Жетістіктеріміз » Страница 7 » СШГ №39 имени Темирбека Кожакеева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Темірбек қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-55-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Әдістемелік қызмет оқу-тәрбие үрдісін сапалы ұйымдастыру негізі" атты аудандық байқауының жеңімпазы.
18
май
2022
"Әдістемелік қызмет оқу-тәрбие үрдісін сапалы ұйымдастыру негізі"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы меркі ауданының білім бөлімі ұйымдастырған "Әдістемелік қызмет оқу-тәрбие үрдісін сапалы ұйымдастыру негізі" атты аудандық байқауының жеңімпазы, Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп гимназиясы директорының ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Киргизбаева Венера Амиреевна І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Мың бала" Ұлттық олимпиадасының жеңімпаздары
17
май
2022
Мың бала" Ұлттық олимпиадасының жеңімпаздары
"Мың бала" ұлттық олимпиадасына облыс бойынша 14 022 оқушы қатысты. Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының 5-6 сынып оқушылары арасынан 13 оқушы қатысып, 6 оқушы жеңімпаз атанды. Олар: Қанат Диас, Жандосқызы Анел, Қанат Олжас, Абдухалик Нұрай, Серік Алия, Амангелді Аруна. Жеңімпаздар Қазақстанның кез келген дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерінде білімдерін жалғастыруға мүмкіндік алады. Жүзден жүйрік жеңімпаздарымызға сәттілік тілейміз!!!
Бауыржан Момышұлының көркем шығармаларын жатқа оқып жеңімпаз атанды.
11
май
2022
Бауыржан Момышұлының көркем шығармаларын жатқа оқып жеңімпаз атанды.
    Облыстық   Бауыржан Момышұлының шығармашылық мұрасын өскелең ұрпаққа насихаттау жəне тарату мақсатында ұйымдастырылған   "Ер есімі -ел есінде " атты Алаштың айбыны-  Бауыржан Момышұлының көркем шығармаларын жатқа оқып, мəнерлеп оқудан топты жарып      Темірбек Қожакеев атындағы N39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының 9  сынып оқушысы Ахметова Аяна ІІІ орын иеленді.    Рухани құндылығың  дамып, кітап оқуға деген қызығушылығың артып, шығармашылықтың шыңына жете бер  демекпіз.
«Заманауи жас маман-2022»  жеңімпазын құттықтаймыз!
05
май
2022
«Заманауи жас маман-2022» жеңімпазын құттықтаймыз!
«Заманауи жас маман-2022»  жеңімпазын құттықтаймыз! Бүгін, яғни 2022 жылдың  5 мамыр күні жас мұғалімдердің шығармашылықтарын, жұмыс істеу қабілеттерін анықтау, кәсіби мәртебесін көтеру және қолдау мақсатында өткізілген аудандық «Заманауи жас маман-2022» байқауы өткізілді. Байқау 3 кезеңнен тұрды:  1. Пән бойынша тест жұмысын орындау; 2. «Жаңғыру жолындағы жас маман рөлі» тақырыбында эссе жазу;    3. Белгілі бір тақырыпта әдіс-тәсілдердің озық үлгілерін пайдалана отырып, панорамалық сабақ
Республикалық пәндер олимпиадасының II (аудандық) кезеңінде жеңімпаз атанды!
04
май
2022
Республикалық пәндер олимпиадасының II (аудандық) кезеңінде жеңімпаз
     Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының 7-8 сынып оқушыларының жаратылыстану математикалық бағыттағы республикалық пәндер олимпиадасының II (аудандық) кезеңінде жеңімпаз аталған білім алушыларды мектеп директоры А.А.Калкабаева  марапаттады. Биология пәнінен 2-орын иеленген  Есеналы Мейірім.  Химия пәнінен 3-орынды иеленгендер Жеңісбек Аделя,  Даулетияр Ардақ. Физика пәнінен 2-орынды Білімжан Анеля мен Қырғызбек Нұрасыл иеленді. Математика пәнінен
"Оқушылардың ғылыми жұмыстарының марафоны" атты Республикалық қашықтық жобалар мен зерттеу жұмыстары байқауының жеңімпазы атанды.
20
апрель
2022
"Оқушылардың ғылыми жұмыстарының марафоны" атты Республикалық
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы білім беретін мектеп гимназиясының оқушысы Жарылқасын Аяна 12 сәуір 2022 жылы  өткен Ғылым қызметкерлері күніне арналған "Оқушылардың ғылыми жұмыстарының марафоны" атты Республикалық қашықтық жобалар мен зерттеу жұмыстары байқауының жеңімпазы атанып ІІІ  дәрежелі дипломмен марапаттады.
"Дүниежүзі елдерін салыстыруда қолданылатын көрсеткіштер» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
14
апрель
2022
"Дүниежүзі елдерін салыстыруда қолданылатын көрсеткіштер» тақырыбында
   Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 14.04 күні география пәні мұғалімі А.Н. Ниязкулова 10«Б» сыныбымен "Дүниежүзі елдерін салыстыруда қолданылатын көрсеткіштер» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында мұғалім   "Бинго","Құпия ел" әдісі арқылы білім алушылар жаңа тақырыпты өз бетінше талдады,мұғалім сабақта өзін өзі бағалау арқылы, әр сабақ кезеңдері бағаланды. Оқушылар сабақта картамен  жұмыс жасады. "Өз біліміңді тексер" әдісі арқылы,Coreapp 
“Ханталапай” ұлттық ойын байқауында  жеңімпаз атанды.
14
апрель
2022
“Ханталапай” ұлттық ойын байқауында жеңімпаз атанды.
        Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті ұйымдастырған “Шымырлық пен шеберлік күні” шеңберіндегі “Ханталапай” ұлттық ойын байқауында Темірбек Кожакеев атындағы № 39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының мектепалды даярлық сынып тәрбиеленушілері:Битурсынов Ибрахим, Тохтамуратова Рабия, Бекзат Амирхан , Якубжанова Асмира , Намазбаев Абубакир 1 дәрежелі Дипломмен марапатталды Жетекшісі: Алиева Сона Натиковна
Облыстық “ Химия-биология” пәндері олимпиадасында жүлдегер атанды.
13
апрель
2022
Облыстық “ Химия-биология” пәндері олимпиадасында жүлдегер атанды.
    Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің  Жаратылыстану және география  институтының ұйымдастыруымен 9-11 сынып оқушылары арасында облыстық “ Химия-биология” пәндері олимпиадасында Темірбек Қожакеев атындағы №39 ЖОББМГ- ның 11 сынып оқушысы Күмісбек Жанерке 3 дәрежелі дипломмен марапатталады. Жетекшілері: биология пәні мұғалімі Шекенова А.А. химия пәні мұғалімі Бегешова А.Т.
"Полиция балалар көзімен" атты аудандық байқауында  I-дәрежелі дипломмен марапатталды.
11
апрель
2022
"Полиция балалар көзімен" атты аудандық байқауында I-дәрежелі
      Темірбек Қожакеев атындағы №39 ЖОББМГ да 08.04.2022ж Қазақстан Республикасының балалар жылына арналған  "Полиция балалар көзімен" атты аудандық байқауы өтті. Оқушылар байқау да үш кезеңнен бақтарын сынады. Мәнерлеп оқу, сурет, шығарма. Сурет номинациясы бойынша үздік жұмысын ұсынғаны үшін Темірбек Қожакеев атындағы №39 ЖОББМГ-ның оқушысы Қадірова Диана, Исажан Айғаным  I-дәрежелі дипломмен марапатталса Амангелді Алуа, Азизбек Жанайым Алғыс хат пен марапатталды.