14
декабрь
2023
Бүгін 2023 жылдың 14-қараша күні Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында «Тоғыз айға 9 іс-шара» тұжырымдамасы аясында сағат 12:00-де бірыңғай «Шығарма жазу: болашаққа хат» челленджі ұйымдастырылып өткізілді.
Бүгін 2023 жылдың 14-қараша күні Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында «Тоғыз айға 9 іс-шара» тұжырымдамасы аясында сағат 12:00-де бірыңғай «Шығарма жазу: болашаққа хат» челленджі ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: Білім алушыларға өзінің жеткен жетістіктері, алға қойған жоспарлары мен болашағы туралы шығарма жазу.
Мектептің 7-11 сынып білім алушылары “Тәуелсіз Қазақстандағы жетістіктерім”, “Менің болашағым”, “Менің елім үшін болашағым”, «Еліммен бірге болашаққа апарар жол» тақырыптарында шығарма жазды. Әр сынып аталған челленджге белсене қатысты. Ережеге сай бұл челлендж білім алушылардың өз ойын қағаз бетінде жүйелі жазуға, ішкі тұжырымдарын сөзбен жеткізуге үйрету арқылы жазылым дағдысын жетілдіруге бағытталған.
Шығарма тақырыбын таңдауда білім алушылардың жас ерекшелігі ескерілді. Білім алушылар шығарма жазу барысында құрылымын сақтай отырып, өз ойларын жетік, жүйелі жеткізе білді. Балалардың басым бөлігі шығарма тақырыбын тәуелсіздік күнімен ұштастыра жазып, мемлекет болашағының жарқын, тәуелсіздігінің мәңгі болатынын нық сеніммен жазған, ал өздерінің болашаққа деген көзқарастары жарқын, айқын екені байқалады.