Көркем эстетика пәндері әдістемелік бірлестігінің онкүндігі туралы » СШГ №39 имени Темирбека Кожакеева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Темірбек қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-55-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Көркем эстетика пәндері әдістемелік бірлестігінің онкүндігі туралы
20
апрель
2018

Көркем эстетика пәндері әдістемелік бірлестігінің онкүндігі туралы

Сәуірдің 03-07.18 ж. аралығында Көркем эстетика пәндері апталығы болып өтті.Сәуірдің 3-ші жұлдызы күні мектеп фойесінде «Ұстаздан шәкірт озар» тақырыбында көрме ұйымдастырылып, апталықтың ашылу салтанаты болды. Көрмеге оқушылардың шығармашылық жұмыстары және аудандық , республикалық байқауларға қатысып, жүлделі орын алған оқушылардың қолынан шыққан өнер туындылары қойылды .Атап айтсақ, бейнелеу өнері, ағаштан жасалған бұйым , кестелеу өнері, киізден жасалған бұйымдар, тоқыма өнерінен әртүрлі бұйымдар және т.б. 03.04.2018 күні сызу пәнінен пән мұғалімі Есенкулова Кулзира 9 «г» сыныбымен «Құрастыру сызбасында пайдаланылатын кейбір шарттар мен жеңілдіктер. Құрастыру сызбасын оқу. » тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабағында АКТ, электонды оқулықты пайдаланды, Компас 3D бағдарламасында сызба сызуды үйретіп, оқушылардың сызба сызуға қызығушылығын арттырды. 04.04.2018 күні технология пәні мұғалімі Бекасылов Ерғали 5 «а» сыныбында «Музыкалық аспап жасау. Даңғыра» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Аспап жасау технологиясын түсіндіріп, қалыптастырушы бағалаудың әдіс-тәсілдерін қолданды.
Технология пән мұғалімі- Сейткулова Күлпәш 3.04.2018 ж «Құрақ пластикасы » тақырыбында 8 «Б» сынып қыздар тобы арасында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты оқушыларға терең тиянақты білім беру , сабаққа белсенді қатысуға баулу, «Құрак пластикасы» тақырыбы бойынша оқушылар құрақтын құралуы және оны қолдануы жайлы мәлімет беріп¸ оның әдіс-тәсілдерін үйрету.
Сарамандық жұмыс барысында қауіпсіздік ережесі қайталанды.Топ басшыларына сұрақтар қойылды.Оқушылар мақал-мәтелдер айтты. Оқушылар жұмыстарын қорғады.
Өткізілген күні:3.04.2018 ж.«Әлем халықтарының тағамдары» тақырыбында 7 «А» сынып қыздар тобы арасында сыныптан тыс сабақ өткізді.
Сабақ мақсаттары шығармашылық жұмыста идеяларын іске асыру мақсатында түрлі ақпарат көздерінің ең тиімдісін таңдай отырып, қолданылды. Әлем халықтарының тағамдары мен әлемге әйгілі аспазшылардың тағамдарындағы ерекшеліктерді сипаттап, салыстырды. Жұмыс жасау кезінде АКТ ақпараттарын қолданды. Әлем халықтарының және ұлттық тағамдардың әзірлеу технологиясымен танысты және практика кезінде жасады. Жетістік критерийлерінде АКТ ақпараттары қолданылды. Әлем халықтарының тағамдарын әзірлеу үшін керекті құралдар мен тағамдарды қолданды. Тілдік мақсатқа байланысты талқылауға арналған сұрақтар қойылды.Құндылықтарды дарыту кезінде жұптық және топтық жұмыс жасауда бірігіп еңбек етті, оқушылар жаңа идея ұсынды.
Сәуірдің 5-і күні технология пәні мұғалімі Төреқұл Нұрбек 9 Б сыныбымен «Ағаштан және қолда бар материалдардан токарь станогында немесе қолдан жасап шығару» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабағында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, оқушыларды еңбекке баулыды.
Сәуірдің 5-і күні 6 е сыныбымен «Алға, іскер достар!» тақырыбында сыныптан тыс ашық сабағын өткізді.
05.04.2018 күні технология пәні мұғалімі Нурсеитова Ләззат 5-сыныптар арасында «Работа с бусинками » тақырыбында сыныптан тыс сабағын өткізді. Моншақтардан жауқазын жасау тәсілдерін үйретіп, оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырды. Оқушыларды жеке жұмыс жасау барысында жауқазын жасау технологиясын үйретіп, еңбексүйгіштікке тиянақтылыққа , ұқыптылыққа, адамгершілікке баулыды.
6.04.2018 күні бейнелеу өнерінен 6-сыныптар арасында «Бояулар сыры » тақырыбында сыныптан тыс сабақ өтті, жетекшісі Есенкулова К.А.Сабақ түрі, сайыс сабақ. Оқушылардың сурет салуға қызығушылығын арттыру мақсатында сыныпты топқа бөліп, әртүрлі тапсырмалар берілді.
Сәуірдің 6-ы күні апталықтың жабылуы болды. Апталықтың жабылуында аудандық, облыстық, республикалық байқауға қатысқан оқушылардың грамоталары табыс етілді. Апталықтың жабылуы әнмен аяқталды.
Көркем эстетика пәндері әдістемелік бірлестігінің онкүндігі туралы

Әдістемелік бірлестіктегі пән мұғалімдерінің 2017-2018 оқу жылындағы жетістіктері

Көркем эстетика пәндері әдістемелік бірлестігінің онкүндігі туралы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив