15
декабрь
2021
Қазақстан Республикасының 30 жылдығына «Тәуелсіз Ел- тірегім!» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Темірбек Қожакеев атындағы №39 ЖОББМГ Қазақстан Республикасының 30 жылдығына «Тәуелсіз Ел- тірегім!» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту, елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу. Мерекелік кештің ашылуы тәуелсіздікке арналған көрінісімен басталып, мектеп директоры А.А.Қалқабаеваның құттықтауымен жалғасын тапты. 6 сынып оқушыларының «Атамекен» әнімен , 3 сынып оқушыларының «Қасықпен» өнері, 4 «е» сынып оқушыларының «Мен Қазақпын» хоры,биші қыздардың «Қазақ биі» , 4 «Ә» сынып оқушылары Бейбітқызы Айару «Тәуелсіздік күні құтты болсын!», Асқар Айша «Республикам менің», Жұмабай Мағжан «Тәуелсіз елім», 5 «ә» сынып оқушысы Жандосқызы Анельдің «Қуан қазақ, күн туды қуанатын» өлеңіне мәнерлеуімен, 5 сынып қыздары Нүсіпбек Әсел мен Қанат Ақерке «Тәуелсіз елдің қызымын » әнімен, «Балбырауын» күйімен мектеп оқушыларының оркестрі, « Қазақстаным Отаным менің » хорымен мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті. Кеш соңында тәуелсіздіктің 30 жылдығына мектеп ұстаздары мен кіші қызметкерлері марапатталды.