12
март
2020
АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА. ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА.
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
Сіздің және балаңыздың денсаулығын қорғау мақсатында коронавирустық инфекцияның алдын алудың келесі шараларын сақтауды ұсынамыз:
ИНФЕКЦИЯНЫҢ БЕРІЛУ ЖОЛДАРЫ:
- Көп жағдайда ауру адам жөтелгенде немесе түшкіргенде ауа тамшылары арқылы тарайды;
- Тұрмыстық байланыс арқылы: жеке байланыс, (жанасу, қол алысу, залалды объектіде болу немесе бетті тигізу)
ПРОФИЛАКТИКА ШАРАЛАРЫ:
- қол және тыныс алу жолдарының гигиенасын сақтау, қолды 20 секунд бойы мұқият жуу, мұрынды изотон ерітіндімен жуу;
- иммунитетті арттыру: дұрыс ұйықтау, дұрыс тамақтану, спортпен айналысу; - бөлмені желдету;
- жиі қолданылатын заттарды залалсыздандыру құралдарымен сүрту;
- дене температурасы бар адамдарға қоғамдық орындарға бармау және медициналық көмекке уақытылы жүгіну қажет, сондай-ақ жіті респираторлық инфекция симптомдары бар адамдар жөтелу әдебін сақтауы қажет (қашықтықты сақтаңыз, жөтелгенде және түшкіргенде ауызды бір рет қолданатын орамалдармен немесе киіммен жабыңыз және қолды жуыңыз); - коронавирус жағдайы тіркелген, қауіпті аймақтарға сапарға шықпау;
- адам көп жиналған жерлерден алшақ бол.