10
апрель
2019
"Жыл таланттары" атты ғылыми-зерттеу конфренциясын өткізді.
10сәуір күні Темірбек Қожакеев атындағы ЖББМ-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Теміралиқызы Балжан жетекшілік жасайтын 4"Ә" сынып оқушылары арасында "Жыл таланттары" атты ғылыми-зерттеу конфренциясын өткізді. Конференцияны мектебіміздің директоры Қалқабаева Асипа Асанқызы құттықтау сөзімен ашып, оқушылардың жасаған жұмыстарына сәттілік тіледі. Бұл жұмыстың мақсаты:оқушылардың іздену қабілетін дамыту, бәсекеге қабылетті іздемпаз тұлғаны қалыптастыру. Оқушылар жұмыстарына тиянақты қарап, белсенділік танытты. Мұғалім оқушыларды Жас математиктер, жас биолог, жас ғалым, жас әдебиетшілер, жас тілшілер деген атпен топқа бөліп отырғызды. Оқушының жас ерекшелігіне, қабілетіне, қарай, дарындылығын айқындайтын ұйымдастырған кіші конференция өте жоғарғы дәрежеді өтті. Іс-шара соңында жұмысымен белсенділік танытқан, қатысушы жас ғалымдарға сынып жетекші өз атынан және оқушысы Рахан Бекжанның әкесі Узденов Медет мырзаның спонсорлығымен сыйлықтар мен марапат грамоталары тапсырылды. Құрметті Темірғалиқызы Балжан сізге шығармашылық табыстар тілейміз!





