16
ноябрь
2023
«Құқық бұзушылықтар мен діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында кездесу өтті.
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 10 қараша күні «Діни сауаттылық – қоғамның тұрақты дамуының кепілі» тақырыбында өткізілетін онкүндігі аясында «Құқық бұзушылықтар мен діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында кездесу өтті. Мектебіміздің 6-11 сынып оқушыларымен кездесуге қатысқандар Меркі АПБ ЭҚІҚТ аға жедел уәкілі полиция майоры Е.Байтаков, мектеп инспекторы Г.Килибаева, ДҚТЖО А.Жумагулов, ДТЖО Ж.Тұрсынов. Мақсаты: оқушыларымыздың түрлі құқық бұзушылықтар, радикалдық идеологияға қарсы иммунитетті және радикалдық көріністерге мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру.