03
май
2018
«Тіл тәуелсіздігі - ой тәуелсіздігінің, ел тәуелсіздігінің бастау бұлағы» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәндері онкүндігінің өткізілді
2017 жылдың 18-28 қыркүйек аралығында «Тіл тәуелсіздігі - ой тәуелсіздігінің, ел тәуелсіздігінің бастау бұлағы» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің апталығы өткізілді.
Онкүндікте өтетін іс-шаралар алдын ала жоспарланып, жұмыс кестесіне сай өткізіліп отырды. Апталықты өткізу туралы жоспар әдістемелік бірлестік отырысында қарастырылып, талқыланып, мектеп әкімшілігіне ұсынылып, бекітілді.
Онкүндіктің бірінші күні мектеп алаңында апталықтың салтанатты ашылу рәсімінде жоспар бойынша жүргізілетін іс-шаралар таныстырылып, ІІІ қабатта ұйымдастырылған «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты көрмеде апталық жоспардың ілінетіні туралы айтылды.
Жиында мектеп әкімшілігі тарапынан директордың ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Киргизбаева Венера Амреевна сөз сөйлеп, апталықтың басталуымен құттықтады.
18.09.17ж. Утепова Б. 5 «е» сыныбында қазақ тілінен «Әкеліңіз, көмектесейін». 21.09.2017ж. Кемельбаева М. 8 «д» сыныбында «Отан отбасынан басталады». 22.09.17ж. Тургумбаева Б. 7 «а» сыныбында «Қыз Жібек» жыры. 22.09.17ж Әбдікерім Ж.Б. 9 «б» сыныбында «Аңыз әңгімелер». 25.09.17ж. Сейтімбетова Г. 6 «в» сыныбында Дулат Бабатайұлы «О,Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңі. 25.09.17ж Абденова Г. 6 «г» сыныбында «Сөзжасам». 26.09.17ж Сүгірбекова Ж. 11 «а» сыныбында Міржақып Дулатов «Оян, қазақ» өлеңі. 27.09.17ж Әбдікерім Д. 11 «б» сыныбында Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы. 27.09.17ж Аубакирова Ж. 6 «е» сыныбында «Алпамыс батыр» жырындағы кейіпкерлер бейнесі атты ашық сабақтарын өткізді. Сабақтардың барлығы жаңа ақпараттық технологиялардың барлық мүмкіншіліктері пайдаланылып өткізілді.
22.09.17ж «Шығамын тірі болсам адам болып» қазақ ақыны, ағартушы, қоғам қайраткері, ойшыл Сұлтанмахмұт Шоқпытұлы Торайғыровтың туғанына 125 жыл толуына орай 6-7-сынып оқушылары арасында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оқушылар қызығушылықпен араласып, өздері оқыған, жаттаған өлеңдерін көпшілікке ұсынды.
27.09.17ж Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы Мағжан Бекенұлы Жұмабаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Мен жастарға сенемін» атты 5-8 сыныптар арасында көркемсөз байқауы ұйымдастырылды. Жүлделі орын алған оқушылар бас жүлде, 1,2,3 –орын мақтау қағаздарымен марапатталды.
«Тіл тәуелсіздігі - ой тәуелсіздігінің, ел тәуелсіздігінің бастау бұлағы» атты онкүндігінің қорытынды кеші жоғары дәрежеде ұйымдастырылып, өткізілді. Онкүндікте жоспарланған іс-шараларға белсенділік танытып, қатысқан оқушылар мадақтамалармен мадақталды.
Қорыта айтқанда, онкүндіктің бекітілген жұмыс жоспарындағы барлық іс-шаралар мен сабақтар мазмұнды, мағыналы, сапалы өтті.
1. Жас мамандар тәжірибелі мұғалімдердің сабағына қатысып, тәжірибе алмассын.
2. Дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жандандырылсын.

Ұсыныс: