17
март
2021
«Жастар ресурстық орталығының» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Аталар айтқан ақыл сөз» жобасы
Темірбек Қожакеев атындағы №39жалпы орта білім беретін мектеп гимназиясында Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Аталар айтқан ақыл сөз» жобасы аясында 7-8 сынып оқушыларымен «Бата-ұлттық тәлім-тәрбие бастауы» тақырыбында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Иманалиев Қамбарбек атамен кездесу өткізілді.
Іс -шараның мақсаты: Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 9 ақпандағы «Мемлекет жастар саясаты туралы» Заңын іске асыру, ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрді дәріптеу, адамгершілік – рухани тәрбиені насихаттау. Кездесу барысында Қамбарбек ата өз сөзінде: «Біз халықтық даналықтарымызды үйде, балабақша мен мектепте де, қайда жүрсек те үнемі жастарға айта жүріп, олардың мәнісін түсіндіріп отырсақ, осынау бай рухани құндылықтарымыздың өмірін ұзартып кейінгі ұрпаққа бұдан әрі қарай да мұра етіп қалдыра алар едік. Сонда ғана жасы үлкендердің жастар алдындағы үлкендік парызы орындалар еді, әрі ұлттық тәрбие тағылымы қалыптасар еді», - деп сөзін қорытындылады. Кешеге күнсіз келешек жоқ. Бүгінгі жас ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата – бабаларымыздың мол мұрасымен сусындату біздің міндетіміз. Ұлдың батыр, қыздың әдепті болып қалыптасуы, бабалар мұрасына байланысты. Демек, бабаларымыздың өнеге өсиетін пайдалана отырып тәрбиелеу ұлттық тұлғаны қалыптастырады.