05
ноябрь
2020
"Парасатты отбасы" байқауы
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұйымдастыруымен Жамбыл облысы департаменті, "Жамбыл адалдық алаңы" жобалық офисі, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын басшылыққа ала отырып, парасатты отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында "Парасатты отбасы" тақырыбында байқау ұйымдастырып өткізді. Байқауға ауданымыздың Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы, Арыстанбаевтар отбасында тәрбиеленіп жатқан Табилова Гүлжан қатысты. Гүлжан өзінің отбасы туралы бейнетүсірілім түсірген. Ол бейне көріністе отбасындағы мейірімділік мен бауырмалдықты шынайы көрсете білген. Осының нәтижесінде облыстық байқау қорытындысы бойынша Арыстанбаевтар отбасы " Үздік жомарт отбасы" номинациясына ие болды. Гүлжанның отбасы дипломмен марапатталып, сыйлыққа теледидар алды. Ауданымызда осындай парасатты отбасылар саны еселене берсін!