Дұрыс тамақтануды насихаттау » СШГ №39 имени Темирбека Кожакеева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Темірбек қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-55-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
февраль
2025

Дұрыс тамақтануды насихаттау

2025 жылдың ақпан айының 6-сы күні 3-ші сынып оқушыларымен дұрыс тамақтануды насихаттау мақсатында "Жемістер еліне саяхат" тақырыбында іс-шара өткізілді.  Іс-шараның мақсаты: Оқушыларға жемістердің пайдасы туралы түсінік беру, олардың түрлерімен таныстыру, денсаулыққа тигізетін әсерін көрсету, ойлау қабілеттерін дамыту және салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Өткізу формасы: Танымдық саяхат, әңгімелесу, ойын элементтері.   
Мұғалім оқушыларды "Жемістер еліне" шақырып, қызықты әңгіме бастады."Жемістер не үшін пайдалы?" деген сұрақ қойылды. Жемістердің түрлері мен олардың денсаулыққа пайдасы туралы ақпарат берілді."Қай жемісті білесің?" ойыны өткізілді. Жұмбақтар мен қызықты сұрақтар қойылды.Сахналық қойылым немесе дидактикалық ойындар ұйымдастырылады(мысалы "Жемістер дүкені" ойыны). Оқушылар өздері ұнататын жемістер туралы әңгімеледі. "Денсаулық – басты байлық" деген тұжырым жасалды. Сабақтың соңында оқушыларға жеміс-жидектердің суреттері таратылып, олар өз сүйікті жемістерін бояйды немесе салынған суреттерді топтастырып, "Жемістер елі" атты коллаж жасайды.Оқушылар жемістердің маңызын түсінді.Салауатты өмір салтын ұстануға ынталанды. Шығармашылық және ойлау қабілеттері дамыды.Бұл сынып сағаты балаларға жемістердің пайдасын қызықты әрі көңілді түрде түсіндіруге көмектесті.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив