Кезектен тыс ата-аналар жиналысы өткізілді » СШГ №39 имени Темирбека Кожакеева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Темірбек қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-55-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Кезектен тыс ата-аналар жиналысы өткізілді
25
сентябрь
2021

Кезектен тыс ата-аналар жиналысы өткізілді

Темірбек Қожакеев  атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында  кезектен тыс ата-аналар жиналысының


Хаттама №1

      Өткізілген күні: 25.09.2021ж

      Қатысқандар: Мектеп әкімшілік, мектеп ұжымы (кіші қызметкерлері) 


Күн тәртібінде қаралатын мәселелер:

  1. 2020-2021 оқу жылының қорытынды есебі – мектеп директоры А.А.Калкабаева
  2. 2021 – 2022 оқу жылындағы оқу тәрбие жоспарындағы жаңашылдықтар мен  ата-аналарды таныстыру – мектеп директоры А.А.Калкабаева
  3. Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың  «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі»   жолдауымен таныстыру – мектеп директоры А.А..Калкабаева
  4. Жарақаттанудың алдын алу бойынша «Жол жүрісі қағидаларын білу-қауіпсіздік негізі» жол көлік оқиғасының алдын алу        - С.Досмахамбетов
  5. Мектептің ішкі тәртібімен (уставымен)   таныстыру – ДТЖО С.Досмахамбетов

     6. Оқытудың штаттық режимінде санитарлық талаптарды   сақтау – ДҚІЖО

          Қ.Нұрмахамбетов

     7. Әр түрлі мәселелер


 1. 2020-2021 оқу жылында Темірбек Қожакеев  атындағы №39 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы «Коллоборативті орта құру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру және оқу- танымдық іс-әрекеті, шығармашылығы дамыған тұлға қалыптастыру» тақырыбында жұмыс жасады.Мектеп-гимназиясы мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) стандарт талаптарына сай. Білім алушылардың білімі мен іскерлігін бағалау нәтижелері мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес деп есептелді. Мектепішілік бақылау жоспарына сай пәндердің оқытылу сапасы, оқушылардың білімді меңгеру сапасы тексерілді. Мектебімізде жиынтық бағалаудың қорытындылары білім алушыларға, ата-аналарға немесе баланың заңды өкіліне қағаз/электронды форматта ұсынылды.   

Тоқсандық және бөлім бойынша жиынтық бағалау жұмыстарын құрастыруда оқу мақсаттары дұрыс алынып, бағалау критерийлері дұрыс құрастырылды. Тоқсандық және жиынтық бағалау жұмыстарын құрастыру барысында №125 бұйрықта көрсетілген балл шектеулері ескерілді. Әдістемелік бірлестік ішінде құрастырылған тапсырмаларға сараптама жұмыстары жүргізілді. 

Жылдық жұмыс жоспарына сәйкес аудандық жас мамандарға әдістемелік көмек беру мақсатында   «Жиынтық бағалаудың нәтижесін талдау. Рубрика мен модерация»-тақырыбында аудандық семинар-практикум өткізілді.

Қашықтан оқыту жағдайында Daryn.online платформасында мектеп бойынша 162-педагог member.daryn.online-ға тіркелді. Оқушыларды сыныпқа тіркеу және тапсырмаларды оқушыларға беру нұсқаулығы жасалынып таратылды. Әр сынып жетекші өз сыныбындағы оқушыларға бақылау жасады. Оқушыларға Daryn.online платформасында қалай тапсырмаларды орындауы керек екені жайында нұсқау берілді.

-Барлық оқушылар платформадағы тапсырмаларды орындады

-Оқушылармен бейнеконференциялар жүргізіледі

-Тапсырмаларды орындау деңгейін пән мұғалімдері бақылайды

2Биылғы оқу жылының ерекшеліктерінің бірі – А.Байтұрсыновтың әдістемесі  негізінде әзірленген «Әліппе» мен «Букварь» пәндерінің қайтарылуы. Бұл идея былтырғы тамыз конференциясында айтылған болатын. Бірінші қыркүйек күні мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге салтанатты түрде «Әліппе» және «Букварь» оқулықтары табыс етілді. 

Сабақ ұзақтығы 45 минутқа қайтарылды. Білім алушылардың оқу жүктемесі төмендетілді. Білім беру ұйымдарына қысқартылған оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарларын таңдау мүмкіндігі артты.

2021-2022 оқу жылындағы ерекшеліктер:

ü Білім алушылардың оқу жүктемесін азайту. 

ü 1-сыныптарға «Әліппе», «Ана тілі», «Букварь», «Обучение грамоте», «Цифрлық сауаттылық» пәндерін енгізу. 

ü Білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толықтыру. 

ü Үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыс жүргізуді жетілдіру. 

ü Жазғы мектеп есебінен оқыту мерзімін 20 маусымға дейін ұзарту. 

ü Міндетті формативті бағалау. 

ü Сабақ ұзақтығы – 45 минут. 6 күндік. 

ü 5-сыныптан 11-сыныптар аралығында «Жаһандық құзыреттіліктер» таңдау курсын немесе басқа курстарды енгізу. 

ü Мектептердің таңдауы бойынша «Музыка» оқу бағдарламасының шеңберінде оқыту қазақ тілінде жүргізілетін 6-сыныпта домбыра тартуды үйрету. 

ü Оқытудың әртүрлі форматтарына (дәстүрлі, аралас, қашықтан) мектептердің дайындығын қамтамасыз ету. 

ü Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды бағалау. 

ü Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларға оқу бағдарламаларын бейімдеу. 

ü Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларға тиімді психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету. 

ü Инклюзивті орта мәдениетін қалыптастыру. 

ü «Оқуға құштар мектеп», «Дебаттар», «Өзін-өзі басқару күні», «Мектеп театры» жобаларын іске асыру. 

ü Ұлттық құндылықтар негізінде мектептің мәдени ортасын қалыптастыру (қарым-қатынас, мектеп қоңырауы). 

ü Мектеп пен отбасында күнделікті 20 минут кітап оқуды ұйымдастыру. 

ü Ерте кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу. 

ü Білім алушылардың дене дамуының мониторингі. 

ü Педагогтерді тарифтеу тәртібі бойынша ұсыныстар. 

ü Жан басына шаққандағы қаржыландыру механизмін жетілдіру. 

ü Педагогтерді жұмысқа қабылдаудың жаңа ережелерін енгізу. 

ü Мектеп пен ата-аналардың өзара байланысын күшейту.


3. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі мен жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» тақырыбындағы Жолдауын насихаттау бойынша жиналыс өткізді.  Жолдаудағы бірнеше бағыттарға тоқтала кетіп, түсіндіріп өтті. Ең бірінші биыл Егемен ел болғанымызға 30 жыл толып отырған Тәуелсіздігіміз жайында әңгімеледі. Еліміз Тәуелсіздік жылнамасының төртінші онжылдығына қадам басқалы тұр. Бұл кезеңнің оңай болмайтыны қазірдіңі өзінде айқын бақылауда деген Президенттің сөзін жеткізді. Жолдау жеті үлкен бағыттан тұрады. 

І. Пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық даму

IІ. Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру

IІІ. Сапалы білім беру

IV. Өңірлік саясатты жетілдіру

V. Еңбек нарығында тиімді экожүйе қалыптастыру 

VІ. Саяси жаңғыру және адам құқығын қорғау

VІІ. Ұлттың ұйысуы – одан әрі дамудың басты факторы 

Мемлекеттік бастамаларды реттеу үшін 2025 жылға дейінгі дамудың Ұлттық жоспарын және Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін қабылдадық. Ұлттық жобалар бекітілетін болады. Стратегиялық мақсатымыз – Орталық Азиядағы көшбасшылық рөлімізді күшейту және әлемдік экономикадағы орнымызды нығайту. Жер қойнауын пайдалану саласына, әсіресе геологиялық барлау және жер қойнауын кешенді зерттеу ісіне тың серпін қажет. Ұлт жоспары аясында басталған реформаларды соңына дейін жеткізген жөн.  Атап айтқанда, геологиялық ақпараттың ашық цифрлық мәліметтер базасын құрып, оны инвесторлар үшін қолжетімді ету керек.

5. 1. Бала тәрбиесі – ата-ананың негізгі міндеті. 

2. Мектеп әкімшілігі мен сынып жетекші мұғалімдер жиі байланыста болу, сабақтарына қатысу. 

3. Баланың оқу құралдармен толық қамтамасыз ету және оқушының бірыңғай мектеп формасын киуін қадағалау.  

4. Оқушының таңертең сабаққа таңғы асын ішкізіп, сабақтан кешікпеуін қадағалау.

5. Жолдағы жол ережелерін күнделікті   баланың есіне салып отыру.

6. Жыл мезгілдерінің ауа-райына байланысты балаларының киімдерін ыңғайлы киіндіру.

7. Күнделікті оқушының (баланың) электронды  күнделікке қарау, хабарламаларға жауап беру.

8. Мектепте мәдени қоғамдық істерге, мектепішілік іс-шараларға  қатысуға. 

9. Оқушылардың мектеп жарғысын және ішкі тәртіп Ережелерінің орындауын бақылау. 

10. Мүмкіндігіне қарай мектепке материалдық көмек көрсету. 

11. Ата-ана мектеп әкімшілігі және   мұғалімдермен байланыс жасаған уақытта   мән жағдайға (проблемалық) терең түсінік таныта отырып, қатынас жасау. 

12. Мұғалімнің ар-ожданына, намысына тіл тигізбеу.

13. Мектепте ата-ана нәсілдік, діни, милитаристік және халықаралық құқықпен жалпыға танылған принциптеріне қайшы келетін өзге идеяларды насихаттауға тыйым салынады. 

14. Сыныптық және жалпы мектептік ата-аналар жиналысына қатысу.                                                                                                                        15. Ата-аналар(заңды өкілдер)балаларының сабақтан тыс жағдайда олардың жеке басының қауіпсіздігіне тікелей жауапты болып табылады.                                                     

16. Ата-аналар (заңды өкілдер) балаларының  ұялы телефондарындағы сайттарды үнемі тексеріп, бақылауда ұстасын, құлаққаптармен көшеде, жол бойында  қолдануына тиым салынады.

17. Ата-аналар жеке санитарлық құрылғылармен қамту, түсіндірме жұмыстарын жүргізу;

19. Қашықтық форматында оқу кезінде құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету;    

20. Оқушының бойындағы орын алан өзгерістерді мектеп әкімшілігіне және психологотарға хабарлауға міндетті.                                                                       


І. Оқушылар ережесін, антын, әдептілік ережесін, оқушыларға арналған мектеп формасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы  14 қаңтардағы №26 «Орта білім беру ұйымдары үшін мектеп формасына қойылатын талаптарға» сәйкес бірыңғай болу керек және оны сақтау керек. 

  1. Мектеп формасы күнделікті, мерекелік  және спорттық болып бөлінеді.
  2. Мектеп формасына классикалық пішіндегі сақталуы тиіс. 
  3. Мектеп формасына түрлі діни  конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды.
  4. Білімді, оқу біліктері мен  дағдыларын табандылықпен игеру. 
  5. Covid-19  пандемияға байланысты оқушылар сақтық шараларын сақтайды, міндетті түрде бет перде, арақашықтық т.б. сақталынады; 

10) Мектепішілік сыныптың іс – шараларға, өзін – өзі басқару жұмыстарына, қоғамдық жұмыстарға белсене араласу. 

11) Сыныпта, отбасында, күнделікті өмірде салауатты өмір салтын қалыптастыру. 

12) Халқымыздың мемлекеттік рәміздерін көздің қарашығындай сақтап, құрметтеп қастерлеу. 

13) Көшеде жүріп – тұру, өрттен сақтану, жол ережелерін сақтау, тиым салынған жерлерде болмау, суда жүзу қауіпсіздіктерін сақтау, мектеп ережелерін білу және қатаң сақтау. 

14) Ата – ананы, жаняұның ересек мүшелерін құрметтеу, қарттар мен кішілерге қамқорлық жасау. 

15) Жалпыға пайдалы іс үшін адал еңбектену мен өнімді еңбек етуге қамдану, болашақтағы мамандығын таңдай білу. 

16)  Қоршаған ортаны қорғау, күтіп баптау, табиғатты аялау, туған өлкені көркейтуге ат салысу. 

17) Оқуды, еңбекті дұрыс ұйымдастыра отырып, қызығушылығына қарай үйірмелер мен спорттық секцияларға қатысу. 

18) 7.50-де мектеп ауласындағы таңғы жаттығудан кешікпейді (ауа-райының өзгеруіне байланысты тоқтатылады) сырт киімдерін киім ілгішке (гардеробка) өткізеді.

19) Мектеп ішінде оқушылардың бас киіммен жүруіне рұқсат етілмейді.                                                                                                                  20)  Оқушылар мектепте ұялы телефонды қажетті жағдайда ғана қолдануға міндетті.  

22) Оқушыларға мектеп және мектеп территориясына атылатын, жарылғыш қару, пышақ,   өртегіш заттар, улы және токсикалық заттар, темекі әкелуге және алкогольдік     ішімдіктерді, адам өміріне қауіп төндіретін заттарды алып келуге тиым салынады.

23) Мектептен тыс жерлерде оқушылар өздерінің ары мен намысына, қадір қасиетіне нұқсан келмейтіндей, мектеп абыройына дақ салмайтындай болып жүру керек.


7. 2021-2022 оқу жылында мектебіміз штаттық форматта оқуға көшті. Мектебімізде covid-19  таралуына алып келетін әрекеттерді болдырмауаясында мектебімізде «Ashyq» мобильді қосымшасы орнатылды. Мектепте педагогтар, техникалық қызметкерлер, келушілер QR-код бойынша «Ashyq» қосымшасы арқылы кіруге рұқсат етілген. Сонымен қатар мектебімізде мектеп қызметкерлері санитарлық талаптарды сақтай отырып, бетперде (маска) тағып жұмыс жасауда. Мектептегі әр кабинетте санитарлық талаптар сақталған. Әр кабинетте антисептик, таза бетперделер, қол жууға арналған сұйықтықтар және дәрі-дәрмек қорабы бар.  Сабақ аяқталған сайын оқушылар антисептикпен қолдарын микробтардан залалсыздандырады. Мектебіміз ІІ ауысым бойынша жұмыс жасауда. 1 ауысым  8.00-де 8-11 сыныптар, 2 ауысым 14.00-де 5-7 сыныптар білім алуда. 

         Мектебіміздегі педагогтар мен техникалық қызметкерлер 100% вакцинацияланған. 

         . Мектебімізде оқушылардың қауіпсіздігін бақылау барысында, 35 бейнебақылау камералары үздіксіз жұмыс жасауда.  



Шешім: 


  1. Былтырғы оқу жылындағы олқылықтарды жою мақсатында жоспар жасалынып, ата-аналармен бірге балалардың білім - тәрбие саласы бойынша жұмыстар жалғастырылсын. 
  2. 2021-2022 оқу жылылндағы оқу тәрбие жоспарындағы жаңашылдықтарға ата-аналар қамтылсын, үштік одақ жұмысы бойынша да жұмыстар жалғастырылсын. 
  3. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі мен жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» тақырыбындағы Жолдауы жыл бойы ата-аналар арасында талқыланып, насихатталсын.
  4. Жолда жүру ережесін ата-аналар балаларға әрдайым түсіндіріп, балаларды мектепке алып келу, алып кету сияқты сақтық шаралары қамтамасыз етіп отырсын
  5. Мектептің ішкі тәртіп ережесіндегі қағидалар толықтай орындалсын, ата-аналар ат салыссын, сынып жетекшілер түсіндіру жұмыстарын жалғастырсын.
  6. Оқытудың штаттық режимінде санитарлық талаптарды сақтау қатаң бақылауға алынсын, ата-аналар балаларға бет пердемен, антисептик т.б. сақтық шараларына қатысты құралдармен қамтамасыз етсін. 
  7. Ата-аналар балаларының бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында мектептегі спорттық, көркем-эстетикалық үйірмелерге қамтылуын қамтамасыз етсін.
  8. Ата-аналар балаларының білім сапасына көңіл бөліп, күнделік кз порталына жиі кіріп, бақылауда ұстасын. 



          Мектеп директоры                                         А.А.Калкабаева




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив