08
октябрь
2021
7 қазан күні ата-аналар жиналысы өткізілді.
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 7 қазан күні ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа ата-аналар «Ashyg» жүйесімен кіргізілді. Жиналысты мектеп психологтары Э.Ахметова, А.Талпаковның танысу тренингімен басталды. Басқосуда директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Досмахамбетов мектеп пен ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынас туралы, балалардың ішкі тәртібі туралы соның ішінде балалардың ұялы телефон қолдануына тыйым салуды. Мектептің әлеуметтік педагогтары М.Джанзакова мен А.Жанжигитова балалардың тамақтануы және мектеп пен ата - ана арасындағы байланысты видео ролик көрсетіп өзара сұрақтар қойылды. Сонымен қатар Аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының меңгерушісі К.Ж.Адешова қыз балалар арасында кездесетін ерте жүктілік, оның денсаулыққа қаншалықты зиян екендігі туралы, денсаулығына тигізер кері әсері туралы толыққанды мәлімет беріп, видеороликтер көрсетті. Ал, ата-аналар болса, жылы лебіздерін білдіріп, алаңсыз жұмыс істеп жүргеніміз, балаларымызды сеніп тапсырған Темірбек Қожакеев атындағы №39 ЖОББМГ - ның ұстаздарына жылы лебізін білдірді.