06
апрель
2022
Қыздар жиналысы өткізілді.
Темірбек Қожакеев атындағы №39 ЖОББМГ – да 8-10 сынып қыздарына жеке дара кезектен тыс жиналыс өткізілді. Жиналыста мектеп оқушылармен АІІБ-нің қызметкері полиция лейтенанты Г.Б. Килебаевамен кездесу ұйымдастырып, оларды мектептің ішкі тәртібі мен жолда жүру ережелерімен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды. АІІБ-нің қызметкері Г.Б. Килебаева жолда жүру ережесі, зиянды заттарды қолданудың алдын алу тақырыптарында әңгіме жүргізді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ДТІЖО С.А.Досмахамбетов мектеп формасына, ішкі тәртіп ережесімен толық түсіндіріп өтті. Сондай-ақ мектеп психологы: А.Талпакова , медбике А.Бабаева 8-10 сынып оқушыларының қыздарымен «Жасөспірім қыздардың табиғаты қандай болу керек» тақырыбында әңгіме жүргізді. Қыздардың бойындағы жағымды қасиеттерін шыңдау, әр сынып қыздарының арасында достық қасиет қалыптастыруы болу керектігін айтты. Оқушылар өз білгендерін қоса айтып өз ықпалдарында білдірді. Қыздармен әңгіме жүргізіліп, медбикенің көмегімен ерте жыныстық қатынастың салдары туралы анық, ашық түрде әңгіме жүргізіліп, қыздарға болашақтары туралы ойланып, өздерін мазалаған сұрақтарға жауап алу мүмкіншілігі тудырылды. Қыздарға ата-аналарының артып отырған үміттерін ақтауға. Қазірден бастап өз абыройлары туралы ойланып, әрбір істі тек жоспарлап барып атқаруға кеңес берілді.