      1) конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, салыстыруды оңайлату үшін әлеуетті өнім берушілерден олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірмелерді жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратады;

      2) конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында қажетті ақпаратты сұратады.

      162. Конкурсқа қатысуға өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге байланысты конкурстық комиссияның сауал жіберуіне және өзге де іс-әрекеттеріне жол берілмейді.

      Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімді, егер онда ұсынылған өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап беретін өтінім ретінде қарайды.

      163. Әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарының банкроттық не тарату рәсіміне қатыстылығы бойынша сәйкестігін нақтылау мақсатында конкурстық комиссия банкроттық не тарату рәсімдерінің жүргізілуін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған ақпаратты қарайды.

      164. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашқан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде:

      1) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды, конкурсқа қатысушылар деп таниды;

      2) өлшемшарттарды қолданады және есептейді;

      3) осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес конкурс қорытындылары туралы хаттаманы ресімдейді.

      165. Конкурстық комиссияның шешімі веб-портал арқылы дауыс берумен қабылданады және егер оған конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санынан конкурстық комиссия мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда конкурстық комиссияның төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      Конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда осы конкурстық комиссияның кез келген мүшесінің өз пікірін айта алады, ол құжаттың электрондық көшірмесі нысанында веб-порталда орналастырылады.

      Конкурстық комиссияның тиісті хаттамаларында конкурстық комиссияның қандай да бір мүшесінің қолы болмаған жағдайда конкурстық комиссияның хатшысы қолдың болмау себебі жазылған құжатты немесе ақпаратты веб-порталда орналастырады.

      166. Конкурс қорытындылары туралы хаттама:

      1) осы Қағидалардың 161-тармағына сәйкес конкурстық комиссияның сауалдары туралы;

      2) бас тарту себептері егжей-тегжейлі сипатталған, оның ішінде олардың біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес еместігін растайтын мәліметтер мен құжаттар көрсетілген конкурсқа қатысуға өтінімдері қабылданбаған әлеуетті өнім берушілер туралы;

      3) конкурстық комиссияның өлшемшарттарды қолдануы туралы ақпаратты қамтиды.

      167. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға енгізілген "өтінімді қамтамасыз етуді":

      1) электронды банктік кепілдік түрінде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі жеткіліксіз болған жағдайда;

      2) конкурстық комиссияның:

      конкурсқа қатысуға "өтінімді қамтамасыз етуді" берген тұлғаны;

      электрондық банктік кепілдік түрінде конкурсқа қатысуға "өтінімді қамтамасыз ету" енгізілетін конкурстың атауы мен нөмірін;

      конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін, электрондық банктік кепілдік түрінде ұсынылған оны беру шарттарын және (немесе) конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомасын;

      конкурсқа қатысуға "өтінімді қамтамасыз ету" берілген тұлғаны;

      пайдасына конкурсқа қатысуға "өтінімді қамтамасыз ету" енгізілетін тұлғаны анықтауына мүмкіндік бермейтін мәліметтердің болмауынан көрінетін конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тиісінше ресімделмеген жағдайда;

      3) конкурсқа (лотқа) бөлінген соманың бір пайызынан кем мөлшерде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету енгізілген жағдайларда конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес емес деп таниды.

      168. Ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі туындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады:

      1) әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін кері қайтарып алған жағдайларда ашу хаттамасын орналастыру;

      2) конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қою. Аталған жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;

      3) әлеуетті өнім берушінің шартқа қол қоюы және оның шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуі.

      169. Конкурсты ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бірі туындаған кезде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді әлеуетті өнім берушіге қайтармайды:

      1) конкурс жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарса;

      2) конкурс жеңімпазы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгіленген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаса не тиісінше орындамаса, оның ішінде уақтылы орындамаса.

      Мұндай жағдайларда конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомасы тиісті бюджеттің кірісіне есептеледі.

      Әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімінің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін үшінші тұлғаларда енгізілген кепілдік ақшалай жарнаға тұтастай не бір бөлігінде талап ету құқығының туындауына әкеп соғатын іс-әрекеттер жасауына жол берілмейді.

      170. Конкурс қорытындылары туралы хаттамаға веб-порталда конкурстық комиссияның барлық мүшелері қол қояды және конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, оны конкурс қорытындылары туралы шешім қабылданған күні веб-порталда орналастырады.

      171. Конкурстық комиссия конкурс қорытындылары хаттамасында енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейді деп тану себебін көрсетеді.

      172. Конкурстық комиссия конкурс қорытындылары туралы хаттаманы қалыптастыру кезінде конкурсқа қатысуға бір өтінім берілген жағдайларды қоспағанда, конкурсқа қатысуға өтінім берген әрбір әлеуетті өнім берушіге қатысты Үлгілік конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаға өлшемшарттарға сәйкес балл қояды.

      Барынша көп балл жинаған әлеуетті өнім беруші конкурс жеңімпазы болып танылады.

      Егер конкурсқа конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес өтінімді ұсынған және осы Қағидалардың нормаларына сәйкес келетін бір әлеуетті өнім беруші қатысқан жағдайда, ол конкурс жеңімпазы болып танылады.

      173. Егер екі және одан да көп әлеуетті өнім беруші бірдей балл санын жинаған жағдайда, Үлгілік конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес "соңғы 5 жылда тауарлар нарығындағы жұмыс тәжірибесі" өлшемшарты бойынша ең көп балл жинаған конкурсқа қатысушы жеңімпаз болып танылады.

      Жұмыс тәжірибесі өлшемшарты бойынша балдар саны тең болған кезде мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес өткен жылдың алдындағы төрт жылда төленген салықтардың сомасы бойынша үлкен көрсеткіші бар әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.

      Төленген салықтар сомасы бойынша көрсеткіштер тең болған кезде конкурсқа қатысуға өтінімі басқа әлеуетті өнім берушілердің қатысуға өтінімдерінен бұрын түскен конкурсқа қатысушы жеңімпаз деп танылады.

      174. Конкурсты ұйымдастырушы:

      1) ұсынылған өтінімдер болмаған;

      2) конкурсқа қатысуға бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілмеген;

      3) егер аталған өнім беруші конкурсқа жалғыз қатысып, конкурс жеңімпазы шарт жасасудан жалтарған жағдайларда конкурсты өткізілмеді деп таниды.

