Физика-математика ғылымдарының докторы Төленді Мұстафиннің туғанына 80 жыл толды. » СШГ №39 имени Темирбека Кожакеева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Темірбек қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-55-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Физика-математика ғылымдарының докторы Төленді Мұстафиннің туғанына 80 жыл толды.
18
май
2022

Физика-математика ғылымдарының докторы Төленді Мұстафиннің туғанына 80 жыл толды.

Қасиетті Меркі елінің киелі топырағанан түлеп ұшқан, ел тарихында айрықша ауқымды ардақталатын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, атақты математик, логика саласының маманы, физика-математика ғылымдарының докторы Төленді Мұстафиннің туғанына 80 жыл толды.
Осы орайда, Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен математика саласының жаңаша жаңғыруына жол ашқан, өз замандастарынан оза шапқан, жарық жұлдыздай жарқ ете қалған атақты ғалым Төленді Ғарифолла Мұстафиннің өмірі мен ғылым жолындағы шығармашылығына арналған “Туған жер – киесі, Дархан дарын — иесі” атты 12 мамыр күні Аудандық мәдениет үйінде әдеби кеш өткізді. Кештің салтанатты ашылуы оқушылар құрамынан құралған оркестрдің орындауындағы "Ерке сылқым" күйімен ашылды. Кеш барысында Төленді Мұстафиннің тектілігіне тоқталып, өлкеміздің бірнеше аудандарында беделді қызмет атқарғанын, орден және медаль марапаттарын ЛЭД экраннан заманауи презентация арқылы хронологиялық өмірінен сыр шертті.
«Домбыра пернесін басып, шек қағу-математика, домбыра пернесін басып әуен шығару –логика, домбыра екі шегін тартып, күйін келтіру-физика, домбыра арқылы күйді сезіну-философия, домбырамен терме айту-құдіретті тіл», - деп бекер айтпаған. Оркестрдің орындауындағы «Балбырауын» күйінің сүйемелдеуімен «Домбыра.Мустафин.Математика» атты сахналық қойылым кештің мәнін ашты.
Клуб жетекшілері математика пәнінің мұғалімдері Айнаева Фаузия Имангабасқызы және Нурланкулова Феруза Маликқызы дарынды оқушыларға бағыт беруде. Республикалық, халықаралық математика пәнінен олимпиадалар мен ғылыми байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болған клуб мүшелерін көпшілік алдына шығарып , сахна төрінен орын алды.
Еліміздің ғылымының өркендеуіне үлес қосып, ел мерейін әлем ғалымдары арасында биіктеткен, қазақ тілінің құдіреттілігін құрметтеген, домбыраның үнімен ой санасқан ұлы тұлға Төленді Ғарифолла есімі мәңгі жаңғырады.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив