Оқушыларға » Страница 32 » СШГ №39 имени Темирбека Кожакеева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Темірбек қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-55-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Халық аспабы Домбыра"
02
май
2019
"Халық аспабы Домбыра"
Ауданымыздың талантты жастарын қолдау, жас буынның бойына отансүйгіштік қалыптастыру және өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған Аудандық Жастар Дельфийлік ойындарына қатысып "Халық аспабы Домбыра" номинациясы бойынша үздік өнер көрсеткен Темірбек Қожакеев атындағы #39ЖББМГ оқушымыз Күмісбек Жанерке жүлделі I орынды жеңіп алып, XV Облыстық Жастар Дельфийлік ойындарына қатыму үшін жолдама ұтып алды.
"Дарындылар от шашуы"
30
апрель
2019
"Дарындылар от шашуы"
2018-2019 оқу жылы мектебіміз үшін ең үздік нәтижеге толы жыл болды. Атап айтсақ, Халықаралық байқаулар бойынша жүлделі орындар саны -10. Оның ішінде, оқушыларымыз Иордания қаласында өткен халықаралық арифметика байқауында, Париж қаласында өткен "Дарындылар от шашуы" халықаралық байқауында, халықаралық биология пән олимпиадасында I, II жүлделі орындарға ие болдық. Биылғы оқу жылында математика ғылымына ерекше қызығушылығы мол дарынды балаларды халықаралық байқауларға дайындау мақсатында
"Спорт, жастар есірткіге қарсы"
28
апрель
2019
"Спорт, жастар есірткіге қарсы"
Жастар жалыны "Спорт, жастар есірткіге қарсы" атты ұранмен 2001-2006жылы туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында гир көтеруден Жамбыл обылысының біріншілігінде Темірбек Қожакеев атындағы #39ЖББМГ спортшы оқушысы Ергешбай Анар II орынды қанжығамызға салып берді. Жемісті де жеңісті күндерің көп болсын айналайын Анар қыз демекпіз!!!   
I дәрежелі дипломмен марапатталды
27
апрель
2019
I дәрежелі дипломмен марапатталды
Бугін 27сәуір күні Темірбек Қожакеев атындағы #39ЖББМГ оқушылары Жунисбек Мерей, Райымбаева Әйгерім, Сейдхан Іңкәр, Қанатбек Айғаным Алматы қаласында өткен математика пәнінен Халықаралық пән олимпиадасына қатысып төрт оқушымызда жүлделі I дәрежелі дипломмен марапатталды. Оқушыларды жоғары деңгейде дайындағаны үшін жетекші ұстаздарымыз бен мектеп директоры Қалқабаева Асипа Асанқызы Алғыс хатпен марапатталды.  
Қазақстан Республикалық Интернет қашықтық олимпиадасына
27
апрель
2019
Қазақстан Республикалық Интернет қашықтық олимпиадасына
Қазақстан Республикалық Интернет қашықтық олимпиадасына Темірбек Қожакеев атындағы #39ЖББМГ оқушылары математика пәнінен қатысып жеңімпаз атанып, Облыс бойынша жүлделі грамоталармен марапатталды. Серікпай Нұрдаулет Iорын, Серік Балнур III орын, Сулейман Диана III орын, Қуанышбай Дәурен III орын, Жақыпжан Ақұлпан IIорын, Мейірханқызы Гүлімай IIорын. Математика пәні мұғалімі Тасмағанбетова Гүлшат.
"Тарих ата" XIV Республикалық олимпиадасына жеңімпаз оқушылары
26
апрель
2019
"Тарих ата" XIV Республикалық олимпиадасына жеңімпаз оқушылары
Қазақстан тарихы пәнінен 5-10сынып оқушылары арасында қашықтықтан өткізілген "Тарих ата" XIV Республикалық олимпиадасына жеңімпаз оқушыларды дайындағаны үшін Темірбек Қожакеев атындағы #39 ЖББМГ тарих пәнінің мұғалімдері Баубекова Гулзира Асқарбекқызы мен Нарикбаева Ниетбала Алтынбекқызы "Дарын" Республикалық ғылыми-практикалық орталығының Алғыс хатымен марапатталды.  
"Ең үздік көшбасшы оқушы 2019" білім сайысына қатысты
24
апрель
2019
"Ең үздік көшбасшы оқушы 2019" білім сайысына қатысты
Бүгін 24 сәуір күні Меркі ауданы "Үміт" Балалар мен жасөспірімдер үйінде өткен ең үздік көшбасшы-оқушылар арасында аудандык "Ең үздік көшбасшы оқушы 2019" білім сайысына қатысып, өзінің білгір, білімді оқушы екендігін көрсеткен Темірбек Қожакеев атындағы #39 жалпы білім беретін мектеп -гимназиясының оқушысы Серікбай Айдана Бейбітқызы Бас жүлдені иеленді
I Республикалық "Қазақстан тарихы" пәні олимпиадасында оқушылары ең үздік нәтиже көрсеткені үшін "Үздік ұжым"
23
апрель
2019
I Республикалық "Қазақстан тарихы" пәні олимпиадасында оқушылары ең
ҚР Тұңғыш президенті қоры сыйлығы иегері, "Білім бұлағы" аталымының жеңімпазы Qaztest. kz сайтында ұйымдастырылған қазақтан шыққан тұңғыш тарих ғылымдарының докторы, профессор ҚазКСР Ға-ның корреспондент-мүшесі Ермұхан Бекмаханұлы атындағы I Республикалық "Қазақстан тарихы" пәні олимпиадасында оқушылары ең үздік нәтиже көрсеткені үшін "Үздік ұжым" дипломымен Жамбыл облысы Меркі ауданы Темірбек Қожакеев атындағы #39жалпы білім беретін мектеп -гимназиясы марапатталды.
Франция мемлекетінде Халықаралық ғылыми жоба байқауы
29
март
2019
Франция мемлекетінде Халықаралық ғылыми жоба байқауы
Кеше Франция мемлекетінде Халықаралық ғылыми жоба байқауында Т.Қожакеев атындағы мектеп гимназиясының оқушысы Темірғали Балжан ұстазымыздың шәкірті Асқар Аружан жүлделі 2- орынға ие болды  
Республикалық ғылыми жоба
18
март
2019
Республикалық ғылыми жоба
Республикалық ғылыми жоба жеңімпазы Темірболат Жұлдызайды сыныптастары мен мұғалімдер қошаметпен қарсы алды https://www.instagram.com/p/BvJKXtPB8vU/?utm_source=ig_web_copy_link