      175. Конкурс өткізілмеді деп танылған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы конкурс өткізілмеді деп танылған күнінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей осы Қағидалардың 139-тармағына сәйкес конкурсты қайта өткізу туралы жариялайды.

      176. Егер конкурс жеңімпазы шарт жасасудан жалтарған жағдайда конкурсқа екі және одан да көп әлеуетті өнім беруші қатысқан кезде, конкурстық комиссия тауарларды жеткізушілерді таңдау өлшемшарттарына сәйкес конкурс жеңімпазынан кейін көп балл жинаған әлеуетті өнім берушімен шарт жасасу туралы шешім қабылдайды және екі жұмыс күні ішінде оған шартты жолдайды.

      Әлеуетті өнім беруші шартты алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде қол қояды және қол қойылған тауарларды жеткізу туралы шартты конкурсты ұйымдастырушыға қайтарады.

      177. Конкурс қорытындылары шығарылғанға дейінгі кезеңдегі қажеттілікке сәйкес тауарларды жеткізу үшін, бірақ қаржы жылының үш айынан аспайтын мерзімге тапсырыс беруші, конкурсты ұйымдастырушы тауарларды жеткізуді жүзеге асыратын өнім берушіні тарту туралы шешім қабылдайды.

      178. Тауарларды жеткізуді жүзеге асыратын өнім берушіні тарту туралы шешім қабылдаған кезде тапсырыс беруші, конкурсты ұйымдастырушы орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша тауарларды жеткізу үшін білім беру ұйымдарында кемінде 2 жыл тауарлар жеткізу бойынша тәжірибесі бар өнім берушіге сұрау жібереді.

      179. Тауарларды жеткізуді жүзеге асыратын өнім беруші келісім берген жағдайда конкурсты ұйымдастырушыдан хат алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың, жарғының (заңды тұлғалар үшін), жеке басын куәландыратын құжаттың (жеке тұлғалар үшін) көшірмелерін, техникалық тапсырманы, жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтерді және әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді қоса бере отырып жауап жібереді.

      180. Тауарды жеткізушіден хат алғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде оған тауарларды жеткізу туралы қол қойылған шартты жібереді.

      181. Тапсырыс беруші, конкурсты ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы екі жұмыс күні ішінде тапсырыс берушінің, конкурсты ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының интернет-ресурсында тауарларды жеткізуші туралы ақпаратты орналастырады.

      182. Конкурстық комиссияның шешімі бойынша 174-тармаққа сәйкес қайта конкурс өтпеді деп танылған кезде конкурсты ұйымдастырушы тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша тауарлар жеткізетін өнім берушіні тарту туралы шешім қабылдайды.

      Өнім берушіні тарту осы Қағидалардың 178, 179, 180, 181-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.

      183. Әлеуетті өнім беруші:

      1) егер ол мынадай негіздер бойынша:

      конкурстық құжаттамаға біліктілік туралы мәліметтерді табыс етпесе, сол сияқты толық емес мәліметтерді табыс етсе;

      әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада көрсетілген шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық және еңбек ресурстарына ие болу бөлігінде біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;

      біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат беру фактісі анықталса;

      2) егер оның конкурсқа қатысуға өтінімі мынадай негіздер бойынша конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді деп айқындалса:

      техникалық тапсырманы ұсынбаса;

      әлеуетті өнім беруші конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін техникалық тапсырманы ұсынса, сол сияқты техникалық тапсырмамен талап етілетін құжаттарды ұсынбаса;

      конкурстық құжаттаманың және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ұсынбаса;

      конкурстық өтінімде ұсынылған құжаттар бойынша дұрыс емес мәліметтерді ұсыну фактісі анықталса, конкурсқа қатысуға жіберілмейді, конкурсқа қатысушы, конкурс жеңімпазы ретінде таныла алмайды.

      184. Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасауды, егер олардың іс-әрекеттері (әрекетсіздігі), шешімдері әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзса, өнім беруші жүзеге асырады.

      Конкурс қорытындылары туралы хаттама орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға шағым жасалған кезде шарт жасасу мерзімі шағымды қарау мерзімі аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады. Конкурсқа қатыспаған тұлғаларға шағым жасау шарт жасасу мерзімін тоқтата тұрмайды.

      185. Шағым Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес электрондық мемлекеттік аудит шеңберінде қаралады.

      186. Уәкілетті орган шағым түскен күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырыс берушіге шарт жасасуды тоқтата тұру туралы хабарлама жібереді.

      187. Тапсырыс берушінің, конкурсты ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне жасалған шағымда іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасалып отырған заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері, шағым берген тұлғаның атауы, орналасқан жері, конкурс туралы мәліметтер, тапсырыс берушінің, конкурсты ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың шағым жасалған іс-әрекеттері (әрекетсіздігі), шешімдері қамтылуы тиіс. Шағымға шағым берген адамның дәлелдерін растайтын құжаттар қоса берілуі мүмкін.

      Шағымға оны беруші тұлға немесе оның өкілі қол қояды. Өкіл берген шағымға сенімхат немесе өкілдің өкілеттігін куәландыратын өзге де құжат қоса берілуі тиіс.

      188. Түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде шағым оны берген тұлғаға мынадай жағдайларда қараусыз қайтарылады:

      1) шағым осы Қағидалардың 187-тармағында белгіленген нормаларға сәйкес келмесе;

      2) шағымға қол қойылмаса не оған қол қоюға өкілеттігі жоқ тұлға қол қойса.

      189. Конкурс қорытындылары туралы хаттама тауарларды жеткізу туралы шарт жасасуға негіз болып табылады. Тауарларды сатып алу туралы шарт (бұдан әрі - шарт) тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында жасалады.

      190. Конкурс қорытындылары туралы хаттамаға шағымдану мерзімі өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушіге Үлгілік конкурстық құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес Тауарларды жеткізу туралы үлгілік шартқа сәйкес жасалған тауарларды жеткізу туралы қол қойылған шартты жібереді.

      191. Шарт тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша бекітілген жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бөлінген қаражат шегінде жасалады және өнім беруші тарапынан бұзушылықтар болмаған жағдайда шарттың қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде екі рет кейінгі қаржы жылдарына ұзартылады.

      Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен тамақтанумен қамтамасыз етілетін тәрбиеленушілер мен білім алушылардың саны өзгерген жағдайда шартқа өзгерістер енгізіледі.

      192. Өнім беруші шартты алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қол қойылған тауарларды жеткізу туралы шартқа қол қояды және конкурсты ұйымдастырушыға қайтарады.

      193. Өнім беруші шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізеді.

      Бұл ретте тапсырыс беруші шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізу мерзімі аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өнім берушіге шартты бұзу ниеті туралы хабарлама жібереді. Егер өнім беруші шартты бұзу ниеті туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбесе, тапсырыс беруші шартты бұзу туралы хабарлама жібереді.

      194. Шарттық міндеттемелерді орындау процесінде туындайтын барлық даулар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шешіледі.

      195. Алдын ала жылдық сатып алу жоспары шеңберінде өткізілген өнім берушіні таңдау рәсімдері тиісті бюджет бекітілгенге дейін аяқталған жағдайда, шарт жеңімпазға тиісті бюджет бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жіберіледі.

      196. Көрсетілген мерзім ішінде шартқа қол қоймаған әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарған болып есептеледі.

      197. Егер жеңімпаз деп танылған әлеуетті өнім беруші және екінші орын алған әлеуетті өнім беруші қол қойылған шартты тапсырыс берушіге Қағидаларда белгіленген мерзімде ұсынбаса, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбесе, онда конкурсты ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы Жосықсыз өнім берушілер тізбесін қалыптастыру қағидаларына сәйкес күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей сотқа өнім берушіні жосықсыз өнім беруші деп тану туралы талап-арызбен жүгінеді.

      198. Жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарған деп танылған жағдайда, ұйымдастырушы ол енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ұстап қалады.

      199. Егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші қол қойылған шартты тапсырыс берушіге ұсынбаса, шартты алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбесе, тапсырыс беруші өнім берушінің шартты бұзу туралы хабарламасын алған күннен бастап үш жұмыс күні өткен соң екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге шартты жібереді. Шартқа екінші орын алған әлеуетті өнім беруші оған шарт берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қол қояды.

      Егер екінші орын алған әлеуетті өнім беруші белгіленген мерзімде тапсырыс беруші қол қойған шартқа қол қоймаса, тапсырыс беруші қайта конкурс өткізуді жүзеге асырады.

      200. Қаржы органдары осы Қағидаларды бұза отырып қабылданған ұйымдастырушының және конкурстық комиссияның шешімдерін жою туралы не шарт жасалғанға дейін, оның ішінде ұйымдастырушының уәкілетті органның осындай шешіміне шағымдануы кезеңінде конкурстың күшін жою туралы шешім шығарған кезде, шарт жасалмайды.

      201. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін конкурсты ұйымдастырушы шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде белгілейді.

      202. Өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін таңдай алады:

      1) тапсырыс берушінің банктік шотына не Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілді ақшалай жарна;

      2) банктік кепілдік.

      Тапсырыс беруші өнім берушіге шарттың орындалуын қамтамасыз етуді өнім беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қайтарады.

2-параграф. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу тәртібі

      203. Конкурстық негізде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу мынадай дәйекті іс-қимылдарды орындауды көздейді:

      1) тауарларды сатып алу жоспарын әзірлеу және бекіту, конкурсты конкурсты ұйымдастырушы, конкурсты бірыңғай ұйымдастырушы өткізген жағдайда, Тапсырыс берушінің веб-портал арқылы конкурсты ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау үшін тауарларды сатып алудың жылдық жоспарының (тауарларды сатып алудың алдын ала жылдық жоспарының) тармақтарын жіберуі;

      2) конкурстық комиссияның құрамын, байқаушыларды қалыптастыру және бекіту, конкурсты ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы өткізген жағдайда, конкурстық комиссияның құрамына тапсырыс берушінің қызметкерлерін енгізу міндетті емес;

      3) конкурстық құжаттаманы бекіту;

      4) өнім берушіні таңдау рәсімін жүзеге асыру туралы хабарландыруды, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың мәтінін веб-порталда орналастыру;

      5) әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерді электрондық құжат нысанында ұсынуы және оларды веб-порталда автоматты түрде тіркеуі;

      6) өтінімдерді автоматты түрде ашу және тиісті ашу хаттамасын веб-порталда орналастыру;

      7) конкурстық комиссияның веб-портал арқылы әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін олардың біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарауы;

      8) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтау және оларды конкурсқа қатысушылар деп тану;

      9) конкурс жеңімпазын, сондай-ақ екінші орын алған әлеуетті өнім берушіні анықтау және сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы веб-порталда орналастыру;

      10) конкурс қорытындылары туралы хаттама негізінде тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының жеңімпазбен шарт жасасуы.

      204.Тауарларды сатып алуды ұйымдастырушының немесе тапсырыс берушінің тауарларды сатып алудың бекітілген жоспары негізінде конкурсты ұйымдастырушы не бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асырады.

      205. Тиісті бюджет негізінде тапсырыс беруші немесе, егер тапсырыс беруші мен конкурсты ұйымдастырушы бір тұлға болған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы тиісті бюджет бекітілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларға қажеттілік негізінде қаржы жылына арналған тауарларды сатып алу жоспарын әзірлейді және бекітеді.

      Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен тамақпен қамтамасыз етілетін тәрбиеленушілер және білім алушылар болмаған жағдайда тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша тауарларды сатып алу жоспарында бюджет қаражаты көрсетілмейді және әлеуетті өнім берушінің және (немесе) өнім берушінің өтінімді қамтамасыз етуі, шартты орындауы енгізілмейді.

      206. Тапсырыс беруші немесе, егер Тапсырыс беруші мен конкурсты ұйымдастырушы бір тұлға болған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы тауарларды сатып алу жоспары бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны веб-порталда орналастырады.

      Тапсырыс беруші ұйымдастырушыға, бірыңғай ұйымдастырушыға конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін ақпарат пен құжаттарды ұсынады.

      207. Тауарларды сатып алу жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу тапсырыс берушінің немесе, егер тапсырыс беруші мен конкурсты ұйымдастырушы бір тұлға болған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушының бюджетіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда жүзеге асырылады.

