02
декабрь
2021
Тұңғыш Президенті күніне орай 2008-2009 жылғы жасөспірім қыздар арасында волейболдан аудандық турнир өткізілді.
2021 жылдың 30 қараша күні Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай 2008-2009 жылғы жасөспірім қыздар арасында волейболдан аудандық турнир өткізілді. Мақсаты: жасөспірімдер мен жастар арасында дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, бұқаралық спортты дамыту жұмысын жетілдіру. Аудандық турнирге барлығы 6 команда қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша: 1-орынға №39 ЖОББМГ –ның І командасы иеленді, жаттықтырушысы Д.Ибаков, 2 –орынға №35 ЖОББМ –нің командасы иеленді,жаттықтырушысы Р.Мәденалиев, 3 –орынға №39 ЖОББМГ –ның ІІ командасы иеленді, жаттықтырушысы Н.Рустем. Жарыс жеңімпаздарымен жүлдегерлері кубок, диплом, медальдармен марапатталды.