21
ноябрь
2020
«Қатыгездіксіз және зорлық зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқаны
№ 39 Т.Қожакеев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2020 жылғы 9 – 20 қараша аралығында «Қатыгездіксіз және зорлық зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқанын өткізу жөніндегі іс-шара жоспарына сәйкес 2020жылы қарашаның 17-күні директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.К.Рахаевтың қатысумен және сынып жетекшілерінің жетекшілігімен 9-10 сынып білім алушыларымен "Біз өз проблемаларымыз туралы" атты сынып сағаттары өткізілді.Мақсаты:Балаларды қатыгездікпен және немқұрайлықпен қарау проблемасына қоғамның назарын аудару және қоғамда балаға зорлық-зомбылық қолайсыз болып, жасына даму деңгейіне, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан әр адамның өмірі мен әл-ауқаты жоғары болатын сенімдерді қалыптастыру болып табылатынын ұғындыру. Осы орайда білім алушылармен қоғамдағы зорлық – зомбылыққа байланысты өзекті мәселелерде талқыланды. Зорлық зомбылыққа қатысты сұрақтар қойылып өзара пікір алмасты. Онлайн сынып сағаты анкеталық сұрақтармен қорытындыланды. Зорлық зомбылықтың баланың мінез-құлқына әсер ету ерекшеліктері бар. Ата-анасы және басқа да заңды өкілдері ата-аналық құқықтарын жүзеге асырған кезде баланың дене және психикалық денсаулығына, оның имандылық дамуына зиян келтіруге құқылы емес. Баланы тәрбиелеу тәсілдерінде баланың адамдық қадір-қасиетіне менсінбей қатар, дөрекі қарау,оны қорлау немесе қанау болмауға тиіс екендігі де айтылып өтілді.