      Тапсырыс беруші немесе, егер тапсырыс беруші мен конкурсты ұйымдастырушы бір тұлға болған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы тауарларды сатып алу жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды веб-порталда орналастырады.

      208. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау үшін ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы конкурстық комиссияны бекітеді және конкурстық комиссияның хатшысын айқындайды.

      209. Конкурстық комиссия құру және конкурстық комиссияның хатшысын айқындау туралы шешімді ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға қабылдайды.

      210. Конкурстық комиссия конкурсты ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының бұйрығымен құрылады және комиссия мүшелерінің тақ санынан, бірақ кемінде бес адамнан тұрады.

      Конкурстық комиссияның мүшелері өтінімдерді қарайды және комиссияның жоқ мүшелерін ауыстырусыз дауыс беруге қатысады..

      211. Конкурсты ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы конкурстық комиссияның құрамына келісім бойынша веб-порталда тіркелген жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің өкілдерін енгізеді.

      212. Конкурстық комиссияның төрағасы болып ұйымдастырушының,бірыңғай ұйымдастырушының бірінші басшысының орынбасарынан, не бірінші басшының немесе оның орынбасарының міндетін атқарушы тұлғадан төмен емес лауазымды адам айқындалады.

      Конкурстық комиссияның төрағасы болмаған жағдайда конкурстық комиссия төрағасының кандидатурасы қайта бекітіледі. Бұл ретте, конкурстық комиссияның төрағасы болып бірінші басшының орынбасарынан төмен емес лауазымды адам, ал ол болмаған жағдайда бірінші басшы айқындалады.

      213. Конкурстық комиссияның төрағасы конкурстық комиссияның қызметіне жетекшілік жасайды және осы Қағидаларда көзделген функцияларды жүзеге асырады.

      214. Конкурстық комиссия оны құру туралы шешім күшіне енген күннен бастап әрекет етеді және шарт жасалған күні өз қызметін тоқтатады.

      215. Конкурстық комиссияның отырысы, егер оған ауыстыру құқығынсыз конкурстық комиссия мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып табылады. Конкурстық комиссия мүшелерінің бірі болмаған жағдайда, конкурстық комиссия отырысының хаттамасында оның болмау себебі көрсетіледі.

      216. Конкурстық комиссияның ұйымдастырушылық қызметін конкурстық комиссияның хатшысы қамтамасыз етеді. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссияның мүшесі болып табылмайды және конкурстық комиссия шешімдер қабылдаған кезде дауыс беруге қатыспайды.

      Конкурстық комиссияның хатшысы конкурсты ұйымдастыруға және өткізуге жауапты конкурсты ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы болып табылатын органның немесе ұйымның лауазымды тұлғаларының қатарынан айқындалады.

      217. Конкурстық комиссияның хатшысы:

      1) конкурстық құжаттаманы қалыптастырады және веб-порталда орналастырады;

      2) веб-порталда конкурс өткізу туралы хабарландыруды, конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу хаттамасын, конкурс қорытындылары туралы хаттаманы, сондай-ақ болған жағдайда басқа да құжаттарды орналастырады;

      3) осы Қағидаларда көзделген функцияларды жүзеге асырады.

      218. Конкурстық комиссияның отырыстарында конкурсты ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы кемінде екі адамды құрайтын байқаушылардың қатысуын қамтамасыз етеді. Байқаушылардың құрамына конкурсты ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы балалардың құқықтарын қорғау саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың (келісім бойынша), саяси партиялардың (келісім бойынша), мектептердің қамқоршылық кеңестерінің (болған жағдайда), ата-аналар қоғамдастығының өкілдерін енгізеді.

      Мынадай:

      1) конкурс нәтижелеріне мүдделі;

      2) конкурсты ұйымдастырушымен, бірыңғай ұйымдастырушымен не әлеуетті өнім берушілермен не конкурсты ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының, әлеуетті өнім берушінің аффилирленген тұлғаларымен еңбек қатынастары бойынша байланысты;

      3) конкурсты ұйымдастырушының жақын туысы, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаты болып табылатын адамдар байқаушы бола алмайды

      219. Байқаушылар конкурстық комиссияның мүшелері болып табылмайды және конкурстық комиссия шешімдер қабылдаған кезде дауыс беруге қатыспайды.

      Байқаушылар конкурстық комиссияның жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасамайды, әлеуетті өнім берушілердің дербес деректеріне, әлеуетті өнім берушілер қатысатын конкурстық рәсімдерге қатысты мәліметтерді жария етпейді, техникалық жазба құралдарын пайдаланбайды.

      220. Байқаушылардың конкурстық комиссияның жұмысы туралы пікірі конкурс қорытындылары бойынша жазбаша нысанда қалыптастырылады, оны хатшы конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қосып веб-порталда орналастырады, сондай-ақ байқаушылар оны конкурсты ұйымдастырушыға, бірыңғай ұйымдастырушыға, сондай-ақ конкурсты ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының жоғары тұрған органына конкурстың кез келген кезеңінде ұсына алады.

      221. Конкурсты ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Үлгілік конкурстық құжаттамаға сәйкес конкурстық құжаттаманы әзірлейді және бекітеді, ол мыналарды қамтиды:

      1) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынатын тауарлардың тізбесі;

      2) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3-қосымшаға сәйкес өнім берушіні таңдау бойынша конкурстық құжаттамаға техникалық тапсырма.

      3) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 4, 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер үшін конкурсқа қатысуға өтінім;

      4) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтер;

      5) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаларға сәйкес тауарларды жеткізушіні таңдау өлшемшарттары;

      6) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес Тауарларды жеткізу туралы үлгілік шарт.

      222. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау, сондай-ақ лоттарға бөлінген жағдайда конкурс жеңімпазын айқындау конкурстық құжаттамада көзделген әрбір лот бойынша жүзеге асырылады.

      223. Конкурсқа конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қарау қорытындылары бойынша айқындалған, біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілер қатысады.

      224. Конкурсқа қатысу үшін әлеуетті өнім беруші келесі біліктілік талаптарына сәйкес келеді:

      1) конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырған күннен кейін мемлекеттік кіріс органдарының мәліметтері негізінде веб-портал автоматты түрде айқындайтын тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы;

      2) банкроттық не таратылу рәсіміне жатқызылмауы;

      3) материалдық және еңбек ресурстарының болуы;

      4) мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес өткен жылдың алдындағы үш жыл ішінде төленген салықтардың көрсеткіші әлеуетті өнім беруші табыстарының кемінде үш пайызын құрайды.

      225. 224-тармақтың 4) тармақшасының нормалары Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында өткізілетін құны тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен асатын, облыстық маңызы бар қалаларда өткізілетін құны тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он мың еселенген мөлшерінен асатын конкурстарға (лоттарға) қатысатын әлеуетті өнім берушілерге қойылады.

      Төленген салықтар көрсеткішінің есебі мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес мынадай формула бойынша айқындалады:

      ТСК = ТС / КС х 100%,

      мұнда:

      ТСК - төленген салықтардың көрсеткіші;

      ТС - төленген салық сомасы;

      КС - есептелетін үш жылдық кезең үшін әлеуетті өнім берушінің кіріс сомасы;

      226. Отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін конкурсты ұйымдастырушы (тапсырыс беруші) тамақтандыруды ұйымдастыру шеңберінде техникалық тапсырмада, шартта әлеуетті өнім берушілерге отандық өндірістің тамақ өнімдерінен кемінде 60% (алпыс пайыз) сатып алу туралы талаптарды қарастырады.

      227. Конкурстық құжаттама бекітілгеннен кейін конкурсты ұйымдастырушы веб-порталда қазақ және орыс тілдерінде конкурстық құжаттаманы қалыптастырады.

      228. Конкурсты ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей веб-порталда осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес конкурс өткізу туралы хабарландырудың мәтінін, сондай-ақ конкурстық құжаттаманы орналастырады.

      Әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынуының соңғы күнінің мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландырудың мәтінін және бекітілген конкурстық құжаттаманың мәтінін орналастырған күннен бастап кемінде күнтізбелік он бес күнді құрайды.

      229. Конкурстық құжаттамаға өзгерістерді конкурсты ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы конкурс өткізу туралы хабарландырудың мәтінін орналастырған күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде енгізеді.

      Ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтінін веб-портал арқылы веб-порталда конкурстық құжаттаманы алған өнім берушілерге жібереді.

      Конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі күнтізбелік бес күннен он күнге дейінгі мерзімге ұзартылады.

      230. Қайта конкурсты жүзеге асырған жағдайда конкурсты ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік он күн бұрын қайтадан конкурсты өткізуге байланысты шартты орындау мерзімін қоспағанда, өтпеген конкурстың конкурстық құжаттамасының өзгермеуі шартымен қайтадан конкурсты жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін веб-порталда орналастырады.

      231. Конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап барлық ниет білдірушілерге веб-порталда конкурстық құжаттаманы алу мүмкіндігі беріледі.

      232. Конкурстық құжаттаманы веб-порталда конкурс өткізу туралы хабарланған сәтке дейін беруге жол берілмейді.

      233. Құқықтық қабілеті бар, төлем қабілеті бар және материалдық және еңбек ресурстары бар әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға үміткер болады.

      234. Конкурсқа қатысуға өтінім конкурстық құжаттамада көрсетілген оны ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін веб-портал арқылы электрондық құжат нысанында беріледі және әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада белгіленген шарттарға келісім беру, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің осы Қағидаларда көзделген өнім берушіні таңдау жөніндегі біліктілік және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін растайтын мәліметтерді алуға келісім білдіру нысаны болып табылады.

      235. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші ұйымдастырушыға ұсынатын конкурсқа қатысуға өтінім конкурстық құжаттамада санамаланған құжаттарды қамтуы тиіс.

      236. Әлеуетті өнім берушілер ұсынған конкурсқа қатысуға өтінімдер автоматты түрде веб-порталда тіркеледі.

      237. Веб-портал конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушіге тиісті хабарламаны автоматты түрде жіберген кезде конкурсқа қатысуға өтінім қабылданған болып есептеледі.

      238. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа, лоттар бойынша бөлінген жағдайда лотқа қатысуға бір ғана өтінім береді.

      239. Мынадай жағдайларда әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға құқығы жоқ және әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімін веб-портал автоматты түрде қабылдамайды:

      1) әлеуетті өнім беруші бұрын осы конкурсқа қатысуға өтінім берген болса;

      2) конкурсқа қатысуға өтінім веб-порталға осы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін келіп түссе;

      3) осы әлеуетті өнім берушінің бірінші басшыларының және (немесе) осы әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдауға қатысса не өткізілетін конкурстарда тапсырыс берушінің немесе конкурсты ұйымдастырушының өкілі болып табылса;

      4) конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің басшысы мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрған заңды тұлғаларды басқаруға, құруға, жарғылық капиталына қатысуға байланысты болса;

      5) конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің басшысы мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылса;

      6) конкурсқа қатысуға үміткер кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылатын әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушінің басшысы болып табылса;

      7) әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрса;

      8) әлеуетті өнім берушінің атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері болса және оны атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізсе;

      9) тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселеген мөлшерінен асатын салық берешегі және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегі болса;

      10) әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса;

      11) әлеуетті өнім берушінің баланстық құны тиісті негізгі қаражат құнының он пайызынан асатын мүлкіне тыйым салынса;

      12) әлеуетті өнім беруші және (немесе) олардың басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен терроризм мен экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілсе;

      13) банкроттық не тарату рәсіміне жатса;

      14) мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес өткен жылдың алдындағы үш жыл ішінде төленген салықтардың көрсеткіші әлеуетті өнім беруші табыстарының үш пайызынан кемді құраса.

      240. 239-тармақтың 14) тармақшасының нормалары Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында өткізілетін құны тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен асатын, облыстық маңызы бар қалаларда өткізілетін құны тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он мың еселенген мөлшерінен асатын конкурстарға (лоттарға) қатысатын әлеуетті өнім берушілерге қойылады.

      Төленген салықтар көрсеткішінің есебі мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес мынадай формула бойынша айқындалады:

      ТСК = ТС / КС х 100%,

      мұнда:

      ТСК - төленген салықтардың көрсеткіші;

      ТС - төленген салықтарының сомасы;

      КС - есептелетін үш жылдық кезең үшін әлеуетті өнім берушінің кіріс сомасы.

      241. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысу үшін ұсынатын конкурсқа қатысуға өтінімнің қолданылу мерзімі конкурсқа қатысуға өтінімдер ашылған күннен бастап кемінде күнтізбелік алпыс күнді құрайды және конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімге сәйкес келуі тиіс.

