02
апрель
2020
Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бүкіл әлемге таралған короновирус індетіне байланысты елімізде болып жатқан қиындықты еңсеріп, оны бірлігімізбен жеңу туралы Қазақстан халқына Мәлімдеме жасады
Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бүкіл әлемге таралған короновирус індетіне байланысты елімізде болып жатқан қиындықты еңсеріп, оны бірлігімізбен жеңу туралы Қазақстан халқына Мәлімдеме жасады.Короновирус індетіне байланысты күрделі уақытты өткеріп отырмыз. Бірақ- бұл уақытша қиындық. Біз мұны міндетті түрде жеңеміз. Бүкіл әлем күресуде. Біз де бар күш-жігерімізді саламыз. Біз мемлекет және қоғам болып, барша азаматтарымызға қолдау көрсетеміз. Ешкімді қолдаусыз қалдырмаймыз, - деді Президент. Бұл- барша қазақстандық үшін үлкен қолдау. Мемлекет басшысының елге жанашырлығын, іскерлік қабілетінің жоғары екенін аңғартады. Осындай шақта біз бірлігімізді көрсетіп, ұйымшылдықпен дүрбелең тудыруға жол бергізбей, мемлекет қабылдаған сақтық шараларына өз үлесімізді қосуға шақырамын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!!!
Ізгі-ниетпен: Меркі аудандық мәслихатының депутаты А.А.Қалқабаева.
Ізгі-ниетпен: Меркі аудандық мәслихатының депутаты А.А.Қалқабаева.