10
апрель
2018
« Салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің 20 жылдығына» орайластырылған денсаулық фестивалінің өткізілгендігі туралы анықтама
2017 жылдың қыркүйек айының 9 –ы күні №39 Т.Қожакеев атындағы орта мектеп-гимназиясында Салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің 20 жылдығына орайластырылған денсаулық фестивалі ұйымдастырылды. Денсаулық фестиваліне 1-11 сынып оқушылары, ұстаздар, ата-аналар қатысты. Салтанатты ашылу кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалып, мектеп директоры Қалқабаева Асипа Асанқызы фестивальге қатысушыларды құттықтап, ізгі тілек білдірді. Мектеп оқушылары патриоттық тақырыпта әндер айтып, спорттық флеш-моб биін нақышына келтіре орындады. Флеш-мобтан соң көкке шарлар ұшырылды. Халықаралық, республикалық, облыстық спорттық жарыстар мен байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қызыл кілеммен құрмет алаңына құрметпен шақырылды. Дене тәрбие пәні мұғалімдері жоспарға сай оқушыларға белгіленген спорт алаңында «1,2,3... бой сергітер күш» атты гимнастикалық жаттығулар , «Қызықты спорттық ойын» атты эстафеталық жарыс, ұлттық ойын, марафон т.б спорттық жарыстар ұйымдастырды. Нәтижесінде жеңіске жеткен оқушылар мен сыныптар марапатталды.
« Салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің 20 жылдығына» орайластырылған денсаулық фестивалінен көрініс
« Салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің 20 жылдығына» орайластырылған денсаулық фестивалінен көрініс