18
май
2022
Ата-аналар жиналысы өткізілді.
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясында 17 мамыр күні 10 – 11 сынып оқушыларының ата – аналарымен жиналыс өткізілді. Ата -аналарға Республикалық Референдум туралы ақпараттармен түсіндіріп кетті. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өткізу туралы ұсынысын толықтай қолдаймын. Себебі, президентіміз: "Конституцияға өзгерістер енгізуді халық таңдау керек" деген. Ал бұл Жаңа Қазақстанның дамуы мен өркендеуіне бағытталған тың шешім деп есептеймін. Сонымен қатар президентіміз болашақта әр қазақстандыққа бірдей мүмкіндік беретін әділ әрі дамыған мемлекет болатынымызды атап өтті. Біз мемлекетіміздің даму жолындағы алғашқы жаңа кезеңіне қадам басудамыз. Осы орайда президентіміздің ұсынысын толықтай қолдайтынымды білдіремін.