10
декабрь
2021
"Ұрпақ саулығы - ұлт саулығы" тақырыбында тәрбие сағаттары өтті.
Темірбек Қожакеев атындағы №39 ЖОББМГ - да "Вейп - денсаулыққа өте қауіпті" атты апталық жоспары бойынша "Ұрпақ саулығы - ұлт саулығы" тақырыбында тәрбие сағаттары өтті. Мақсаты: Темекінің ағзаға тигізетін кері әсерін және одан туындайтын ауру түрлерін айта отырып, зиянды әсерін ашу. Шылым шегудің зиянды жақтарын аша отырып, одан жиіркенуге, темекі - у екенін айтып, ұжым болып жұмыс істеуге тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, жат қылықтан аулақ болуға тәрбиелеу.