16
ноябрь
2021
Жолда жүру ережесі
Қоғам үшін баланың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі ең басты байлық. Сондықтан жолда жүру ережелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Соған орай 12 қараша айында 1-4 сынып және 5-8 сынып жетекшілері алтыншы сабақта "Жолда жүру ережесі" тақырыбында сынып сағатын өткізді. Сынып сағатының мақсаты: Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру, есте сақтауға үйрету.Жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу, жол белгілерін айыра білу дағдыларын қалыптастыру.Жол ережесін білудің маңызды екенін түсіндіру.