12
апрель
2022
Оқушыларға кәсіптік бағдар берілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «2022 жыл – Балалар жылы» деп жариялады. Осыған орай Темірбек Қожакеев атындағы №39 ЖОББМГ-сында Меркі ауылдық округі әкімі Байарыстан Ғазиз Доғдырбайұлымен кездесу өтті.
Кездесудің басты мақсаты: Оқушылардың қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт бағдар беру. Кездесу барысында Ғазиз Доғдырбайұлы сөзін: Мамандық таңдауда қателеспеу және таңдаған мамандық ты жақсы көру керектігін атап айтып кетті. Кездесу еркін сұхбат түрінде жүргізілді. Оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарына жауап ала алды. Кездесуге 9-10 сынып оқушылары қатысты.