16
октябрь
2021
республикалық лингвистикалық олимпиада өткізілді.
Меркі ауданының білім бөлімі, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы" Жамбыл дарыны" аймақтық ғылыми-практикалық орталығы Республикалық "Дарын" ғылыми- практикалық орталығының ұйымдастыруымен мектепішілік кезеңі 39 ЖОББМГ-ның 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық лингвистикалық олимпиада өткізілді. Олимпиаданың мақсаты: Қазақстан Республикасының дарынды оқушыларын анықтау,дамыту және қолдау , қолданбалы лингвистика бойынша оқушылардың білімін жетілдіру . Оған математика және тілдер (қазақ,орыс,ағылшын) бойынша үздік білімі бар білім алушылар қатысты. Үздік тапсырған оқушылар аудандық кезеңге өткені туралы айтылды.