19
январь
2024
Ата-аналардың қатысуымен «Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту» тақырыбында тренинг жүргізілді.
Жамбыл облыс әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің 2024 жылғы 10 қаңтардағы №37 шығыс хатына сәйкес 2024 жылдың қаңтар айының 17-жұлдызында Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында ата-аналардың қатысуымен «Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту» тақырыбында тренинг жүргізілді.
Тренингтің мақсаты: Отбасын құрметтеу. Ата-ана мен бала арасындағы сүйіспеншілікті сезіндіру. Ата-ана мен бала арасында жағымды қарым-қатынас орнату, сыйластықты арттыру, отбасындағы балаға жақсы тәрбие беруіне ықпал жасау. Ата-ана мен бала арасындағы түсіністікті нығайту.
Тренинг жүргізуші кәсіптік бағдар беруші/әлеуметтік педагог А.С.Талпакова тренинг барысында «Отбасындағы тәрбие стильдері» бойынша отбасылық құндылықтар, отбасындағы бала тәрбиесі, тәрбиедегі ата-ананың рөлі, бала тәрбиесінің бүгінгі күнгі әлсіреуінің себеп-салдары, балада дұрыс репродуктивті денсаулықты қалыптастыру туралы айтылып, талқыланды. «Отбасының қойын дәптері» айдары бойынша ата-аналарға педагогикалық-психологиялық кеңес беру жұмыстары жүргізілді.