01
май
2020
Bilimland, Kundelik. kz, Daryn. online, Zoom, Whatsapp, Telegram платформаларын ұтымды пайдалануға бейімделді
Еліміздегі орын алған пандемия жағдайына байланысты, Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы білім беретін мектеп гимназиясында қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруға байланысты өзгерістер орын алып, мектеп - гимназиясында 142 ұстазына және 1344 білім алушысына қашықтықтан оқыту тәжірибесінен өту жұмысы тапсырылды. Бұл оқу - тәрбие үдерісін ұйымдастырудың формасының бірі болғанымен, мектеп тәжірибесіне алғаш рет енгізілгендіктен, ұстаздар мен оқушыларға үлкен жауапкершілік міндеті жүктелді. Мектеп әкімшілігі ұжымға "ZOOM" платформасы арқылы педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес, онлайн - семинарлар, өткізе отырып, білім алушылардың мемлекеттік стандарт деңгейін меңгерулеріне барынша жағдай жасауға тырысты. Көрсетілген әдістемелік көмектер өз нәтижесін беріп, педагогтар қашықтықтан оқыту кезінде Bilimland, Kundelik. kz, Daryn. online, Zoom, Whatsapp, Telegram платформаларын ұтымды пайдалануға бейімделді.Бүгінгі таңда мектеп-гимназиямыздың педагогтары мен білім алушылар қашықтықтан өткізіліп жатқан байқауларға белсене қатысып жүлделі орындарды да иеленуде.
Директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары
Киргизбаева Венера Амиреевна
Директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары
Киргизбаева Венера Амиреевна