16
ноябрь
2023
9 сынып оқушылары арасында «Төл теңгенің тарихы» атты тарихи танымдық сағатын өткізді.
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 2023 жылдың қараша айының 15-і күні «15 қараша –Ұлттық валюта-теңге» күніне орай тарих пәні мұғалімі Ж.М.Мейірханова 9 сынып оқушылары арасында «Төл теңгенің тарихы» атты тарихи танымдық сағатын өткізді.
Мақсаты: Қазақстан Республикасы - егеменді, тәуелсіз демократиялық мемлекет екендігінің бір белгісі, оның өз Ата заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық валютасы бар екендігін , Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру. Төл теңгенің тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Оқушылардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту. Бүгін 15 қараша – Ұлттық валюта күні. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев 1993 жылы 12 қараша күні «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» құжатқа қол қойған болатын. 15 қарашада теңге айналымға енді. Биыл бұл даталы оқиғаға 30 жыл толып отыр.
Ақша – асыл қазына, халық байлығы.Мемлекеттің мәртебесін биіктетіп, халықаралық қаржы нарығындағы орнын анықтауда валютаның маңызы зор. Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған соң араға екі жыл салып ұлттық валютасын айналымға қосты. Сөйтіп, ғасырлар бойы аңсап жеткізген азаттық өзіміздің төл теңгемізбен сауда жасап, дербес алтын-валюта қорымызды қалыптастырып, Ұлттық банкімізді құруға ықпал етті