«Менің отбасым» тақырыбында өткізілген тренинг анықтамасы
Темірбек Қожакеев атындағы №39 ЖОББМГ «Менің отбасым» тақырыбында өткізілген тренинг анықтамасы
Меркі ауылы 12.11.2021 жыл
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында мектептің әлеуметтік педагогтары және Қамқоршылық кеңес мүшесі З.Қартайғанова аз қамтылған отбасы балаларымен «Менің отбасым» тақырыбында тренинг өткізді.
Мақсаты: оқушыларға отбасы туралы мағлұмат бере отырып, отбасын құрметтеуге , мақтан етуге, ата-анасын сыйлауға, кішіге қамқор, тату болуға тәрбиелеу.
Барысы: оқушыларға сыйластық, жарастық орнаған орта; шағын мемлекет; ата-әже, әке-шеше; қоғамның басты негізі; бала тәрбиесінің алғашқы ұжымы; адам ғұмырының тірегі. Отбасы әр адамның шағын отаны. Отбасынды өсіп-өніп тәрбие алады. Біз жастаймыздан өзгелерге қамқор болуды, ата-ананы үлкендерді сыйлауды, жақсы көруді отбасынан үйренеміз. Бізге ең жақын ең қымбат жандар отбасында яғни бірге жанымызда болады. Отбасы ата –әженің ұрпағынан тарап, шағын мемлекетке айналады. Отбасы- Бірге тұратын, бір -біріне қамқорлық жасайтын және ортақ шаруашылық жүргізетін бір үйдің адамдары.
Ата-анамыз біздің тұрмысымыз жақсы болуы үшін еңбек етеді деп өз ойларын білдірді.