05
октябрь
2021
"20 минуттық оқу" акциясы
Кітап біздің рухани азығымыз . Жас ұрпақтың санасында туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезім ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, сондай - ақ ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп, халықтың салт дәстүрін аялай, ардақтай білуге тәрбиелеуге кітаптың еншісінде.Мемлекет басшысы Касым - Жомарт Тоқаев Ұлттық Қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес БҒМ оқуға құштар мектеп жобасын бекіткен болатын. Оқушыларды кітап оқуға баулу мақсатында " оқұға құштар мектеп" жобасы мектепте іске асырылуда.Осыған орай мектеп кітапханасында көптеген іс - шаралар өтуде.Осы жоба бойынша мектепте және кітапханада 20 минуттык оқу акциясы ұйымдастырылды. Бастауыш, орта, жоғары сынып оқушылары және мектеп мұғалімдері өздеріне қызықты кітаптарды алып оқыды. Мақсаты: өскелең ұрпақты оқу сауаттылығын арттыру, оқу мәртебесін, оқу белсенділігін және оқу сапасын арттыру.