01
июнь
2022
"Біз темекісіз Қазақстанды қолдаймыз" атты акция өтті.
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясында 31 мамыр күні "Біз темекісіз Қазақстанды қолдаймыз" атты акция өтті. Акцияға СӨС дәрігері Адешова Халбибі .Жексенбіқызының алғы сөзімен бастап, Флешмоб, "Темекісіз Қазақстан", "Мен темекісіз Қазақстанды қолдаймын. Ал сен?" атты хәштегімен, Өлең жолдарымен, Асфальтқа сурет салу байқауымен өткізіліп, марапатталды.
Акцияның мақсаты: Халықтың темекі шегуден саналы түрде бас тарту және жауапты денсаулық сақтау мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, жасөспірім кезіндегі құрдастардың ықпалының маңызы зор, дәл осы жаста балалар өте осал және зиянды мінез құлыққа оңай беріледі, балалардың темекіден бас тарту арқылы денсаулығын сақтауға және нығайтуға уәждеме қалыптастыруға, темекіге теріс көзқарасты қалыптастыруға, салауатты өмір салтын ұстануға бейімдеу.