25
май
2019
ЖББмектеп-гимназиясында 25мамыр соңғы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді
Темірбек Қожакеев атындағы #39 ЖББмектеп-гимназиясында 25мамыр соңғы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді. Биылғы оқу жылында мектеп бітіруші жас түлектер саны 56. Соңғы қоңырауға мектеп басшысы Қалқабаева Асипа Асанқызы бастаған педагогикалық ұжым бірдей мектеп формасымен салтанатты жиынға қатысты. Салтанатты жиынға Аудан әкімінің орынбасары Әбжараров Бақытхан Жаханұлы, Мерке ауданы білім бөлімінің басшысының орынбасары Таңатова Гүлнар Қойшыманқызы, аудандық "Меркі Ақиқаты" газетінің бас редакторы, аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Құралбаев Серік Құралбайұлы, "Жас Даулет" серіктестігінің бастығы Алтынбекова Мейрамкул Жексенбіқызы қонақ болып мерекелік бағдарламаны тамашалады. Бірлігі жарасқан ұжымға мектеп әкімшілігі атынан толағай табыс тілейміз.

