10
февраль
2022
"Ұлт көсемі Әлихан Бөкейханов"155 жылдығына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.
10.02.2022 жылы мектеп кітапханасында "Ұлт көсемі Әлихан Бөкейханов"155 жылдығына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан - қазақтың мемлекеттік, саяси және қоғам қайраткері,ұлт-азаттық және Алаш партиясының жетекшісі,Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым,аудармашы.Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы.1905 жылдан бастап Ресей конституциялық - демократиялық партиясының мүшесі,оның қазақ бөлімшесін құру мақсатында Оралда, Семейде жиындар өткізген.Осы жылы Мемлекеттік думаға депутат болып сайланды. Бірақ Мемлекеттік дума жұмысына қатыса алмады.Өйткені Ә.Н.Бөкейхан өз жұмысын бастаған кезде Дала өлкесі генерал-губернаторының негізсіз жарлығымен,соттын тергеуінсіз,3 ай Павлодар абақтысында отырды.Абақтыдан шығып Санкт-Петербургке жеткенде, Дума патшаның үкімімен таратылып, оның біраз мүшелері наразылық актісін қабылдау үшін сол кездегі Финляндияның Выборг қаласына жүріп кеткен еді.Биыл Әлихан Бөкейханұлы "Бір ел -бір кітап "акциясына кірді.Көрменің мақсаты:Көрнекті қазақ қоғам қайраткері , этнограф,публицист және "Алаш"партиясының жетекшісі Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.Оқырмандарды көрмемен таныстырып мәлімет берілді.Дайындаған кытапхана меңгерушісі: А.Т.Макаева