      242. Әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімді өзгертуі немесе кері қайтарып алуы конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімі өткенге дейін кез келген уақытта жүзеге асырылады .

      Конкурсқа қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі өткеннен кейін оны қайтарып алуға жол берілмейді.

      243. Әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамаға сәйкес талап етілетін жекелеген құжаттарды ұсынуы мемлекеттік ақпараттық жүйелерге және (немесе) мемлекеттік деректер базаларына жүгіну арқылы не веб-порталды пайдалана отырып, электрондық нысанды толтыру арқылы құжаттарды алу жолымен жүзеге асырылады.

      244. Әлеуетті өнім беруші оларды ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін веб-порталда мынадай құжаттарды қамтитын конкурстық өтінімді орналастырады:

      1) қолданыс мерзімін көрсете отырып, Үлгілік конкурстық құжаттамаға 4, 5-қосымшаларға сәйкес әлеуетті өнім берушінің қазақ және орыс тілдерінде жасалған конкурсқа қатысуға арналған өтінімі;

      2) конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырған күннен кейін мемлекеттік кіріс органдарының мәліметтері негізінде веб-портал автоматты түрде айқындайтын тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген алты еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшерде салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;

      3) тауарларды сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде электрондық банктік кепілдік немесе кепілдік берілген ақшалай жарна түрінде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету;

      4) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3-қосымшаға сәйкес жеткізушіні таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға техникалық тапсырма;

      5) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтер.

      245. Тиынмен есептелген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомасы дөңгелектенеді. Бұл ретте елу тиыннан кем сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал елу тиынға тең және одан жоғары сома бір теңгеге дейін дөңгелектенеді.

      246. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізу әрбір лотқа жеке немесе әлеуетті өнім беруші қатысатын конкурс лоттарының жалпы сомасына жүзеге асырылады.

      Әлеуетті өнім беруші ұйымдастырушының банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдік ақшалай жарна түрінде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізген жағдайда, ол кепілдік ақшалай жарнаны растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесі түрінде ұсынылады. Бұл ретте кепілдік ақшалай жарна конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзіміне дейін конкурстық құжаттамада көрсетілген банктік шотқа енгізіледі.

      247. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашуды веб-портал конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткен сәттен бастап бес минут ішінде автоматты түрде жүргізеді.

      248. Егер конкурсқа (лотқа) қатысуға бір ғана өтінім берілсе, онда мұндай өтінім де осы Қағидаларға сәйкес ашылады және қаралады.

      249. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу хаттамасын веб-портал осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес оларды ашу сәтінде автоматты түрде орналастырады. Бұл ретте веб-портал конкурстық комиссияның мүшелеріне, конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілерге автоматты түрде хабарлама жібереді.

      250. Конкурсты өткізу басталғанға дейін конкурстық комиссияның мүшелері, конкурстық комиссияның хатшысы, байқаушылар бекітілген конкурстық құжаттамамен және оның қосымшаларымен танысады.

      251. Конкурстық комиссия веб-портал арқылы біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтау мақсатында конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қарайды.

      252. Әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі мәніне конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия:

      1) конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, салыстыруды оңайлату үшін әлеуетті өнім берушілерден олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірмелерді жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратады;

      2) конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында қажетті ақпаратты сұратады.

      253. Конкурсқа қатысуға өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге байланысты конкурстық комиссияның сауал жіберуіне және өзге де іс-әрекеттеріне жол берілмейді.

      Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімді, егер онда ұсынылған өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап беретін өтінім ретінде қарайды.

      254. Әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарының банкроттық не тарату рәсіміне қатыстылығы бойынша сәйкестігін нақтылау мақсатында конкурстық комиссия банкроттық не тарату рәсімдерінің жүргізілуін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған ақпаратты қарайды.

      255. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашқан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде:

      1) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды, конкурсқа қатысушылар деп таниды;

      2) өлшемшарттарды қолданады және есептейді;

      3) осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес конкурс қорытындылары туралы хаттаманы ресімдейді.

      256. Конкурстық комиссияның шешімі веб-портал арқылы дауыс берумен қабылданады және егер оған конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санынан конкурстық комиссия мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда конкурстық комиссияның төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      Конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда осы конкурстық комиссияның кез келген мүшесінің өз пікірін айта алады, ол құжаттың электрондық көшірмесі нысанында веб-порталда орналастырылады.

      Конкурстық комиссияның тиісті хаттамаларында конкурстық комиссияның қандай да бір мүшесінің қолы болмаған жағдайда конкурстық комиссияның хатшысы қолдың болмау себебі жазылған құжатты немесе ақпаратты веб-порталда орналастырады.

      257. Конкурс қорытындылары туралы хаттама:

      1) осы Қағидалардың 252-тармағына сәйкес конкурстық комиссияның сауалдары туралы;

      2) бас тарту себептері егжей-тегжейлі сипатталған, оның ішінде олардың біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес еместігін растайтын мәліметтер мен құжаттар көрсетілген конкурсқа қатысуға өтінімдері қабылданбаған әлеуетті өнім берушілер туралы;

      3) конкурстық комиссияның өлшемшарттарды қолдануы туралы ақпаратты қамтиды.

      258. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға енгізілген "өтінімді қамтамасыз етуді":

      1) электронды банктік кепілдік түрінде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі жеткіліксіз болған жағдайда;

      2) конкурстық комиссияның:

      конкурсқа қатысуға "өтінімді қамтамасыз етуді" берген тұлғаны;

      электрондық банктік кепілдік түрінде конкурсқа қатысуға "өтінімді қамтамасыз ету" енгізілетін конкурстың атауы мен нөмірін;

      конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін, электрондық банктік кепілдік түрінде ұсынылған оны беру шарттарын және (немесе) конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомасын;

      конкурсқа қатысуға "өтінімді қамтамасыз ету" берілген тұлғаны;

      пайдасына конкурсқа қатысуға "өтінімді қамтамасыз ету" енгізілетін тұлғаны анықтауына мүмкіндік бермейтін мәліметтердің болмауынан көрінетін конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тиісінше ресімделмеген жағдайда;

      3) конкурсқа (лотқа) бөлінген соманың бір пайызынан кем мөлшерде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету енгізілген жағдайларда конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес емес деп таниды.

