27
ноябрь
2020
«Өз ісінің шебері», «Мамандық – өмір таңдауы»
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында «Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүзеге асыруға бағытталған 2020-2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын» басшылыққа ала отырып 11 сынып оқушыларына «Өз ісінің шебері», «Мамандық – өмір таңдауы» тақырыптарында онлайн кездесу ұйымдастырылып өткізілді.
Мақсаты – кәсіптік бағдар беруде қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға ықпал ету. Кездесуге мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дарменова Б.Р. 11-сынып оқушылары, жеке кәсіпкер Ажар Джунисова Иманбекқызы, «Достық дәрігерлік амбулаториясының» акушер-медбикесі Бурибаева Айгүл Болатбекқызымен онлайн кездесу өткізілді.11-сынып оқушылары жеке кәсіпкер Ажар Джунисовамен сұхбаттасты. Ажар Джунисова өз кәсібін 2018 жылы қыштан құмыра жасаудан бастаған. Қазіргі таңда әмиян сатып шағын кәсіппен айналысады. Бұл әмиянның ерекшелігі ұлттық нақышта жасалынған ою-өрнектер бейнеленген. Сұхбат барысында оқушылар жеке кәсіпкерге кәсібі туралы, оның пайдасы туралы әртүрлі сұрақтар, мысалы: Кәсібіңізді таңдауда ата-анаңыздың ықпалы тиді ме? Мамандығыңыз нарықта бәсекелестікке ие ме? деген мамандық төңірегінде тағы да басқа сұрақтар қойып, толық жауап алды.
Келесі «Жеміс-жидек» ауылының «Достық дәрігерлік амбулаториясының» медбикесі Бурибаева Айгүл Болатбекқызымен сұхбат жүргізілді. Сұхбаттасу барысында Айгүл Бурибаева мамандығын өзінің қалауы бойынша таңдағанын айтты. Қазіргі індетке байланысты халыққа тынбай қызмет етіп жатқанын, бұл – мамандықты таңдағанына еш өкінбейтінін айтты. Осы мединица саласындағы мамандықты таңдап отырған оқушылар бұл Мамандықты не үшін таңдағанын? Бұл мамандықтың қандай қиын жақтары бар екені туралы сұрақтар қойды. Сұхбат соңында Айгүл апай осы мамандықты таңдаған оқушыларға сәттілік тілеп, жақсы ниетін білдірді.Кездесу соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дарменова Б.Р қонақтарға алғысын білдіріп, сәттілік тіледі. Ал, мектеп түлектеріне мамандық таңдаудан жаңылмай, өз өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалауыңызға тілектеспіз деп кездесуді қортындылады.