16
март
2022
Қазақтың атақты жазушысы Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтың туғанына 120 жыл
Наурыз айының 16 күні Темірбек Қожакеев атындағы № 39 жалпы орта білім беретін мектеп гимназиясында қазақтың атақты жазушысы Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтың туғанына 120 жыл толуына орай мектеп кітапханасында "Қазақ сөз өнерінің майталманы" тақырыбында кітап көрме ұйымдастырылды. Мақсаты: Ұлттық әдебиеттің қалыптасуы мен өркендеуіне үлес қосқан қазақтың ұлы жазушысы Ғ.Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығын, бай әдеби мұрасын насихаттау және таныстыру. Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов-жазушы, әдебиеттанушы,мемлекет және қоғам қайраткері.Қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Жаңа жол ауылында 1902 жылы 22 Наурызда дүниеге келген. Қазақ халқының жазушысы Ғ.Мүсіреповтің қаламынан -"Тулаған толқындар", "Қос Шалкар", "Шұғыла", "Қазак солдаты", "Оянған өлке" шығармалары туындаған. Ғабит Мүсіреповтің шығармашылығында ана тақырыбы айрықша орын алады,ол аналарға арнап он шақты әңгіме, повесть жазды.Ғабит Мүсіреповтің соңына қалдырған мол әдеби мұрасы, терең ойлы, ғұламалық сөздері Тәуелсіз қазақ елімен бірге жасап, өркениет биігіне ұмтылған халқымыздың игілігіне қызмет ете бермек.Оқушылар кітап көрмесімен танысып, өз ойларын білдірді.Ұйымдастырған кітапхана меңгерушісі Макаева А.Т