      259. Ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі туындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады:

      1) әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін кері қайтарып алған жағдайларда ашу хаттамасын орналастыру;

      2) конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қою. Аталған жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;

      3) әлеуетті өнім берушінің шартқа қол қоюы және оның шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуі.

      260. Конкурсты ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бірі туындаған кезде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді әлеуетті өнім берушіге қайтармайды:

      1) конкурс жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарса;

      2) конкурс жеңімпазы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгіленген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаса не тиісінше орындамаса, оның ішінде уақтылы орындамаса.

      Мұндай жағдайларда конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомасы тиісті бюджеттің кірісіне есептеледі.

      Әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімінің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін үшінші тұлғаларда енгізілген кепілдік ақшалай жарнаға тұтастай не бір бөлігінде талап ету құқығының туындауына әкеп соғатын іс-әрекеттер жасауына жол берілмейді.

      261. Конкурс қорытындылары туралы хаттамаға веб-порталда конкурстық комиссияның барлық мүшелері қол қояды және конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, оны конкурс қорытындылары туралы шешім қабылданған күні веб-порталда орналастырады.

      262. Конкурстық комиссия конкурс қорытындылары хаттамасында енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейді деп тану себебін көрсетеді.

      263. Конкурстық комиссия конкурс қорытындылары туралы хаттаманы қалыптастыру кезінде конкурсқа қатысуға бір өтінім берілген жағдайларды қоспағанда, конкурсқа қатысуға өтінім берген әрбір әлеуетті өнім берушіге қатысты Үлгілік конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаға өлшемшарттарға сәйкес балл қояды.

      Барынша көп балл жинаған әлеуетті өнім беруші конкурс жеңімпазы болып танылады.

      Егер конкурсқа конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес өтінімді ұсынған және осы Қағидалардың нормаларына сәйкес келетін бір әлеуетті өнім беруші қатысқан жағдайда, ол конкурс жеңімпазы болып танылады.

      264. Егер екі және одан да көп әлеуетті өнім беруші бірдей балл санын жинаған жағдайда, Үлгілік конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес "соңғы 5 жылда тауарлар нарығындағы жұмыс тәжірибесі" өлшемшарты бойынша ең көп балл жинаған конкурсқа қатысушы жеңімпаз болып танылады.

      Жұмыс тәжірибесі өлшемшарты бойынша балдар саны тең болған кезде мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес өткен жылдың алдындағы төрт жылда төленген салықтардың сомасы бойынша үлкен көрсеткіші бар әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.

      Төленген салықтар сомасы бойынша көрсеткіштер тең болған кезде конкурсқа қатысуға өтінімі басқа әлеуетті өнім берушілердің қатысуға өтінімдерінен бұрын түскен конкурсқа қатысушы жеңімпаз деп танылады.

      265. Конкурсты ұйымдастырушы:

      1) ұсынылған өтінімдер болмаған;

      2) конкурсқа қатысуға бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілмеген;

      3) егер аталған өнім беруші конкурсқа жалғыз қатысып, конкурс жеңімпазы шарт жасасудан жалтарған жағдайларда конкурсты өткізілмеді деп таниды.

      266. Конкурс өткізілмеді деп танылған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы конкурс өткізілмеді деп танылған күнінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей осы Қағидалардың 230-тармағына сәйкес конкурсты қайта өткізу туралы жариялайды.

      267. Егер конкурс жеңімпазы шарт жасасудан жалтарған жағдайда конкурсқа екі және одан да көп әлеуетті өнім беруші қатысқан кезде, конкурстық комиссия тауарларды жеткізушілерді таңдау өлшемшарттарына сәйкес конкурс жеңімпазынан кейін көп балл жинаған әлеуетті өнім берушімен шарт жасасу туралы шешім қабылдайды және екі жұмыс күні ішінде оған шартты жолдайды.

      Әлеуетті өнім беруші шартты алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде қол қояды және қол қойылған тауарларды жеткізу туралы шартты конкурсты ұйымдастырушыға қайтарады.

      268. Конкурс қорытындылары шығарылғанға дейінгі кезеңдегі қажеттілікке сәйкес тауарларды жеткізу үшін, бірақ қаржы жылының үш айынан аспайтын мерзімге тапсырыс беруші, конкурсты ұйымдастырушы тауарларды жеткізуді жүзеге асыратын өнім берушіні тарту туралы шешім қабылдайды.

      269. Тауарларды жеткізуді жүзеге асыратын өнім берушіні тарту туралы шешім қабылдаған кезде тапсырыс беруші, конкурсты ұйымдастырушы орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша тауарларды жеткізу үшін білім беру ұйымдарында кемінде 2 жыл тауарлар жеткізу бойынша тәжірибесі бар өнім берушіге сұрау жібереді.

      270. Тауарларды жеткізуді жүзеге асыратын өнім беруші келісім берген жағдайда конкурсты ұйымдастырушыдан хат алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың, жарғының (заңды тұлғалар үшін), жеке басын куәландыратын құжаттың (жеке тұлғалар үшін) көшірмелерін, техникалық тапсырманы, жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтерді және әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді қоса бере отырып жауап жібереді.

      271. Тауарды жеткізушіден хат алғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде оған тауарларды жеткізу туралы қол қойылған шартты жібереді.

      272. Тапсырыс беруші, конкурсты ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы екі жұмыс күні ішінде тапсырыс берушінің, конкурсты ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының интернет-ресурсында тауарларды жеткізуші туралы ақпаратты орналастырады.

      273. Конкурстық комиссияның шешімі бойынша 265-тармаққа сәйкес қайта конкурс өтпеді деп танылған кезде конкурсты ұйымдастырушы тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша тауарлар жеткізетін өнім берушіні тарту туралы шешім қабылдайды.

      Өнім берушіні тарту осы Қағидалардың 269, 270, 271, 272-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.

