« The Kingdom of three languages » атты ағылшын тілі пән бірлестігі апталығының талдауы 2018-2019 оқу жылы » СШГ №39 имени Темирбека Кожакеева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Темірбек қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-55-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » « The Kingdom of three languages » атты ағылшын тілі пән бірлестігі апталығының талдауы 2018-2019 оқу жылы
21
декабрь
2018

« The Kingdom of three languages » атты ағылшын тілі пән бірлестігі апталығының талдауы 2018-2019 оқу жылы

Ағылшын тілі әдістемелік бірлесітігінің апталығы жұмысының талдауы

2018 жылдың 8-26 қазан аралығында ағылшын тілінің қолданыс аясын кеңейту, тілдің мәртебесін көтеру мақсатында №39 орта мектебінде ағылшын тілі бірлестігінің « The Kingdom of three languages » атты ағылшын апталығы өткізілді.

Апталықтың мақсаты - оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен тілін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, шет тілін құрметтеуге үйрете отырып, оқушыларды ағылшын тілінде еркін сөйлеуге дағдыландыру.

Мектеп ішінде директордың бұйрығымен жоспар жасалып, іс-шаралар ұйымдастырылды. Құрылған жоспар бойынша барлық сыныптар қамтылды. Апталық салтанатты жиынмен басталды. Салтанатты сап түзеу мемлекеттік Әнұраннан басталып, жоғарғы сынып жене ағылшын мұғалімдердің жасаған әзірлемесі бойынша жүргізілді.

Ағылшын тілі бірлестігінің құрылған жоспары бойынша апталықтын салтанатты ашылуы, ашық сабақтар, сыныптан іс-шаралар өткізілді.

Ағылшын тілі бірлестігінің апталығының өткізілуі туралы есебі. Ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің арасында 8.10 – 26.10.2018 ж. аралығында пән апталығы болып өтті. Алдын ала апталықтың жоспары ӘБ отырысында қарастырылып директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарымен бекітілді. 8.10.2018ж. апталықтың ашылуы болды, апталықтың жоспары хабарланып, стендке ілінді. Сап түзеуде оқушылар әр тілде тақпақ, өлеңдер айтты.

Апталықтың тақырыбы: «Үш тіл патшалығы!»

Мақсаты: оқушылардың тіл туралы білімдерін кеңейтіп оларды әрі қарай дамыту, тілдерге деген құрмет пен сыйластықты оқушы бойында тәрбиелеу, оқушылар арасында түсінушілік пен достастықты қалыптастыру.

12.10.2018 ж. Ағылшын тілі пәні мұғалімі Отарбаева Г.А. 9 «Г» сыныбымен «Сinemas in London» атты ашық сабағын өткізді. Ашық сабағында түрлі технологияларды қолданып, оқушылармен топтық жұмыстар жүргізді. Оқушылар тапсырмаға жақсы, қызығушылықпен дайындалғандарын көрсетті. Сыныптан тыс шарасында тақырыпқа сай презентация дайындалған, кабинет іс-шараға толық дайын болды. Яғни жүргізілетін іс-шараға сай суреттер, нақыл сөздер көрсетілді.


Ағылшын тілі апталығының өтілуі барысында 5 – 11 сыныптар арасында әр түрлі тақырыптарға байланысты қабырға газеті байқауы ұйымдастырылды. Сонымен қатар оқушыларға ағылшын тіліндегі ребустар, жұмбақтар, кроссвордтар, тесттерді шешу ұсынылды.

15.10.2018ж. күні Отарбаева Г.А. мұғалімдер арасында “«Оқу үшін бағалау мотивациясы, білімі төмен оқушылардың білім сапасын қаншалықты арттырады?»” атты коучинг өткізді. Ойын

полиглот түрінде өтіп, әр тақырыптарды қамтыды. Оқушылар ойынға қызығушылықпен қатысты. Осы зияткерлик ойында қызықты тапсырмалар берілді. Бұл интелектуалдық ойында оқушылар бір-бірімен жарысып, мәресінде бір оқушы шығып, марапатталды. Сайыста оқушылар ағылшын тілінен жан-жақты білім деңгейлерін көрсете білді. Сайысты слайдтар бойынша өткізді.Сайыста мақалдар айтып жарысу, мақалдардың жалғасын табу, сұраққа байланысты мақалдар табу сияқты тапсырмалар орындалды. Жеңімпаз атанған 10 «Ә» сынып тобы апталық қорытындысында мақтау қағазымен марапатталды.

18.10.2018ж. Ағылшын тілі пәні мұғалімі Cақыбай Ұ.Д « Language report. country» атты 6 «В» сыныбымен ашық сабағын өткізді. Ашық сабақ қазіргі заман талабына сай, жаңа технологияларды пайдалану арқылы өткізді. Сабақ үстінде әр түрлі ойындар, қызықты тренингтер өткізілді. Мұғалім өз мақсатына жете алды.

19.10.2018ж. Ағылшын тілі пәні мұғалімі Ноғайбекова А.Қ. «My country. Living things» атты 5 «В» сыныбымен ашық сабағын өткізді. Өткізілген сабақ құрылымы сабақ түрімен сәйкес келеді, яғни негізігісі тақырыпты түсіндіру және жаңа сабақты бекітуін ұйымдастыру болып келеді.

Сабақтың қалаулы мазмұны оқушылардың белсенділіктерін арттыру мақсаты барлық бөлімдерде көрсетілген, ал сабақтың білімділік мақсатына жету үшін формалары мен әдістері орындалды, сол сияқты оқушылардың танымдық белсенділіктеріне ынталандырылды.
18.10.2018 ағылышын тілі пәні мұғалімі Сагындыкова Дамира «People in a photo» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабағында түрлі технологияларды қолданып, оқушылармен жеке, жұптық жұмыстар жүргізді. Сабақта оқушылар белсенділігін көрсетіп, сабаққа белсене қатысты. Сабақта «суреттер сөйлейді», «think,pair,share» әдістерін қолданды.

19.11.2018ж Ахметова Т. Б. 3«Е» сыныбымен «Time» тақырыбында ашық сабағын өткізді. Мұғалім өз сабағында балалармен ойындар ойнау арқылы өткен тақырыптарды қайталады. Сыныпты топтарға бөліп, өзара диалогтар құрды.

17.11.2017 ж. Ағылшын тілі пәні мұғалімі Тоқтасын Ү.Т.6 «Б» сыныбымен « My Country. National heroes » атты ашық сабағын өткізді. Ашық сабағында түрлі технологияларды қолданып, оқушылармен топтық жұмыстар жүргізді. Оқушылар тапсырмаға жақсы, қызығушылықпен дайындалғандарын көрсетті.

Сабақтың қалаулы мазмұны оқушылардың белсенділіктерін арттыру мақсаты барлық бөлімдерде көрсетілген, ал сабақтың білімділік мақсатына жету үшін формалары мен әдістері орындалды, сол сияқты оқушылардың танымдық белсенділіктеріне ынталандырылды.

15.10.2018ж. Ағылшын тілі пәні мұғалімі Ходжабаева Д.Г «Daily life and shopping» атты 8 «А» сыныбымен ашық сабағын өткізді. Ашық сабақ қазіргі заман талабына сай, жаңа технологияларды пайдалану арқылы өткізді. Сабақ үстінде әр түрлі ойындар, қызықты әдістер өткізілді. Мұғалім өз мақсатына жете алды.

27.11.2018ж. Ағылшын тілі пәні мұғалімдері Ноғайбекова А.Қ. Тоқтасын Ү.Т. «Who is the best?» атты интеллектуалды байқауын өткізді. Үздік қабілетімен, ұйымдастырушылық шеберлігімен көзге түскен оқушылар, жеңімпаз сыныптар арнайы мақтау қағаздарымен, сыйлықтармен марапатталды.
сыныптан тыс іс-шара өткізді, түрлі технологияларды қолданып, оқушылармен топтық жұмыстар жүргізді. Оқушылар тапсырмаға жақсы, қызығушылықпен дайындалғандарын көрсетті. Сыныптан тыс шарасында тақырыпқа сай презентация дайындалған, кабинет іс-шараға толық дайын болды. Яғни жүргізілетін іс-шараға сай суреттер, нақыл сөздер көрсетілді.

26.10.2018 ж. Апталықтың жабылу салтанатына орай қорытынды кеште «The Kingdom of three languages» атты ағылшын тілі пәндері апталығының жабылу рәсіміне кітап туралы іс-шара өтті. Бұл іс-шарада атақты ағылшын ақын-жазушылары аталып, сол тақырыпқа байланысты мектеп оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, ағылшын тілінен үйренген өлеңдерін, әндері мен билерін, көріністерді сахна төрінде мұғалімдер мен оқушылар арасында көрсете білді. Үздік қабілетімен, ұйымдастырушылық шеберлігімен көзге түскен оқушылар, жеңімпаз сыныптар арнайы мақтау қағаздарымен, сыйлықтармен марапатталды.

Оқушыларымыз апталықтан жақсы әсер алып, белсенділіктері артып, ағылшын тілі пәніне деген қызығушылықтары арта түсті.

Ағылшын тілі апталығына байланысты «The sights of three countries» қабырға газеттерінің сайысы 7-10 сыныптар арасында болып өтті. Барлық сыныптар бұл сайысқа қызығушылықпен, белсенділікпен қатысып, ең жақсы газеттерге орындар иеленіп, марапатталды. І орынды 5«В», 6 «Б», 7«Б», 8«Ә», 9«Б» иеленді.
Сонымен қатар, апталық барысында өздерін белсенді ұстап, іс-шараларға қатыса білген оқушылар да марапатталды.

Қорытындылай келе, апталыққа жоспарланған ашық сабақтар, сыныптан тыс шаралар өткізілді. Өтілген шаралар бойынша белсенді қатысқан оқушылар, сайыс жеңімпаздары мен апталыққа белсене қатысқан сыныптар апталық соңында марапатталды. Өткізілген ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралардың жетістіктері мен кемшіліктері сабақ соңында талқыланып, мұғалімдерге айтылды.

Ұсыныс:

1. Сыныптан тыс іс – шара жұмыстары жандандырылсын.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив