05
апрель
2022
«Дін, қоғам және жастар» тақырбында кездесу ұйымдастырылды.
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясында Діни экстремизм және терроризмге қарсы күреске бағытталған жоспар аясында наурыз айында «Дін, қоғам және жастар» тақырбында кездесу ұйымдастырылды.
Мақсаты: а) Оқушыларға экстремизм,терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру;
ә) Жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу;
Кездесуге Аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы А.Мамбетов келіп мектебіміздің 9 – 10 сынып оқушыларына түсіндіріп, сұрақтар қойылды. Бүгінгі таңда жастар ғаламторда ұзақ отырады. Соның салдарынан жастар теріс мәліметтерге тап болып психологиялық өзгерістерге ұшырап жатады. Ғаламтор уақытымызды босқа кетіріп, жалған мәлімет беріп, діни экстремизмге, тіпті азғындыққада итермелеуі мүмкін. Ғаламторды қолданғанда келтірілген мәліметке бірден сене салуға болмайды. Асығыс шешім қабылдаудан, ойланбай істеген әрекеттерден сақ болған жөн. Оқушылар тарапынан салт-дәстүр ,намаз, және т.б. жайында сұрақтар қойылды. Барлық сауаптарға маман тарапынан тиісті жауаптар қайтарылды.