      274. Әлеуетті өнім беруші:

      1) егер ол мынадай негіздер бойынша:

      конкурстық құжаттамаға біліктілік туралы мәліметтерді табыс етпесе, сол сияқты толық емес мәліметтерді табыс етсе;

      әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада көрсетілген шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық және еңбек ресурстарына ие болу бөлігінде біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;

      біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат беру фактісі анықталса;

      2) егер оның конкурсқа қатысуға өтінімі мынадай негіздер бойынша конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді деп айқындалса:

      техникалық тапсырманы ұсынбаса;

      әлеуетті өнім беруші конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін техникалық тапсырманы ұсынса, сол сияқты техникалық тапсырмамен талап етілетін құжаттарды ұсынбаса;

      конкурстық құжаттаманың және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ұсынбаса;

      конкурстық өтінімде ұсынылған құжаттар бойынша дұрыс емес мәліметтерді ұсыну фактісі анықталса, конкурсқа қатысуға жіберілмейді, конкурсқа қатысушы, конкурс жеңімпазы ретінде таныла алмайды.

      275. Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасауды, егер олардың іс-әрекеттері (әрекетсіздігі), шешімдері әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзса, өнім беруші жүзеге асырады.

      Конкурс қорытындылары туралы хаттама орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға шағым жасалған кезде шарт жасасу мерзімі шағымды қарау мерзімі аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады. Конкурсқа қатыспаған тұлғаларға шағым жасау шарт жасасу мерзімін тоқтата тұрмайды.

      276. Шағым Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес электрондық мемлекеттік аудит шеңберінде қаралады.

      277. Уәкілетті орган шағым түскен күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырыс берушіге шарт жасасуды тоқтата тұру туралы хабарлама жібереді.

      278. Тапсырыс берушінің, конкурсты ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне жасалған шағымда іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасалып отырған заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері, шағым берген тұлғаның атауы, орналасқан жері, конкурс туралы мәліметтер, тапсырыс берушінің, конкурсты ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың шағым жасалған іс-әрекеттері (әрекетсіздігі), шешімдері қамтылуы тиіс. Шағымға шағым берген адамның дәлелдерін растайтын құжаттар қоса берілуі мүмкін.

      Шағымға оны беруші тұлға немесе оның өкілі қол қояды. Өкіл берген шағымға сенімхат немесе өкілдің өкілеттігін куәландыратын өзге де құжат қоса берілуі тиіс.

      279. Түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде шағым оны берген тұлғаға мынадай жағдайларда қараусыз қайтарылады:

      1) шағым осы Қағидалардың 278-тармағында белгіленген нормаларға сәйкес келмесе;

      2) шағымға қол қойылмаса не оған қол қоюға өкілеттігі жоқ тұлға қол қойса.

      280. Конкурс қорытындылары туралы хаттама тауарларды жеткізу туралы шарт жасасуға негіз болып табылады. Тауарларды сатып алу туралы шарт (бұдан әрі - шарт) тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында жасалады.

      281. Конкурс қорытындылары туралы хаттамаға шағымдану мерзімі өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушіге Үлгілік конкурстық құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес Тауарларды жеткізу туралы үлгілік шартқа сәйкес жасалған тауарларды жеткізу туралы қол қойылған шартты жібереді.

      282. Шарт тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша бекітілген жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бөлінген қаражат шегінде жасалады және өнім беруші тарапынан бұзушылықтар болмаған жағдайда шарттың қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде екі рет кейінгі қаржы жылдарына ұзартылады.

      Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен тамақтанумен қамтамасыз етілетін тәрбиеленушілер мен білім алушылардың саны өзгерген жағдайда шартқа өзгерістер енгізіледі.

      283. Өнім беруші шартты алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қол қойылған тауарларды жеткізу туралы шартқа қол қояды және конкурсты ұйымдастырушыға қайтарады.

      284. Өнім беруші шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізеді.

      Бұл ретте тапсырыс беруші шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізу мерзімі аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өнім берушіге шартты бұзу ниеті туралы хабарлама жібереді. Егер өнім беруші шартты бұзу ниеті туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбесе, тапсырыс беруші шартты бұзу туралы хабарлама жібереді.

      285. Шарттық міндеттемелерді орындау процесінде туындайтын барлық даулар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шешіледі.

      286. Алдын ала жылдық сатып алу жоспары шеңберінде өткізілген өнім берушіні таңдау рәсімдері тиісті бюджет бекітілгенге дейін аяқталған жағдайда, шарт жеңімпазға тиісті бюджет бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жіберіледі.

      287. Көрсетілген мерзім ішінде шартқа қол қоймаған әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарған болып есептеледі.

      288. Егер жеңімпаз деп танылған әлеуетті өнім беруші және екінші орын алған әлеуетті өнім беруші қол қойылған шартты тапсырыс берушіге Қағидаларда белгіленген мерзімде ұсынбаса, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбесе, онда конкурсты ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы Жосықсыз өнім берушілер тізбесін қалыптастыру қағидаларына сәйкес күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей сотқа өнім берушіні жосықсыз өнім беруші деп тану туралы талап-арызбен жүгінеді.

      289. Жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарған деп танылған жағдайда, ұйымдастырушы ол енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ұстап қалады.

      290. Егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші қол қойылған шартты тапсырыс берушіге ұсынбаса, шартты алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбесе, тапсырыс беруші өнім берушінің шартты бұзу туралы хабарламасын алған күннен бастап үш жұмыс күні өткен соң екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге шартты жібереді. Шартқа екінші орын алған әлеуетті өнім беруші оған шарт берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қол қояды.

      Егер екінші орын алған әлеуетті өнім беруші белгіленген мерзімде тапсырыс беруші қол қойған шартқа қол қоймаса, тапсырыс беруші қайта конкурс өткізуді жүзеге асырады.

      291. Қаржы органдары осы Қағидаларды бұза отырып қабылданған ұйымдастырушының және конкурстық комиссияның шешімдерін жою туралы не шарт жасалғанға дейін, оның ішінде ұйымдастырушының уәкілетті органның осындай шешіміне шағымдануы кезеңінде конкурстың күшін жою туралы шешім шығарған кезде, шарт жасалмайды.

      292. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін конкурсты ұйымдастырушы шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде белгілейді.

      293. Өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін таңдай алады:

      1) тапсырыс берушінің банктік шотына не Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілді ақшалай жарна;

      2) банктік кепілдік.

      Тапсырыс беруші өнім берушіге шарттың орындалуын қамтамасыз етуді өнім беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қайтарады.


Похожие публикации:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив