05
май
2020
«АБАЙ МҰРАСЫ» атты Республикалық Абай шығармашылығынан онлайн өнер байқауы
Президентіміз Қ.К.Тоқаев 2020 жылды Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Абай жылы» деп белгілеуіне байланысты «Алтын ғасыр» шығармашылық орталығы 2020 жылдың 6-24-ші сәуір аралығында «АБАЙ МҰРАСЫ» атты Республикалық Абай шығармашылығынан онлайн өнер байқауын ұйымдастырды. Осы байқауда Бас жүлдеге ие болған оқушылар - «Көркем сөз» жанры бойынша 10 «Б» сынып оқушысы Рысқұлова Гүлдерай Асылбекқызы «Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап» өлеңін және «Бейнелеу өнері» жанры бойынша Абай бейнесін сомдаған 10 «Г» сынып оқушысы Ветчининова Ясмина Мухаммадовна.
І-ші орын иегерлері – «Абайдың қара сөздері» жанры бойынша 10-сынып оқушылары Серік Ділназ Жақсылыққызы он тоғызыншы қара сөзін оқыды, «Қолөнері» жанры бойынша Рысқұлова Гүлдерай Асылбекқызы «Бақыт гүлі» атты дәнді дақылдардан дайындаған қолөнерін ұсынды. «Пушкин шығармалары» номинациясы бойынша Тоқтағұл Дина Қайратқызы орыстың ұлы ақыны А.С. Пушкиннің «Письмо Татьяны» өлеңін орыс тілінде нақышына келтіріп оқыды. ІІ-ші орынды « Көркем сөз» жанры бойынша 10-сынып оқушылары Ходус Сергей Сергеевич ұлы ақынның «Жалғыз қалдым – тап шыным», Жұмалы Ақерке Берікқызы «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес» өлеңін, Мұхтарқызы Жазира «Өлсем, орным қара жер, сыз болмай ма» өлеңін және Серік Ділназ Жақсылыққызы «Шығарма» жанры бойынша «Абай Құнанбайұлы – қазақтың бас ақыны» тақырыбында шығарма жазып иеленсе, Оқсығалы Дамир Ерланұлы «Аспапта ойнау» жанры бойынша өз жанынан шығарған музыкалық шығармасын ұсынып ІІ-ші орынды иеленді. Ең кішкентай бүлдіршініміз Намаз Көркем Жандосқызы Абай атамыздың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін мәнерлеп оқып, ІІІ-ші орынды иеленді. Жоғарыда аталған барлық оқушылар дипломмен марапатталып, медаль иегерлері атанды.Бас жүлдеге ие болған оқушылар Рысқұлова Гүлдерай мен Ветчининова Ясминаға диплом, медаль және ұлы ақын Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Сен де бір кірпіш дүниеге» атты өлеңдер мен қара сөздері жинақталған кітап сыйға берілді. Осы аталған оқушылардың жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Алденбекова Индира Төлебайқызы. Саналы білімі мен өнегесін өскелең ұрпақтың бойына сіңіріп, рухы биік әрі білімді шәкірттер тәрбиелейтін осындай ұстаздарымыз көп болсын!